Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті



бет2/22
Дата08.07.2017
өлшемі3,03 Mb.
#20828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Структурасы- үлкен тығыздықты бетонның толтырғышының аралары байланыстырғышпен толтырылған; үлкен кеуекті, кіші- және құмсыз; кеуектелген, яғни толтырғышы бар және байланыстырғышы қатқан күйінде кеуектер түзген; ұяшықты, яғни ұяшықтары жасанды түрде жасалған.

  • Тығыздығы бойынша- 2500кг/м3(аса ауыр); 2200- 2500кг/м3(ауыр); 1800-2200кг/м3(ұсақ түйіршікті);500- 2000кг/м3(жеңіл);

  • Толтырғыш түрі – қатты толтырғышы бар, кеуекті; арнайы.

  • Түйіршік құрамы, ірі түйіршікті және ұсақ түйіршікті;

  • Қатаю түрі- табиғи, жылумен өнделген атмосфералық қысымда; автоклавты өңдеу, жоғары қысыммен.

    СНиП 2.03.01 – 84* бойынша ТБ дайындау үшін келесі бетон түрлері қарастырылған:

    • Ауыр 2200- 2500кг/м3(қатты тығыздықты толтырғышы бар);

    • Ұсақ түйіршікті 1800кг/м3-тан аса (ұсақ толтырғышы бар);

    • Жеңіл (кеуекті толтырғышы бар);

    • Ұяшықты, автоклавты және автоклавты емес;

    • Арнайы.

    Бетонның отыруы деп қатаю кезінде көлемінің өзгеруін айтады. Кәдімгі ортада кепкен бетон көлемі азаяды, ал суда кепкен кезде ұлғаяды (3.1 сурет а). Бетон отыруы келесі факторларға байланысты: цемент түріне және үлесіне (цементтің көптігі отыруды көбейтеді), су көлемі (судың көптігі отыруды көбейтеді), толтырғыш ірілігі (құмның көптігі отыруды көбейтеді), қатаю түрі (ылғалда кепкен бетонның отыруы аз болады).

    Отыру қатаюдың бастапқы кезінде қарқынды болады.



    Сурет 3.1. Бетон отыруы

    а- отыру сызаттарының түзілуі, б,в- симметриялы және симметриялы емес армирленген бетонның деформациялары;

    Арматура үлесі және орналасуы отыруға әсер етеді(Сурет 3.1, б,в).



    Бетон беріктігі көптеген факторларға байланысты. Бетон беріктігі күш әсеріне байланысты әртүрлі болады (созылу, қысылу, иілу, жаншылу). Бетон беріктігі келесі шамалармен сипатталады: текшелі беріктік R; призмалы беріктік Rb; созылуға беріктік Rbt; жаншылуға беріктік.

    Бетон маркалары және классы. Бетон классы деп жобалау кезінде бетонның керекті бір сипатының орташа статистикалық мәнін айтамыз. Бетон класстары келесідей болады:

    • В- қысуға беріктік, текшелі беріктік, жобада көрсетіледі.

    • Вt – остік созуға беріктік, керек кезде тағайындалады

    Бетон маркалары деп оның қандай да бір физикалық қасиетін сипаттайтын шама болып табылады:

    • F – аязға төзімділік (F50-F500);

      • W – су өткізбеугіштік, арнайы конструкцияларда талап етіледі, мысалы резервуарлар(W2-12 кгс/см2);;

      • D – тығыздығы бойынша, жылуөткізгіштік бойынша талаптар қойылғанда (D 500-2000 кг/м3);




    • S – өздігінен кернеуленуі, өздігінен кернеуленген цементті қолданғанда талап қойылады(S0,6-4).

    Бетонның өстік беріктігі бойынша классы В, 150мм бетон текшені қысуға сынау нәтижесінде алынған нәтижені айтамыз. Сынақ 28 тәуліктен кейін 20±2 0С –та қатқан үлгілерді сынаумен жүргізіледі.

    Бетон түріне және жұмысына байланысты бетон класстары келесідей болады:



    • Цементтен жасалған ауыр бетондар үшін:В7,5; В10; В12,5; В15; В20; В30…В60;

    • Кернеуленетін бетондар үшін В20…В60;

    • Жеңіл бетондар үшін, егер орташа тығыздығы D600…D900 – B1…B7 және т.б. (СНиП 2.03.01-84*)


    2 Арматура деп ТБ құрамындағы болаттан жасалған, созу күштерін қабылдайтын және конструктивті, есептік және өндірістік қажеттіліктерден қабылданған сырықтарды айтады (3,2сурет).

    Сурет 3,2. ТБ конструкцияларын армирлеу

    а- тақталар, б- арқалықтар, в- бағандар.

    Беті бойынша арматуралар жазық және ауыспалы қималы болады (сурет 3,3). Қолдану бойынша арматуралар кернеуленетін және кернеуленбейтін болып бөлінеді.



    Сурет 3,3. Ауыспалы қималы арматура түрлері;



    а- сырықты, б- сым, в- орақ тәрізді.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет