Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет174/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   213
Әдiстемелiк жұмыс – педагогикалық кадрлердiң идеялық, ғылыми-теориялық, кәсiби, әдiстемелiк және мәдени деңгейiн көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке-дара жүйелiк жұмысынан құралған күрделi шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесiн басқарудың, педагогтарды жоғары әдiстемелiк мәдениет пен өз еңбегiнiң сапасы мен нәтижесiне талабы негiзiнде тәрбиелеудiң маңызды амал-тәсiлi болып табылады. Оның стратегиялық бағыттарының бiрi – бiлiм беру тәжiрибесiндегi оқушылардың танымдық, ойлау әрекетiн белсендiретiн, терең бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелi әдiстердi шығармашылық түрде меңгеру.
Әдiстемелiк жұмыс педагогикалық тәжiрибемен тығыз байланысты. Халық ағартушылығының көрнектi өкiлдерi Н.К. Крупская, А.В. Луначарский педагогикалық тәжiрибенi өсiп келе жатқан ұрпақ тәрбиесiнiң теориясы мен практикасы дамуының бастаулары деп есептеген. А.С. Макаренконың, С.Т. Шацкийдiң, С.М. Ривестiң, В.Н. Сорока-Росинскийдiң және көптеген басқа да көрнектi педагогтардың ұлы гуманистiк идеялары негiзiнде құралған тәжiрибелерi тәрбиенiң теориясы мен практикасының бiрлiгi, мектептiң қоғамдық мақсат-мүдделерi негiзiнде қызмет етiп, осы мақсат-мүддеге жетудiң дұрыс жолдарын табудың үлгiсi бола бермек.
Әдiстемелiк жұмыстың мазмұны келесi бағыттар бойынша нақтыланады: мұғалiмнiң жалпы мәдени дайындығы, кәсiби-адамгершілік мәдениетi, жалпы мәдениеттiлігі, әдіснамалы? мәдениетi, зерттеушiлiк мәдениетi, диагностикалық мәдениетi, басқару мәдениетi ұзақ уақыт аралығында күрделі мәселе бола алады. Мұғалiмдердiң әдiстемелiк, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болаша?та жеке педагогикалық жүйенiң, іс-әрекеттiң дара стилiнiң қалыптасуына жағдай туғызады.
Қазiргi уақытта педагог-практик ғалыммен авторлық бірлестікте бола алады, олардық қатынасы екі жа?ты құқығы мен мiндеттерiн айқындайтын арнайы келiсiм-шартпен анықталады. Зерттеушi педагогтар мен жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң белгiлi бiр бөлiгi арасында жаңа байланыстар орнай бастады. Ғылым мен практика арасындағы ара қашықтықты азайту қажеттiгi туындады, ал ол, өз кезегiнде, нақты қызмет жасап отырған оқу мекемелерiнде ғылыми лабораториялар құру процесiне жағдай жасайды. Сөйтiп, Қазақстанда Ақтөбе қаласындағы № 12, Тараз қаласындағы № 58 мектеп-лабораториясы, Өскемен қаласындағы дамытушы бiлiм беру Орталығы жанындағы мектеп-лабораториясы құрылды. Осылайша педагогикалық қоғамдастық өз назарын ғылыми бағыттағы практикаға және практикалық бағыттағы ғылымға аударып отыр.
Жаңашыл педагогтар тәжiрибесi, ең алдымен, оқыту әдiстемесiне ғылыми оқытудың нақты бiр бағытының және оны жүзеге асырудың технологияларына үлкен үлес қосады. Дидактикаға бұл тәжiрибе, бiрiншiден, баяндаудың әртүрлiлiгiн нақтылай түсуге, екiншiден, жаңашыл мұғалiмнiң тәжiрибесiн зерттегеннен кейiн кемшіліктерді түсiнуге көмектеседi: оқыту процесiнде оқу материалының мазмұны мен оқушылар бiлiмiн есептеу мен бақылаудың керi байланысы да бар.
Қазiргi жағдайларда қазақстандық мектептiң жаңа моделiн жасау жүрiп жатқан кезде өткеннiң және қазiргi уақыттың жаңашыл педагогтарының тәжiрибесiн арнайы зерттеу керек: олардың тәжiрибесiндегi жаңа бiлiмнiң мазмұны қандай (сапасы, деңгейi), педагогиканың әртүрлi саласы мен тұтас педагогикалық ғылым үшiн педагог жаңашылдардың қосар үлесi қандай. Педагогика әдіснамасының, дидактиканың, тәрбие теориясының, педагогикалық психологияның, жеке әдiстемелердiң жаңашылдық тәжiрибелердің басты назарында болуы керектiгiн анықтау қажет.
Тәжiрибеде жаңа бiлiм болса (оқыту теориясы) тәжiрибенiң мамандандырылған дидактикалық талдауы ғылымды нығайтып, оны анық жетiстiктерi деңгейiнде ұстап тұратынын ескеру керек. Өйткенi, ғылымда iске асырылып жатқан, бiр бiрiне қарсы, сондай-ақ бiрiн бiрi толықтырып тұрған әртүрлi тұжырымдар, ғылыми болжамдар, теориялар, принциптер, қазiргi заманғы және моральды? тұрғыдан ескiрген көзқарастар, ғылыми ережелер және дәстүрлі түсiнiктер, на?ты бiлiмдер мен белгi-шарттары сияқтылар кездеседі. Жаңа педагогикалық құбылыстарды түсiндiрiп, негiздегенде терең және кең көлемде ғылымның өзiндiк рефлексиясы, шынайы, “әрекеттегi” бiлiмді бекітеді. Бұл орайда, теориямен тиянақталған жаңашылдық тәжiрибе дамудың бастауына айналады.
Мектептегi әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру формалары динамикалық. Олар көптеген факторларға байланысты өзгерiп, жаңарады, олардың негiзгiлерi: мемлекеттiң бiлiм беру саласындағы саясаты, заң актiлерi мен құжаттары; мұғалiмдердiң педагогикалық мәдениетiнiң деңгейi, оларды жеке тұлғалық және кәсiби-қызмет көрсеткiштеріні? диагностикалық өлшеуімен анықталған әдiстемелiк сауаттылығы; мектеп ұжымындағы моралды?-психологиялық жағдай, әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырудың материалдық-технологиялық мүмкiндiктерi; мектеп iшiндегi педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, мұғалiмдердiң жаңашылдық ашықтығы мен белсендiлiгi, мектеп басшыларының әдiстемелiк жұмысты орындауға кәсiби дайындығының деңгейi; мектеп ұжымындағы нақты моральды? жағдай (мұғалiмдер арасындағы, мұғалiмдер мен оқушылар арасындағы, мұғалiмдер мен басшылық арасындағы қатынастар).
Осылайша, әдiстемелiк жұмыстың мазмұны қазiргi мектептiң өзектi мiндеттерiмен анықталады. Бұл мiндеттер мұғалiмдердiң әдiстемелiк жағынан жетiлуi және олардың өздігінен білімін көтеруі, маман педагогтардың шығармашылық өсуiнiң барысында жүзеге асады.
Мұғалiмдердi мерзiмді аттестациялау олардың әдiстемелiк деңгейiнiң өсуiне, шеберлігіне жағдай жасайды. Аттестациялау – бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң мамандығының, педагогикалық кәсiбилiгi мен іс-әрекетi деңгейлерiнiң жалпы бағасы. Аттестация мақсаты – бiлiм беру қызметкерлерiнiң кәсiби, мамандығының өсуiн, еңбегiнiң нәтижелі болуына жағдай жасайтын, еңбек ақысын саталауды бағалаудың тиiмдi жүйесiн құру. Мұғалiмдер аттестациясы педагогикалы? еңбектiң нәтижелiлiгi және оқу-тәрбие процесiнiң сапасының сараптамалық бағасы негiзiнде жүргiзiледi.
Аттестацияның келесi принциптерi: сараптамалық бағалардың ерiктiлiгi, ашықтығы, жүйелiлiгi және тұтастығы, ол педагогикалық қызметкерлерге деген объективтi, дұрыс, ұқыпты және игi ниеттi қатынасты қамтамасыз етедi.
Аттестация нәтижесiнде мұғалiмге белгiлi бiр категория берiледi. Сондай-ақ, мұғалiмнiң мамандықты көтеру курсындағы педагогикалық бiлiм алуы және ұстаздық іс-әрекетi де ескерiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет