Жылутехникалық есептеуге мысал: Бастапқы деректер: Құрылыс ауданы - Курск. Ылғалдылық аймағы –қалыпты Есептiк қысқы температура, өте суық бес күндiктiктiң температурасына тең: t н = -26 оС.
Iшкi ауаның есептiк температурасы: t в = 18 оС.
Ауаның салыстырмалы ылғалдығы: 60%.
Бөлмелердiң ылғалдық режимі - қалыпты.
Қалыпты ылғалдылық аймағындағы пайдалануды деңгейі: Б
Iшкi қабырғалар үшiн в = 8,7 Вт/м2·˚С
Қысқы жағдайлардағы сыртқы қабырға үшін жылу беру коэффициенті н = 23 Вт/м2·˚С
Сыртқы қоршаушы құрылымдардың сыртқы беті жағдайына байланысты сыртқы ауаға қатынасы коэффициент: П = 1.
Iшкi ауаның температурасы мен қоршаушы құрылымдардың iшкi беті температурасының аралығында нормативтiк температуралық құламасы Δtн = 6 оС.
Қабырға қабаттардан тұрады:
1. Цементтік-құмды сылақ:
= 1800 кг/м3; = 0,93; S =11,091.
2. Біртұтас силикат кірпіш:
= 1800 кг/м3; = 0,81; S = 10,92
3. Цементтік-құмды сылақ:
= 1800 кг/м3 = 0,93 S =11,091.
Формула бойынша жылу беруге тиiстi кедергiнi анықтаймыз:
Кірпіштен қаланған қабат қалыңдығын анықтаймыз
Кірпіштен қаланған қабат қалыңдығын =0,64 мтең етіп қабылдаймыз
Формула бойынша тексереміз:
Д = R1S1 + R2S2 + … + RnSn , где Rn = n/n
; ;
Д = 0,016111,091 +0,7910,92 +0,021511,091 = 9,04
Шатты қанағаттандырады Д>7.
Осыдан қабырға қалыңдығы болады:
= 1+2+3 = 0,015+0,64+0,02 = 0,675 м
Кiрпiшті қалау қалыңдығын бiржолата 640 мм тең етіп қабылдаймыз.
3 Қоршау конструкцияларының ылғалдық кезеңін
Ылғалданған материалдардың жылу өткізгіштігі жоғары, ал конструкциялардың жылу беру кедергісі төмен болғандықтан қоршау конструкцияларының ылғалдық кезеңі жылуқоршау қабілетіне әсер етеді. Ылғалданған материалға конструкциялардың шыдамдылығы байланысты. Ылғалданған конструкция аяздан,коррозиядан және т.б. тез қирайды. 1 м3 ауада болатын ылғал мөлшері граммен абсолютті ылғалдылық деп аталады.
Ауаның ылғалмен қанығу дәрежесінен оның қатынасты ылғалдылығы φ анықталады.
Қатынасты ылғалдығы – φ – су буының парционды қысымы – е ауалық ортада парционды қысымның максималды шекті мәнінде қарастырылатын, осы орта температурасына сәйкес келетін, % көрсетілген:
е
φ =___100%
Е
φ – есептеу үшін жылуберу кедергісін, қабырғаның қоршаушы конструкцияларын анықтайды - Ro, содан кейін қабырғаның ішкі бет температурасын - τв табады:
tв - tн
τв = tв – ______ Rв
Ro
мұнда Rв = 0,133 грд. м2 ч/ккал (0,1/4 Со/ Вт)
Ro және τв анықтағаннан кейін және ҚНжЕ кестесінен е - τв және Е - tв жазып, ақырғы рет – φ анықтайды.
Бөлменің ылғалдық режимі болуы мүмкін:
құрғақ φ< 50%;
қалыпты φ= 50÷60%;
ылғал φ= 61÷75%;
сулы φ>75%;
№5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Қабырға ғимараттың қандай конструктивті элементі?
Қабырғаларға қандай талаптар қойылады?
Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есепте қалай жүргізіледі?
Қоршау конструкцияларының ылғалдық кезеңі деген не?
Қоршау конструкцияларының ылғалдық режимін есептеуді қалай жүргіземіз?
Зертханалық-практикалық сабақ 6
Қасбет. Тұрғын ғимараттардың жоспары мен қималары
Сабақтың мақсаты: Қоршау конструкцияларының ылғалдық кезеңін есептеуді үйрену.
Сабақ жоспары:
Қасбеттер
Тұрғын ғимараттың жоспары
Тұрғын ғимарат қимасы
Жоспарда көрсетілуі тиіс:
Ғимараттың координационды өсі, шеткі өспен өс арасындағы арақашықтық.
Қабырға қоршау қалыңдығы олардың координационды өспен ілінісуі.
Проем (терезе, есік) өлшемдері және оларды маркерлеу.
Бөлме өлшемдері ( екі бағытта – ені, ұзындығы). Төменгі оң жақта бөлме ауданы көрсетіледі.
3 Тұрғын ғимараттың қималары
Қималарда кіргізеді және көрсетеді:
1 Ғимараттың координационды өстері және олардың шеткі өстермен арақашықтығы.
2 Жер деңгейінің, таза еденннің, қабаттар және алңдардың белгілері.
3 Жамылғы көтеруші конструкциясының төменгі белгісі.
4Ққабырға қалыңдығы және олардың координационды өстемен байланысуы.
5 Проем және тесік биіктігі бойынша байланысу және өлшемдері.
№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Қасбет дегенді қалай түсінесіз?
Ғимарат жоспары деген не және сызбада қалай көрсетіледі?
Қима дегенді түсіндіріңіз
Зертханалық-практикалық сабақ 7
Азаматтық ғимараттың жабындары және едендері.
Олардың конструктивтік шешімдері
Сабақтың мақсаты: Азаматтық ғимараттың жабыны мен едендерімен танысып, олардың конструктивті шешімдерін оқып үйрену.
Сабақ жоспары:
1 Азаматтық ғимараттардың жабыны және едендері
2 Жабын мен еденнің конструктивті шешімдері
Жабын және жамылғы жоспары – бұл жабын немесе жамылғы плиталарын монтаждаудан кейін сыртқы және ішкі көтеруші қабырғаларға орналастыру.
Жабын және жамылғы жоспарында көрсетеді:
- координационды өстерді, олардың арақашықтықтары;
- көтеруші қабырғалардың координационды өске байланыстыру.
№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1 Жабын дегеніміз не?
2 Жабын мен жамылғы айырмашылығы неде?
Зертханалық-практикалық сабақ 8
Қабат аралық жабындылар. Түрлері және төбеден суды аластау. Жаңартылған жабындылар түрлерінің конструктивті шешімдері
Сабақтың мақсаты: Шатыр түрлерімен танысып, шатырдан суды ағызуды қалай орындауды білу. Қазіргі кездегі шатырдың конструктивті шешімдерімен танысу.
Сабақ жоспары:
1 Қабат аралық жабындылар. Түрлері және төбеден суды аластау.
Жаңартылған жабындылар түрлерінің конструктивті шешімдері
Шатыр жоспары
№8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Шатыр дегеніміз не?
2. Шатыр жоспары деген не?
Зертханалық-практикалық сабақ 9
Есіктер. Түрлері және қойылатын талаптар
Сабақтың мақсаты: Есік түрлерімен және оларға қойылатын талаптарды оқып, олармен танысу.
Сабақ жоспары:
1.Есіктер
2.Есіктерге қойылатын талаптар
Сурет 9.1. Есік конструкциялар: а-тас қабырға ойықтарындағы қорап, б-сол сияқты, қоршау ойықтарында, в- қалқанды есік матасы, г-сол сияқты, филенкалы, д-рамкалы қалқанды мата бөлшектері, е-сол сияқты, рамкасыз; ж,з-тақтайлы филенка; и-тақтайлы орналасу ерекшелігімен; к-балқытылған; л-бұсталық буатты; м-сол сияқты, планкалы; 1-маңдайша; 2- тумбочка; 3-столярлық плита; 4-беттік фанера; 5-рамка; 6-маңдайша; 7-қорап; 8- желімдегі нагель; 9-филенка; 10-орналасу; 11- өаспақ; 12-буат; 13-планка.
№9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Есіктің негізгі түрлері. Қабырғаларға есіктерді орнату ерекшелігі.
2. Қалқанды және филенкалы есік конструкциялары
Зертханалық-практикалық сабақ 10
Терезелер. Бөлменің жарықтануын есептеу
Сабақтың мақсаты: Терезе конструкцияларымен танысып,бөлменің жарықтануын есептеуді үйрену.
Сабақ жоспары:
Терезе. Конструкциялары және оларға қойылатын талаптар.
Бөлменің жарықтануын есептеу
Жарықтану табиғи, жасанды және біріктірілген болады.
Табиғи жарықтану – күн көзі. Жасанды жарықтану көзі – электрлік лампалардан түсетін жарық.
Тәжірибеде бөлменің табиғи жарықтану сипаты ретінде қатынасты мәнді – табиғи жарықтану коэффициенті (т.ж.к.) қолданады, %:
Е=(Ев/Вн)100,
мұнда Ев – бөлме ішіндегі бет жарықтануы;
Ен – сыртқы ашық бет жарықтануы.
Табиғи жарықтандыруды қажетті дәрежемен қамтамасыздандыру үшін шарт сақталады
е≥ентр
мұнда ентр – жарықтану климатына тәуелді табиғи жарықтанудың қалыпты қажетті коэффициенті және т.б.
ентр = е · м · с
мұнда е – т.ж.к. мәні, % (ҚНжЕ);
м – ғимарат орналасқан районға байланысты жарықтану климат коэффициенті, кесте.
С – кесте бойынша анықталған климаттың күнді коэффициенті.
№10 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1. Терезе түрлері және олардың конструктивті шешімі.
2. Терезе өлшемі қандай факторларға байланысты?
3. Витрина және витраждар түрлері. Олардың конструктивті шешімдерінің ерекшеліктері.
Зертханалық-практикалық сабақ 11
Баспалдақтар және пандустар. Түрлері және негізгі қойылатын талаптары.
Сабақ мақсаты: Баспалдақтар мен пандустар конструкцияларымен танысу.
Сабақ жоспары:
Баспалдақтар
Пандустар.
Баспалдақ марш бұрышын ҚНжЕ бойынша (тағайындалуы және ғимарат қабаттылығына байланысты) негізгі баспалдақ үшін 1:2—1:1,75, ал қосымша – 1 : 1,25 етиіп қабылдайды. Марштағы басқыш саны 18 көп емес, 3 кем емес етіп тағайындалады. Алаң және марш арасындағы өту биіктігі2 м кем болмау қажет. Баспалдақ марш енін берілген уақытта адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз етуді ескере отырып тағайындайды. Сонымен қатар екі қабатты үйде негізгі баспалдақтар маршының кішірек ені 900мм болу қажет, ал қабат саны 3және одан көп болатын үйлерде – 1050 мм. Марш арасында өрт шлангтарын өткізу үшін 100м (жоспарда) саңылау қамтамасыз етілуі тиіс.
Алаң ені марш енінен кем болмау қажет (бірдей өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ету шарты бойынша), сонымен қоса негізгі баспалдақ алаңы 1200 мм кем емес.
11.1 сурет. екі маршты баспалдақ: 1-цокольдік марш;2-қабат алаңдары; 3-қоршау; 4-баспалдақ маршы; 5-қабатаралық алаң; 6-кіру көзі; 7-кіру алаңы.
Мысал. Тұрғын үйдің екі маршты баспалдақ өлшемін анықтау, егер оның қабат биіктігі 3,3 м, марш ені 1,05 м, баспалдақ еңкеюі 1:2 болса.
Басқыш өлшемін қабылдаймыз 150 х 300 мм.
Баспалдақ тор ені
В = 2l + 100 = 2 • 1050 + 100 = 2200 мм.
Бір марш биіктігі
Н/2 = 3300/2 = 1650 мм.
Бір марштағы басқыш асты саны
п= 1650/150= 11.
Бір маршта басқыш арасы басқыш астына бір санға кем болады, себебі жоғарғы басқыш арасы баспалдақ алаңында жатқандықтан:
п-1 = 11-1 = 10.
Орналастыру деп аталатын марштың көлденең проекция ұзындығы тең болады
а = 300(n- 1) = 300 • 10 = 3000 мм.
Аралық алаң енін қабылдаймыз с1 = 1300 мм, қабатьық с2 = 1300 мм, сонда аламыз, баспалдақ торының толық ұзындығы құрайды
А = а + с1 + с2 = 3000 + 1300 + 1300 = 5600 мм.
Сурет 11.2. баспалдақты бөлу сұлбасы: а – қимада; б - жоспарда
10.2 суретте келесі түрде орындалатын баспалдақтың графикалық тұрғызуы берілген. Қабат биіктігін қабаттағы басқыш асты санына тең етіп бөліктерге бөледі және алынған нүкте арқылы көлденең түзу жүргізеді. Содан кейін көлденең проекцияны (марш орналасуы) біреуінсіз басқыш арасы санына бөледі және алынға нүктелер арқылы тік сызық жүргізеді. Алынған тор бойынша баспалдақ профилін сызады.
№11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Баспалдақ маршы деп нені атайды?
Басқыш арасы деген не?
Баспалдақ торлары негізгі қандай конструкциялардан тұрады?
Зертханалық-практикалық сабақ 12
Пісірілген қосылысты есептеу жолдары
Пісіру тігісінің ұзындығын анықтау
Мысал: С345 болаттан жасалған созылған сырықтың бекітілген жерін есептеу. Сырық екі тең бүйірлі бұрыштардан тұрады 80х7мм, фасонка дәл осындай болаттан жасалған, қалыңдығы t=12 мм (сурет 1.3, б), пісіру жарты автоматты, көмірқышқылды газда, пісіру сымы Св-08Г2С. Сырықтағы күш N = 700кН.
Шешуі:
• кесте 51, 55*, 56 [8.3.3] бойынша Cв-08Г2С сымы бойынша тігіс металының есептік кедергісі Rωt=21,5кН/см2;
• кесте 51 [8.3.3] бойынша 7мм қалыңдықты бұрыш үшін С345 маркалы болатқа Run=490 Н/мм2=49 кН/м2 және (1.4 [2]) формула бойынша Rωz = 0.45⋅49 = 22.05 кН/см2;
• бір бұрышқа келетін күшті анықтаймыз:
N1 = 0.5⋅N = 350кН;
• бүйір және алдыңғы жағындағы тігісте N1 күшін таратамыз
0,7⋅N1 = 0.7⋅350 = 245 кН және 0,3⋅N1 = 0,3⋅350 кН;
• қиманың қайсысы қауіпті екенін анықтаймыз (қосылыстың есептік қимасы):
а) балқу шекарасы бойынша Rωz⋅βz = 22,05⋅1,05 = 22,21 кН/см2, 1,2см қалыңдықты фасонка үшін - Run=37 кН/см2;
б) тігістің металы бойынша βf⋅Rωt = 0,9⋅21,5 = 19,35 кН/м2;
βf және βz коэффициенттері 34* [3] кестесі бойынша алынады, онда βz⋅Rωz =
= 22,21 > βf ⋅Rωf = 19.35, яғни есептік қима тігіс металы бойынша болады;
• фасонканың қалыңдығы 12мм болғанда 38* [3] бойынша тігістің минималды катеті kf,min= 6 мм, ал бұрыштың қалыңдығы 7мм болғанда катеттің максималды мөлшері kf,max= 0,9⋅7 = 6,3мм. Бүйір мен алдыңғы жерінде тігіс катетінің мөлшерін тең етіп аламыз - kf = 6мм;
• ([2] 1.1) формула бойынша тігістердің керекті ұзындығын анықтаймыз:
Бүйір жағында lω1 = 0.7⋅N1/(βf⋅kf⋅Rωf) = 245/(0.9⋅0.6⋅21.5) = 21.1см;
Алдыңғы жағында lω2 = 0,3⋅N1/(βf ⋅kf Rωf) = 105/(0.9⋅0.6⋅21.5) = 9.04см;
• тігістің шекті есептік ұзындығын анықтаймыз
85⋅βf ⋅kf = 85⋅0,9⋅0,6 = 45,9 см = 459мм > 211мм;
Тігістің ұзындық бойымен біркелкі жұмыс істеуін қабылдаймыз;
• пісірудің шеткі аймақта толық болмауын ескеріп тігістің соңғы ұзындығын қабылдаймыз:
Бүйірінде lω1 = 21,1+1=22.1 см, қабылдаймыз lω1 = 23 см;
Алдында lω2 = 9,04+1 = 10.04 см, қабылдаймыз lω2 = 11 см.
Сурет 1.3.
К расчету сварных соединений
№ Варианта
|
Сталь
|
Уголок
|
Толщ. фасонки
|
Усилие в стержне
|
1
|
С235
|
50
|
8
|
620
|
2
|
С245
|
56
|
9
|
640
|
3
|
С255
|
63
|
10
|
700
|
4
|
С285
|
70
|
12
|
750
|
5
|
С345
|
75
|
12
|
800
|
6
|
С375
|
80
|
13
|
690
|
7
|
С235
|
90
|
13
|
900
|
8
|
С255
|
100
|
14
|
1000
|
9
|
С285
|
70
|
10
|
600
|
10
|
С245
|
56
|
9
|
550
|
|
|
|
|
|
№12 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Пісірілген қосылысты есептеу мәні қандай?
Әр түрлі болаттан жасалған созылған сырықтың бекітілген жерін есептеу жолдары.
Зертханалық-практикалық сабақ 13
1. Болттарды таңдау
2. Болттарды беріктікке есептеу.
Болттарды таңдай білу, және беріктікке есептеу.
Мысал: С245 болатынан жасалған қимасы 500х12мм екі беттің қосылуын жобалау (сурет 1.4). Болттардың дәлдік класы В. Қосылыста созу күші N=1000 кН әсер етеді.
Шешуі:
• болат С245 үшін:
Есептік кедергі Ry=24 кН/см2 (кесте 51* [3]);
Жұлуға уақытша кедергі Run=37 кН/см2 (кесте 51* [3]);
Жаншылуға есептік кедергі Rbp=46 кН/см2 (кесте 51* [3]);
• қосылысты симметриялық етіп екі 8мм бетті салу арқылы жобалаймыз.
• беріктік классы 5.8 болтты таңдаймыз (кесте 58* [3]):
Кесілуге есептік кедергі
Rbs=0.40⋅ Rbun=0.40⋅50=20 кН/см2;
• болт диаметрін қабылдаймыз db=20 мм;
• γb=0.9 көп болтты қосылыс үшін (кесте 35*[3]), γc=1.0;
• (1.8 [2]) формула бойынша бір болттың кесілуге қабылдайтын күшін анықтаймыз
Nb'= (20⋅0.9⋅3.14⋅22⋅2⋅1)/4=113.04 кН;
• жаншылуға (1.9 [2]) формула бойынша Rbp=1.35⋅Run=1.35⋅37=50 кН/см2
Болғанда Nb''=50⋅0.9⋅2⋅1.2⋅1=108 кН;
• Σt=12 мм (беттер қалыңдығы 2⋅8=16 мм, яғни қосылатын беттерден қалың);
• сондықтан болттардың керекті санын жаншылу шартынан анықтаймыз,
Өйткені Nb,min=Nb''b'. Жарты бетте керекті болттар саны:
n=N/Nb,min=1000/108=9.26,
• үлкен жаққа дөңгелектеп 10 етіп аламыз, яғни екі қатарда 5-те болады.
• беттің тесіктермен әлсізденуінен көтергіш қабілетін тексереміз.
Қабылдаймыз γc=1,1, тесіктер диаметрі d=23мм (В класы үшін);
Онда келесі шарт орындалуы қажет
N= Ry⋅An⋅γc немесе 1,2 ⋅ (50 - 5 ⋅ 2,3) ⋅ 24 ⋅ 1,1 = 1220 > 1000 кН,
Беріктік қанағаттандырарлық болып шықты.
Беттердің қимасын тексеру қажет емес, өйткені екі беттің Аn-ы қосылатын элементтердің ауданынан үлкен.
Сурет 1,4.
К расчету болтовых соединений
№ Варианта
|
Сталь
|
Размер листов, мм
|
Раст. усилие в стержне
|
1
|
С235
|
500*12
|
1100
|
2
|
С245
|
600*13
|
1200
|
3
|
С255
|
500*10
|
1000
|
4
|
С285
|
700*13
|
900
|
5
|
С345
|
700*14
|
1250
|
6
|
С375
|
750*12
|
1300
|
7
|
С235
|
600*13
|
1000
|
8
|
С255
|
620*14
|
1100
|
9
|
С285
|
700*9
|
1200
|
10
|
С245
|
500*8
|
1000
|
|
|
|
|
№13 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
...
С245 болатынан жасалған қимасы 500х12мм екі беттің қосылуын жобалау жолдары.
Болттарды беріктікке есептеу жолдары.
Зертханалық-практикалық сабақ 14
Болатты арқалықты конструкцияны есептеу
Металды жабыны бар арқалықты алаңды жобалау.
2. Болатты арқалықты конструкцияны есептеу
Металды жабыны бар арқалықты алаңды жобалауды үйрену.
Мысал: Қалыңдығы tн=10 металды жабыны бар арқалықты алаңды жобалау керек тор өлшемі 18х6м (сурет 2.4).
Нормативті тең таралған жүктеме Рn=20 кН/м2, коэффициент γƒ=1.2, арқалық материалы С235, Rу=23 кН/см2 , γс=1, шектік иілу [ƒ/l]≤1/250.
Шешуі:
• арқалықты тордың компоновкасының екі түрін қарастырамыз: бірінші – кәдімгі, және екіншісі күрделі (2.4, а және б):
• бірінші нұсқау:
Жабын арқалығының арасын 120см деп қабылдап басты арқалықтың аралығын 15 тең аралыққа бөлеміз;
tн=10 мм болғанда жабын салмағын табамыз
qн=1⋅0.785=0.785 кН/м2;
онда жабын арқалығына түсетін нормативті жүктеме
qn=(Рн+qн)⋅а=(20+0.785)⋅1.2 = 24.94 кН/м = 0.2494 кН/см;
есептік жүктеме q=(γƒ⋅Рн+γƒ⋅qн) = (1.2⋅20+1.05⋅0.785)⋅1.2 = 29.79 кН/м;
есептік ию моментін табамыз:
М=q⋅ℓ2/8=29.79⋅62/8=134.04 кН⋅м;
Керекті кедергі моменті (2.14 [2]) бойынша сх=1.1 болғанда
Wn.треб .=530 см3;
1 – жабын арқалығы; 2 – көмекші арқалық; I – жүктеме; II – есептік сұлба;
а – кәдімгі түрі; б – күрделі түрі
Сурет 2.4.
Сортамент бойынша I33 ГОСТ 8239-89* Wx=597 см3 қабылдаймыз;
Jx=9840 см4; q=42.2 кг/м; b=140 мм. Wх>Wn, треб., болғандықтан беріктігін тексеру қажет емес;
(2.19 [2]) бойынша арқалықтың иілуін тексереміз
сонымен, арқалық қимасы беріктік шартына және иілуге сәйкес болып тұр. Жалпы орнықтылықты тексеру қажет емес, өйткені олардың қысылған белдіктері жабынмен бекітілген.
1 м2 аражабынға кететін металл шығынын табамыз:
1.0⋅78.5+42.2/1.2=113.7 кг/м2.
• екінші нұсқа:
Жабын арқалығының қадамы а = 600/6 = 100 см, аралық ℓ = 4.5 м;
Нормативті және есептік жүктемені табамыз:
qn = (20+0.785)⋅1.0 = 20.78 кН/м = 0.2078 кН/см;
q = (1.2⋅20+1.05⋅0.785) = 24.82 кН/м = 0.2482 кН/см;
Есептік ию моменті және керекті кедергі моменті:
М = 24.82⋅4.52/8 = 62.83 кН⋅м = 6283 кН⋅см;
Сортамент бойынша I24 с Wx = 289 см3 >Wтреб; Jx = 3460 см4 қабылдаймыз;
q = 27.3 кг/м;
арқалық иілуін тексереміз (2.19 [2]) бойынша:
Қабылданған қима беріктік және қаттылық шарттарына жауап беріп тұр. Жабын арқалығынан көмекші арқалыққа түсетін жүктемені тең таралған деп санаймыз, өйткені жабын арқалығының саны 5-н көп.
Нормативті және есептік жүктемені анықтаймыз:
qn = (20+0.785+0.273)⋅4.5 = 94.76 кН/м ≈ 0.95 кН/см;
q = (1.2⋅20+1.05⋅(0.785+0.273))⋅4.5 = 113 кН/м;
Еспетік ию моменті және керекті кедергі моменті:
М = 113⋅62/8 = 508.5 кН⋅м = 50850 кН⋅см;
Сортамент бойынша I55 с Wx=2035 см3>Wтреб.; Jx=55962 см4 қабылдаймыз;
q=92.6 кг/м; bt=18 cм; tƒ=1.65 cм;
иілуін тексереміз (2.19 [2]) бойынша:
lеƒ=100 см, с1х = сх болғанда арқалықтың жалпы орнықтылығын тесереміз:
lеƒ/bt қатынасын табамыз, кесте 8* [3] бойынша.
Қабылданған қима беріктік, қаттылық және орнықтылық шарттарына жауап беріп тұр.
Металл шығыны G=78.5+27.3/1+92.6/4.5=126.38 кг/м2;
• сонымен, металл шығынына қарағанда бірінші нұсқау тиімді болып келеді.
К расчету балочной клетки
№ Варианта
|
Материал балок
|
Толщина настила, мм
|
Размер ячейки, м.
|
Нормативная нагрузка, кН/м2
|
Остальные значения как в примере
|
1
|
С235
|
9
|
16*5
|
20
|
2
|
С245
|
10
|
18*5
|
21
|
3
|
С255
|
8
|
17*6
|
22
|
4
|
С285
|
11
|
15*5
|
23
|
5
|
С345
|
12
|
16*6
|
20
|
6
|
С375
|
10
|
18*5
|
21
|
7
|
С235
|
11
|
16*6
|
22
|
8
|
С255
|
9
|
18*6
|
23
|
9
|
С285
|
8
|
15*6
|
20
|
10
|
С245
|
11
|
16*5
|
21
|
№14 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1.Металды жабыны бар арқалықты алаңды жобалау жолдары.
2. Болатты арқалықты конструкцияны есептеу ережелері.
Достарыңызбен бөлісу: |