Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шахтинск қаласы №5 гимназиясы жоба «Қазақ тіліндегі әйел қОЛӨнеріне байланысты халықТЫҚ лексиканың этнолингвистикалық сипаты»


Жел арқан жел соғатын жаққа қағылған, кей жерде күйеу қазық



бет15/25
Дата06.02.2022
өлшемі140 Kb.
#81607
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Жоба для выступления 2

Жел арқан жел соғатын жаққа қағылған, кей жерде күйеу қазық деп аталатын қазыққа мықтап байланады. Өйткені бұрынғы салт бойынша ұрын келетін күйеу жел көп соғатын ауылдың сырт жағымен келетін болған.
Жіп дегеніміз жүннен есілген кішігірім арқанша. Жіп әр уақытта да қандай шаруаға болса да жұмсала береді және ешбір затқа ұзақ уақытқа тұрақты байланып бекіп қалмайды. Ондай жіп түрлеріне мынадай бұйымдарды жатқызуға болады: бас жіп – мал байлауға арналған жіп, өре жіпаттың аяғына өре салатын жіп, тең жіп – теңді буып қоятын жіп, тұсау жіпаттың екі аяғынан байлап, тұсап қоятын жіп, тіз жіп – түйені тіздейтін (тізерлеп байлайтын) жіп (тізде, тізе сөздерінің түбірі – тіз), үзеңгі жіп – түйеге ерсіз мінгенде аяқты салып отыратып, үзеңгі орнына қолданатын жіп, күрде жіп – бие сауғанда бір аяғын мойнына аса байлап қоятын жіп, яғни биені күрделеуге арналған жіп, бұғалық жіп – жылқыны бұғалықтауға арналған жіп, т.б.
Бұлардан басқа эстетикалық қызмет атқаратын бау-шу, басқұрлардың түрлері болған. Мәселен, аяқ бау, қызыл басқұр, ақ басқұр, үзік бау, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет