Әлеуметтік құбылыс(социальное явление)-қоғамдық өмірдің ішкі мәнін ашатын нақты сыртқы көрінісі ретіндегі деректер, оқиғалар ,барыстар жиынтығы. Әлеуметтік шындықтың теориясын,оның зерттейтін заңдарымен заңдылықтарын ұғынып алу танысу субьектінің құбылыстар мәніне енуі болып табылады. Бұл өзара тығыз байланысты құбылыстар мәніне енуі болып табылады, нақты оқиғаларды , деректерді, барыстарды талдау арқылы жүзеге асып, нәтижесінде адам қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтары жөнінде қорытындағы келеді және оларды тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу мүмкіндігіне ие болады.
Әңғімелесу(собеседование)-мектепте оқыту барысын ұйымдастырудың құрамды бөлігі,белгілі бір тақырыпты игеру мақсатына жетудің жолы. Әңгімелесу мақсаты оқушылардың әдебиеттерімен өз беттерімен жұмысында қиындық тудыратын келелі мәселелерді терең зеттеу үшін мұғалім басшылығымен ұжым болып талқылау. Әңгімелесу арқылы ұжым болып талқылап оқытуды ұйымдастырудың басқа турлерінде оқушылардың алған білімін жинақтауға, айқындай тусуге,бекітуге көмектеседі.
Әңгімелесу барысында оқушылардың білімін тексеруге үлкен көңіл бөлінеді, бірақ оның бұл бақылау қызметі білім беру мен оқыту қызметінен басым туспеуі қажет. Мұғалімнің міндеті ұждымдық талқылау арқасында әрбір оқушының оқу материалын игеуіне қол жеткізу болып табылады. Білімді тексеру осы мақсатқа бағындырылады. Жақсы ұйымастырылған әгімелесу тақырыптық күрделі сұрақтарды түсінуіне ғана емес оқу ісінде бақылау және өзіндік өзі бақылаудың да құралы бола алады. Сөйлеген оқушылардың сөз сапасынан, олардың талқылау барысындағы белсенділіктерінен кімнің өтілген материалды қалай игергенін, қандай әдебиеттерді оқығанын біліп, осыған байланысты әр оқушының іс-әрекетіне қандай тузетулер енгізуді анықтауға болады.
Әсемдіктану(эстетика)-табиғатта, қоғамда, адам іс-әрекетінде, әсіресе өнерде заттардың және құбылыстардың мәні мен дамуының заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым. Ақиқатты адамның тануы құбылыстар сырына тек ақыл арқылы ену емес. Ақиқат адамдарға түйсік арқылы беріледі, көңіл күй сезімінен біртұтас қабылданады. Біздің танымымыз ақиқатты сезімдік ұғым бейнелі көңіл-күй сезімі арқыла қарқынды турлендіруші барысы болып табылады . Әлемнің барлық құбылыстары мазмұны мен түрдің белгілер қатынасының түйінді өмір суреді. Заттың немесе құбылыстың жетілгендігі, идеялық мазмұны мен түрінің үндестік бірлігінің сәйкестігі адамға әсемдіктің ляззатын алып келеді.