Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет153/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   213
Тәжiрибелiк бақылау әдiстерi көбiнесе кәсiптiк мектептерде (техникалық, медициналық, педагогикалық бiлiм беретiн) қолданылады, өйткенi бұл әдiс негiзiнде оқушылар лабораториялық сынақтар жүргiзедi, бұйымдар жасайды, аппарат монтаждайды.
Дидактикалық тестер оқыту нәтижелерiн тексерудiң ең жаңа әдiсi (амалы) болып табылады. Дидактикалық тест дегенiмiз – белгiлi бiр материал бойынша оқушылардың оны меңгеру дәрежесiн анықтайтын стандартты тапсырмалар жиынтығы. Тестердiң артықшылығы оның шынайылығында, яғни бiлiмдi тексеру мен бағалаудың мұғалiмге байланысты еместiгiнде. Тестердiң төрт түрi бар:

  • Оқушының есте сақтау мен еске түсiру керек деректердi, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәлiметтердi бiлетiнiн тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктивтi жауаптар талап етiледi.

  • Алынған бiлiмдер негiзiнде ойлау қызметiн орындай алуын тексеру, бұл, негiзiнде, типтiк мiндеттердi шеше алу.

  • Өткен тақырыптарға өзiндiк сын баға бере алуы.

  • Бiлiмдердi алынған мәлiметтер негiзiнде жаңа нақты жағдайларда қолдана білуі.

Бақылау мен тексеру оқушының артта қалуының себептерiн ашуға мүмкiндiк бередi. Оқушының артта қалу себептерiнiң үш тобын ажыратуға болады:

  1. Әлеуметтiк-экономикалық – жанұя әл-ауқатының нашар болуы, жанұядағы жалпы бейберекет ахуал, араққұмарлық, ата-ананың педагогикалық сауатсыздығы. Қоғамның жалпы жай-күйi де балаларға әсер етедi, бiрақ ең бастысы – жанұя өмiрiндегi кемшiлiктер.

  2. Биопсихикалық сипаттағы себептер – мұрагерлiк ерекшелiктер, қабiлеттiлiк, мiнез-құлық белгiлерi. Алғы шарттардың ата-ана арқылы берiлетiнiн, ал қабiлеттiлiк, әуестiк, мiнез-құлықтың осы алғышарттар негiзiнде өмiр жолында дамитынын ескеру керек. Денi сау болып туған балалардың бәрiнiң әлеуметтiк, жанұялық ортаға және тәрбиеге байланысты даму мүмкiндiктерi бiрдей екенi дәлелденген.

  3. Педагогикалық себептер. Педагогикалық салақтық көбiнесе қателiктердiң, мектеп жұмысының төмен деңгейiнiң нәтижесi болып табылады. Оқыту, мұғалiм жұмысы – оқушы дамуындағы шешушi фактор. Педагогтың өрескел қателiгi оқушының оқыту процесiнде алынған және кейде тiптi арнайы психотерапиялық көмек керек ететiн психикалық дамуына әсер етеді.

Алайда бұл оқудағы сәтсiздiктiң жалғыз себептерi емес, оның басқа да себептерi бар, мысалы, оқытудың қатал да бiрбеткей жүйесi, оқытудың әдiстерi мен формаларындағы бiркелкiлiк пен стереотиптiлiк, эмоциялардың бағаланбауы, оқытудың мақсатын айқындай алмау және нәтижелердi бақылаудың тиiмдi жолының болмауы, оқушылардың дамуын ескермеу, үстiртiн сабақ жүргізу. Осылайша мұғалiмнiң дидактикалық, психологиялық, әдістемелік жағынан жете бiлмеушiлiгi оқудағы сәтсiздiктерге әкеледi.
Үлгермеушiлiктiң дидактикалық себептерiн жоюдың да амал-тәсiлдері бар:
а) Педагогикалық алдын алу – орынды педагогикалық жүйелер iздеу, соның iшiнде, оқытудың белсендi әдiстерi мен формаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, компьютеризацияны, т.б. қолдану.
ә) Педагогикалық диагностика, оқыту нәтижелерiн жүйелi бақылау мен бағалау, қиыншылықтарды дер кезiнде айқындау ретiнде.
б) Педагогикалық терапия – оқудағы артта қалушылықты жоюдың шаралары.
в) Тәрбиелiк ықпал ету – жеке-дара жоспарлы тәрбиелiк жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет