Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты


Әдебиет көздерін оқып білу зерттеу



бет35/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   213
1. Әдебиет көздерін оқып білу зерттеу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет