Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет177/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   213

Жоспар


  1. Жоспарлау басқару қызметінің бірі ретінде.

  2. Жоспардың талданған бөлімін дайындау.

  3. Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны.

  4. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын дайындау.

  5. Мектеп құжаттамасының басқа түрлері.

Негізгі ұғымдар: мектепті басқару, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспар түрлері, мектеп құжаттамасы.
Басқа пәндермен байланысы: психология, ақпарат және басқару теориясы.
Жоспарлау басқару қызметінің бірі ретінде. Басқарудың жалпы әдісі іс-әрекеттің мақсатын және бағдарламасын жүзеге асыратын, оның іс-әрекетінің тәртібін реттейтін, жүйенің белгілі құрылымын сақтауын қамтамасыз ететін, ұйымдасқан жүйенің элементі болып табылады. Соңғы жылдары «менеджмент» термині жиі қолданылып келеді, ағылшын тілінен аударғанда «басқару» дегенді білдіреді. Теория мен практикада басқарудың мынандай түрлерін бөліп көрсетеді: іс-әрекеттің жағдайын талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекеті, ынталандыру, шешімді орындалу процесін бақылау және реттеу әрекеттің қорытындысынан шығады.
Тиімді де нәтижелі басқару үшін аталған қызметтердің барлығының үйлесімді өз ара әрекеттестігін қамтамасыз ету қажет, олардың біреуін орындамау тұтастай ұжым іс-әрекетінің нәтижелеріне әсер етеді. Барлық басқару қызметтерінің үйлесімді өз ара байланысы жоспарлауға негізделеді. Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын құру) дегеніміз іс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау. Тиімді жоспарлау дегеніміз:
- жұмыс жай-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне объективті баға беру;
- алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
- алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдарды айқындау, оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.
Бұлардың барлығы басқару жүйесіндегі істің жай-күйі туралы объективті ақпараттың болуын талап етеді. Ақпарат дегеніміз басқарылатын жүйенің жай-күйін сипаттайтын, сондай-ақ оны дамыту мен жақсарту үшін қолданылатын пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы. Ақпараттың көлемі мен мазмұны жүйе іс-әрекетінің мақсатымен, негізгі бағыттары мен аумағымен анықталады. Бағытына қарай олар төмен және жоғары бағытталған ақпарат болып бөлінеді. Төмен бағытталған ақпараттар басқару субъектісінің басқарушылық іс-әрекетін көрсететін ақпараттар (нормативті, жоғары тұрған органдардың, соның ішінде білім беру органдарының ұйымдастырушылық-бұйрықтық құжаттары). Жоғары бағытталған ақпарат басқарылатын жүйенің жай-күйін сипаттайды (есеп берулер, тексеру нәтижелері бойынша анықтамалар, мектеп ішіндегі күнделікті ақпарат). Басқару іс-әрекеті үшін ақпараттың екі түрі де өте маңызды. «Басқарудың нәтижелі болуы, негізінен, қажетті ақпараттың болуына, басқарушылық шешімдерді дер кезінде және сапалы түрде қабылдай алынуына және тұтас білім беру жүйесінің мониторының ұйымдастырылуына байланысты» (Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту Тұжырымдамасы).
Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқару іс-әрекет сияқты, барлық іс-әрекеттің негізді жоспарлануын талап етеді. Мектептегі ең маңызды жоспар мектептің жылдық жұмыс жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің жетекші құжаты болып саналады. Онда мектеп іс-әрекетінің барлық жақтары қамтылып, олардың бірлігі, ішкі және сыртқы байланыстары мен өзара тәуелділігі есепке алынады. Мектепте жұмыстың нәтижелі болуы жылдық жоспардың терең ойластырылуына, негізді және мақсатты болуына байланысты.
Мектептің жылдық жұмыс жоспары мына қағидалар негізінде құрастырылады;
а) жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, жалпы білім беру жүйесі мен жекелеп алғандағы мектептің дамуының тенденциялары мен болашағын ескере отырып құрастырылуы қажет.Жоспардың мақсаттылығы бұл принципті жүзеге асыру үшін. Жоспар педагогикалық жағынан мақсатты болуы қажет,
ә) үйлесімді де қолайлы жоспардың құрамында алға қойылған мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті мөлшері болуы қажет. Бұл принцип жоспардың шынайы болуына, мектеп ұжымының іс-әрекетінің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдауға, жоспардың құрамды бөліктерінің мақсатты түрде өзара қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған,
б) жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шараларды жүргізу қажет, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге кім жауап беру керек, оның мерзімі, орны мен уақыты нақты көрсетілуі қажет. Белгілі бір міндеттерді табысты шешуге жағдай жасайтын нақтылы шарттардың есепке алынуы қажет. Нақтылық принципін жүзеге асыра отырып жоспардың қажетті нақтылығын қамтамасыз етед.
в) Жоспардың болашағы. Жоспарда жуық арадағы мақсат міндеттерімен қоса, жоспардың алыс, жақын болашақтың болашағы да көрініс табуы қажет. Жоспарда мектеп жұмысының келер жылдары да алдына қойылатын оқу-тәрбие міндеттері ескерілуі қажет,
г) Ұжымдық принципі. Мұғалімдердің, тәрбиешілердің, мектептің басқа да қызметкерлерінің жоспарды талдау мен құруға белсенді түрде қатысуын қарастырады. Мектеп жоспары ұжымдық шығармашылықтың жемісі болуы қажет, алайда ол ұжымның әрбір мүшесінің жеке дара жауапкершілігін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет