Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік



бет5/8
Дата15.11.2016
өлшемі1,43 Mb.
#1818
1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары


Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.

Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы. .Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады.Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады.Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады.Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап.Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады.Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады. Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра.Домбыраның бір өзімен күй орындалады.Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды. Сонымен бірге оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы, сырнай, дауылпаз сияқты аспаптар да кеңінен қолданылады.Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрі Қазақтың дәстүрлі күйлерімен қатар орыстың және Батыс Еуропаның классикалық және қазіргі кездегі музыкалық шығармаларын сазына келтіріп орындайды.


16. Аралық бақылау жұмысы

17.Тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Сөйлемдегі сөздердің белгілі орын тәртібі болады. Мұндай заңдылық ой мазмұнының оқырманға немесе тыңдарманға дұрыс жеткізіліп, түсінікті болуын қамтамасыз етеді. Әдетте баяндауыш сөйлемнің соңғы жағында келеді де, бастауыш сөйлемнің бас жағында болады, толықтауыш көбінесе бастауыш пен баяндауыштың арасында, өзін толықтайтын сөзден кейін тұрады. Анықтауыштар анықталушы мүшенің алдында тұрады, ал пысықтауыш пысықталушы сөздің алдында тұрады: Олар сабаққа кетті.Ел оны сыйлайды. Жерді аппақ қар басқан.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі жайлы түсінгендеріңді айтыңдар.

2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне мысалдар келтіріңіздер.

Сөйлем мүшелері қызметіне қарай тұрлаулы және тұрлаусыз болып бөлінеді. Сөйлем құруға негіз болатын мүшелерді тұрлаулы мүшелер дейміз. Оған бастауыш пен баяндауыш жатады. Бастауыш – іс-оқиғаның иесін білдіреді, атау септігінде тұрады, кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. М: Ол (кім?) бірінші курста оқиды.

Бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін, сапа-белгісін білдіріп, сөйлемді тиянақты етіп тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз. Біз институт кітапханасымен таныстық (қайттік?)

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Тұрлаулы мүшелерді ата.

2. Жастық, білімді, ешкім, қонақтар, оқыған сөздерін бастауыш етіп сөйлем құрастырыңыз.

3. «Менің кітапханадағы уақытым» деген тақырпқа әңгіме құрыңыз, бастауыш, баяндауышын табыңыз,

Әдістемелік нұсқау: Құрылған әңгімелерінен бастауыш, баяндауыштардың астын сыздыртып, сұрақтарын қойдыртып, қай сөз табынан жасалғанын анықтау тапсырылады.

Әдебиеттер:

Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.

Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.

Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.


2-тапсырма. Асты сызылған тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.

Мәтін:


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АҢШЫЛЫҚ КӘСІБІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СӨЗДЕР

Мақсаты: Қазақ тіліндегі аңшылық кәсібіне байланысты сөздерді меңгерту


Аңшылық-түз жануарларын аулау кәсібі.қазіргі Қазақстан жерінде адамдар

Аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы: Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дэуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді түрақтарының ізі сақталған. Ондай түрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы Бұлақ түбіне салынған, Соңғы полеолит дэуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды Мысалы: адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар менжүндес мүйіз түқымдастарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің үштары, шанышқылары, ақтырылатын найзалар сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дэстүрлері мен тэжрибелері үрпақтан- ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында Аңшылықты меңгерген мамандар: аңшы (аңды аулаушы), аңтөстік (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), қүсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) жэне қағүшы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болады. Олар аң аулаудың айла шарғыларын (ор казып,үшпалардан үшырып, қарға омбылатып аулау тосқақпанмен, тормен, қүмқақпанмен, түзақпен ұстау, қүспен, итпен қуу түтін жемтік салу, мүзға отырғызу, тағы басқалар) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кэсіптік, спроттык-әуескойлык жэне ғылым болып бөлінеді. Кэсіптік аңшылық мақсаты-аңдар мен қүстардан ет, тері, мамық қауырсын, мүйіз, тағы басқа енімдерін алу. Өнімнің сапасы' аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді Спорттық-эуескойлық: Аңшы аңдар мен қүстарды белгілі тэртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқойлық аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылымда аңшылыктың қүрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен қүстар биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын ешм;л^£ггыру жэне сапасын жақсарту, аң аулау эдістерін, күралдарын жетілдіру мэселелері жатады. Аңшылық, саясатшылық өнерін айта берсе, ол үлкен сөз етуді тілейді. осы өнерге байланысты тілімізде колданылып жүрген кейбір атауларға токталайық. Саясатшылық-қүс пен аң аулау, қүс ілдіру.



Аңшылық-аң аулауды күн көрістің көзі етушілік. Тәтті етін, қымбат терісін, мамық жүнін, қауырсындарын, мүйізі мен тұяғын, тісі мен сүйегін және басқа да

Қымбат заттарын алып, аң аулауды кәсіп етушілік,



Аңшы. Аң аулаушы, аңды соңына түсіп аулап алушы адам.

Аңкөстік. Тас, таяқ, сойыл, шоқпар, су түтін тор, түзақ, ау, қақпан, ит, құс, мылтық сияқты қару-жарақпен аң аулау білетін адамды қазақ халқы «аңкөс» деп атаған. Қазақта аңшылық мамандығындағы аңкөстік өте күрделі, жан-жакты мағынада, ұғымда айтылады. «Аңкөстік» өзі аулап жүрген аңның сыр-сипаты түсіне білетін маман деген ұғым береді.

Саят кешті. Дәурен сүрді, өмір сүрді «Ер Мамайдың алдында саят кештім, өкінбен».

Саят (саяттъщ) құрды. Құс пен аң аулады, құс ілдірді. «Құс салып, саяттық құрған, қыз, ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар... жеке-жеке-ак ғылыми-этнографиялық толайым еңбектерге пара-пар» (Қаныш Сэтбаев, ҚТФС.458 б)

Саяттан қашты. Аң аулаудан құс қашты. «Тұғырым тұл, тұйғын қашты саяттан». «Өзегімде секілді бір от жатқан». (М:Мақатаев). Бүл жерде ақын қолынан бақыт құсы кетуді айтып отыр.



Аңшы. Аң аулаушы, аңды аңдаушы, соңынан түсіп аулап алушы адам.

Бап. Тілімізде бап сөзі өте көп орында кезігеді. Бап, бапталды, бапталмады, бабы келмеді. Бапты , бапсыз бабы кеткен, бап кезі, дер бабы, дер кезі, дәл бабы, дэл уағы, нэшіне, қырпуына, орайына келді. энші күйшіғе бап керек. Қыранға бап керек, малға бап керек, жүйрікке бап керек: «Ат шаппайды-бап шабады», «Бабына келген түлпардай, шабытына келген сүнкардай, жыр теңізін шалқытар Жамбыл келді бабына» (Жамбыл шығармалары).

Бапкерлік. ¥лы Абай: «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» дегенді өте орынды айтқан. ¥лы адамның даналық түжырымына үңіле қарасақ: баптай білсең ғана дейді де, жауапкершілікті қыранға ғана емес, бапкерге артып отырғаны байқалады.

Сонар. Із түспеген қар беті, із түспеген алғашқы қар, із түспеген, мал баспаған аң баспаған жаңа жауған соны қар, соны жер, соны шөп. Бүрынғы көне іздердің бэрін жоқ қылып, үстіне баса жауған жаңа қар.

Қан сонар. «Қан сонарда бүркітші шығады аңға, тастан түлкі табылар аңдығанға,

Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет,

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға»-Абай.

Демек, қансонар- қара жерге алғашқы жауған қар.

Құсбегі. Қарындарды түрге, текке, топқа айыра білетін, олардың өзін де өз ішінен жікке, туыстыққа, үрпаққа бөле білетін адамды «қүсбегі» деп атайды. Мундай адамдар қүсты сынай білетін сыншы, қырандарды үйрете, баптай білетін, аңға сала білетін, бап күйінде ұстай білетін жэне ауырса, емдей алатын болуы керек.

Тапсырмалар, сұрақтар:

1. Мәтінді оқы.

2. Сөздік құра.

3.Мәтінге сұрақтар қойып, жазбаша жауабын дайында.



Бақылау түрі: әңгімелеу

Әдістемелік нұсқау: Мәтінмен жұмыс жүргізу: дұрыс оқуға, айтуға жаттықтыру, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру, өз беттерінше сұрақ қойғыза білуге үйрету.

Үлестірмелі материалдар: сөз мағынасымен жұмыс жасауға арналған сөздіктер

Әдебиеттер:

Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.

Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.

Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007

1-тапсырма. Абай Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін мәнерлеп оқыңыз. Өлеңде кездесетін аң-құс атауларын теріп жазыңыз. Оларға сипаттама беріңіз. Өлеңді жаттап алыңыз.
Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Жақсы атпен тату жолдас – бір ғанибат

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,

Сағадан сымпың қағып із шалғанда.

Бүркітші тау басында, қағушы ойда,

Іздің бетін түзетіп аңдағанда.

Томағасын тартқанда бір қырымнан,

Қыран құс көзі көріп самғағанда.

Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,

Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға,

Көре тұра қалады қашқан түлкі

Құтылмасын білген соң құр қашқанға...

... Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,

Жеке батыр шыққандай қан майданға.

Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

(Абай

Бақылау түрі: әңгімелеу

Әдістемелік нұсқау: Мәтінмен жұмыс жүргізу: дұрыс оқуға, айтуға жаттықтыру, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру, өз беттерінше сұрақ қойғыза білуге үйрету.

Үлестірмелі материалдар: сөздіктер

Әдебиеттер:

Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.

Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.

Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007

18. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

Сөйлемде айтылған негізгі ойды толықтыруға қызмет ететін мүшелерді тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жатады. Сөйлемде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, басқа да түрлі белгілері жағынан сипаттап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Сұрақтары: қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Толықтауыш – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? Пысықтауыш – сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: қалай? қайда? қайтіп? қашан? қайдан? кім үшін? не мақсатпен? не себепті? неліктен?

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атаңыз, сұрақтарын айтыңыз.

2.Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштары бар 6 сөйлем құрыңыз.

3. Мезгіл пысықтауыштарды пайдаланып «Вокзалда» тақырыбына диалог құрыңыз.
Құсбегілікке байланысты атаулар:

Мақсаты: Көшпелі өмір салтын бастан кешірген халқымыздың құсбегілік өнері туралы мағлұмат беру, қазақша құс аттарын айтуға дағдыландыру

Көшпелі өмір салтын бастан кешірген халқымыз табиғатпен мейлінше етене болған. Табиғат аясындағы таным тэжірибесі тек қана күнкөріс тіршілігіне негіз болып қоймаған. Сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде де кеңінен пайдаланылған. Солардың бірі көрінісі аңшылық-саятшылыққа байланысты.

Төменде .Қазақстанда молынан кездесетін, қазақ қүсбегілері қолға үйретуді ертеден дәстүр еткен қыран қүстардың ең негізгілері туралы мағлүматтар беріліп отыр.

Бүркіт-казақ, арасында аңшылыктаң кең тараған түрі бүркітпен аң аулау. Бүркіт үстау, саятшы болу, аңшылыққа ден кою. Бүркіт жыртқыш күстардың ішіндегі аса тектісі, адам қолына тез үйренгіші. Сонымен бірге оның ерекше қасиеті қайратына сай қырандылыгы, жүректілігі, қиырдағына тез байқагыш сезгіш. Салмағы 2840-4100 г дене түрқы-95 см-ге, жайғанда қанаты 2 м-ге жетеді.



Шалзысы—қанатының шеткі қауырсындары. Көбесі қүйрығының арасындағы екі қабат элді қауырсыны. Жебесі-ктгж қауырсындары. Алғы төрт саусақты, артқысын тегеуріні, ішкісі жембасары, ортаңғысы сығымы, шеткісін шеңгелі дейді.

Құсбегі қолындағы бүркітін қайырып, қалған бір бабына қелтіру үшін мына сиякты

жемнің түрлері беріледі.



Қансоқта-өлген аңның немесе малдың туралмаған каны сорғалаған кескен етті айтады.

Қызыл- қүстың қылғып қақшуына оңайланып қықыл ет. Мүның да қан сөлі өзінде болады.

Tapтпa-малдың немесе аңның желкесі, толғарсағы, шандыр сияқты құнары аз сіңірлі жерлері.

Cap бөртпе- туралған соң суға екі-үш рет шайып, біршама қан-сөлімен арылтқан ет. Ақлсем- майдалап турап,суға салып қойып, эбден сығымдап, бар маңызынан айырған ет.

Тоят-кұс өзі алған аңның етін жұлып жеуі.

Үлкен өкпе немесе боз өкпе-сойылған малдың яки аңның өкпесіне пышақ тигізбей кеңірдегімен қоса алып үріп қояды. Сонда өкпе маңызынан айырылып, қүсты белгілі күйге түсіретін жем болып шығады.

Жылы қан. Бұл бүркітке берілетін жемнің бір түрі. Малдың немесе аңның сорғалаған жып-жылы бауырын, ішек-қарнын тойғанынша жалмалап жейді.

Қыранның түлек бабына орай жемді осылай беруді «жылы қан» деп атайды.

Қорыта келе, ата-бабамыздың көне кэсіптерінің бірі қүсбегілік, аңшылық, саятшылық демекпіз. Қүсбегілік, аңшылық, саятшылық-ата-бабамыздан қалған өнер, озық дэстүр, мол мұра Аң аулау дэстүрі мен тарихына байланысты атауларды сөз еткенде, ертедегі адамдар аң аулауды өмір сүрудің, күн көрістің көзі еткені мәлім. Мүны «Қамбар батыр» жырындағы Қамбар батырдың өз халқын,туған туыстарын аң мен құстың етімен асырауы дэлелдейді. Көшпелі елдің тіршілігіне көз салсақ, малшылық пен аңшылық егіз туғанға үқсайды. Әйтседе ең алдымен ңшылық пайда болған. Себебі үй хайуандарының өздері, алғашында жабайы хайуандар болғаны мэлім. Адамзат ең алғаш рет соларды аулап, пайдалануын доғармаған.Ертедегі адамдардың қүс аң аулау эдістері алуан түрлі болған. Олар әуелі басқа өте қарапайым жолмен ғана тамақ табуды көздеген, кейіннен аң аулауды кәсіптің көзі еткен. Бірак эр заманның эдісі-айласы басқа-басқа болғанмен, қазақ халқының үғымында солардың бэрі аңшы-саяткер деп аталады. Аңшы-саяткерлер аң аулауға тас, - таяқ, сойыл, шоқпар, су, түтін, тор, түзақ, ау, қақпан, ат, ит, қүс, садақ, мылтық сияқты қару-жарақтарды өте шебер пайдаланған.

Аңшылық - аң аулау күн көрістің көзі етушілік. Тэтті етін, қымбат терісін, мамык жүнін, қауырсындарын, мүйізі мен түяғын, тісі мен сүйегін жэне басқа да кымбат заттарын алып, аң аулауды кэсіп етушілік.

Саятшылықта халық ежелден өнердің бір түрі деп бағалаған. Халык мэдениеті мен эдебиетінің аса көрнекті өкілдері Шоқан, Абай, Мүхтар, Ақан сері жэне тағы басқалар саятшылықты катты үнатқан адамдар болған. Бүған олардың қырандар жайлы жазған, қазір халық казынасына айналған көптеген шығармалары куә. Саятшылық - ғажап қүбылыс, үлкен өнер, өз алдына зор ғылым. Саятшылық өнері арқылы халық табиғанпен араласып,оған өзінің жақындығын сезінген.

Құсбегі. Қырандарды түрге, топқа айыра білетін олардың өзін де өзі ішінен жікке, туыстыққа, ұрпаққа бөле білетін адамды «күсбегі» деп атайды Мұндай адамдар құсты сынай білетін сыншы, қырандарды үйрете, баптай білетін, аңға сала білетін бап күйінде үстай білетін жэне ауырса, емдей алатын болуы керек.

Біз қыран құс, аңшылық туралы аз ғана сөз еттік. Ондағы мақсатымыз- жай адам біле бермейтін, саятшылық өнерімен бірге ұмыт бола бастаған сөздерді көрсету, шамамыз келгенше оларға түсінік беру еді. Аңшылык өнеріне байланысты туған сөздер осылар ғана деуден аулақпыз. Зерттей, тереңдей түсе, мың- мыңдаған сөздердің куэсі болуымыз эбден мүмкін. Ал тіліміздегі сөздерді халқымыздың салт-дэстүрімен, кэсібімен үштастыра зерттеу тіл жанашырларының міндеті демекшіміз.

Тапсырмалар, сұрақтар:


  1. Құсбегі кім?

  2. Қазақша құс аттарын атаңыз?

  3. Құс аттарын орыс тіліне аударыңыз

Бақылау түрі: ауызша

Әдістемелік нұсқау: Құс аттарын пайдалана отырып, шағын әңгіме жазу.

Үлестірмелі материалдар:

  1. Диалогтар

Әдебиеттер:

1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.

2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002

3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000

Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз..

Қара құс басып жейді,

Сұңқар құс шашып жейді.

Жолаушының кешіккеніне сүйінбе,

Аңшының кешіккеніне сүйін.
Тағыны жеткен алады.
Қаз орғанына семіреді.
Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,

Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.

19.Тақырыбы: Анықтауыш. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамдары

Сөйлемде айтылған негізгі ойды толықтыруға қызмет ететін мүшелерді тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жатады. Сөйлемде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, басқа да түрлі белгілері жағынан сипаттап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Сұрақтары: қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Толықтауыш – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? Пысықтауыш – сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: қалай? қайда? қайтіп? қашан? қайдан? кім үшін? не мақсатпен? не себепті? неліктен?

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атаңыз, сұрақтарын айтыңыз.

2.Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштары бар 6 сөйлем құрыңыз.

3. Мезгіл пысықтауыштарды пайдаланып «Вокзалда» тақырыбына диалог құрыңыз.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мейрамдары

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мейрамдары

туралы мағлұмат беру, құттықтауға байланысты сөздікті меңгерту.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мейрамдары

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер

  • 1-2 қаңтар - Жаңа жыл;

  • 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

  • 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;

  • 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

  • 9 мамыр - Жеңіс күні;

  • 6 шілде – Астана күні;

  • 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке

  • 16-17желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердiң тiзбесi

  • Отан қорғаушы күні - 7 мамыр

  • Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске - 31 мамыр алу күні

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік- 4 маусым рәміздері үні

  • Полиция күні – 23 маусым

  • Медицина қызметкері күні – маусымның үшiншi жексенбiсi

  • Баспасөз, теледидар және радио күнi - маусымның соңғы жексенбісі

  • Дипломатиялық қызмет күні– 2 шілде

  • Металлург күні - шілденің үшінші жексенбісі

  • Көлік және байланыс қызметкерлері күні - тамыздың бірінші жексенбісі

  • Құрылысшы күні - тамыздың екінші жексенбісі

  • Спорт күні - тамыздың үшінші жексенбісі

  • Шахтер күні- тамыздың соңғы жексенбісі

  • Бiлiм күнi - 1 қыркүйек

  • Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі

  • Қазақстан Республикасының халықтары - қыркүйектің тілдерінің күнi үшінші жексенбісі

  • Атом саласының қызметкерлері күні-28 қыркүйек

  • Мұғалiм күнi - қазанның бiрiншi жексенбiсi

  • Ұлттық валюта күні - 15 қараша

  • Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні - қарашаның үшiншi жексенбiсi

  • Энергетик күні - желтоқсанның үшінші жексенбісі

    Осы Заң Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн мерекелердiң құқықтық негiздерiн айқындайды.

      1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн мерекелер

      Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.


      Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
      Мемлекеттiк мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
      Кәсiби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.

      2-бап. Ұлттық мерекелер

      Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтiлетiн 16-желтоқсан - Тәуелсiздiк күнi.

      3-бап. Мемлекеттiк мерекелер

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мерекелер - мына күндерi атап өтiлетiн мерекелер:
      1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
      8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнi;
      22 наурыз - Наурыз мейрамы;
      1 мамыр - Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi;
      9 мамыр - Жеңiс күнi;
      6 шiлде - Астана күнi;
      30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi;
      25 қазан - Республика күнi.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.06.25 N 47-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Кәсiби және өзге де мерекелер

      Кәсiби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мерекелiк даталар болып табылады.
      Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

      5-бап. Мереке күндерi

      Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттiк мерекелер атап өтiлетiн күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндерi деп танылады.
      Қазақстан Республикасындағы мереке күндерi жұмыс iстемейтiн күндер болып табылады.
      Демалыс және мереке күндерi сәйкес келген жағдайда мерекеден кейiнгi жұмыс күнi демалыс күнi болады.

      6-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы мереке күндерi туралы" 1995 жылғы 18 қазандағы N 2534 заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 21, 125-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Тапсырма: Наурыз мейрамы туралы шағын әңгіме жазыңыз



Тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Қазақ халқында қандай мерекелер бар?

  2. Сал-дәстүрлерге байланысты қандай мерекелерді білесіз?

  3. Әр түрлі мерекелермен анаңызды, досыңызды құттықтаңыз

Бақылау түрі: құттықтаулар

Әдістемелік нұсқау: Құттықтау сөздерді пайдаланып, құттықтаулар жазу, мерекелер туралы сұхбаттасу.

Үлестірмелі материалдар:

  1. Құттықтау сөздер

  2. Диалогтар

Әдебиеттер:

1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.

2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002

3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет