Төле би (1663-1722)
Төле би - қазақ халқының Коғам қайраткері, атақты шешен. Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би 15 жасында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылады. Ол кездс қазақ пен жоңғар хандары үдайы жауласуда сді. Қазақ қауымын біріктіріп, оларды жоңғар езгісінен азат етуде ол Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Жөнібек батырлармен халық майданын қүрып, оны басқарды. Абылайды бүкіл қазаққа хан етіп сайлауда кеп қызмет етті.
Орта жүздің аға биі Қазыбек, Кіші жүздің биі Әйтекемен бірге Өз Тәуке ханның кеңесшісі болып, «Жеті жарғы» әдет заңын шығарды. Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек халықтарынан жауынгер құрып, жоңғар - ойрат шапқыншылығына қарсы тұруға істеген шараларына көмектесті. Халық оны көзі тірісінде «Қарлығаш әулие» деп атаған.
Төле би Ресей мен Ұлы жүз арасындагы қарым-қатынастарды қалыптастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді.
Ел аузында Теле би туралы тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік кесімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі билік еткенде Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларына ғимараттар салу ісіне де араласқан. Төле бидің есімі үш жүздің ірі-ірі тарихи оқиғаларымен байланысты болған.
Төле бидің денесі өзі 12 жыл билеген Ташкент қаласында жерленген. Онда Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған. Алматыда оның атында көше бар және Астанада оған ескерткіш орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: |