Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Отырар» колледжі
Оқу сабағының жоспары
(Теориялық немесе өндірістік оқыту)
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы, Бірінші бөлім
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: Қазақ әдебиеті
Дайындаған педагог: Сүймбаева Ш.
Курс І оқу жылы, топ
2021жылғы "22" Қазақ
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ
Сабақ типі. Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттер
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы бойынша ғылыми бағыттағы ізденіс жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып ой түюге баулу,сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге баулу.
3. Сабақты жабдықтау Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы, романнан үзіндіні тыңдау, тіреу сызба.
4. Сабақтың барысы
І. «Ақбілек» романын бастамас бұрын, өткен тақырыптарға шолу жасап көрейік. Бұл романды талдау барысында қажет болады.
Сұрақ:
1.Жүсіпбек Аймауытов кім?
2.Мағжан, Ахмет, Сәкен, Міржақыптар кім?
3.Олардың қызметінің қай жағы басым?
Біз бұларды әдебите саласына қатысты болғандықтан, шығармашылық жағынан қарастырып отырмыз, бұлар біздің санамызда ақын, жазушы болып қалыптасқанымен, олар шын мәнінде қоғам қайраткерлері, саясаткерлер және үкімет басшылары.
Сұрақ: Ж. Аймауытовтың саяси көзқарасы қалай қалыптасты? Репрессияға ұшыраған Жүсіпбекке қандай айып тағылды?
Естеріңе сақтаңдар, кез – келген мемлекетте басқару ісінде көбінесе творчество адамдары тартылған. Мәселен, орыс революционерлерінің бәрі де творчество адамдары болған.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды, көркем, бастан аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісіндегі реалистік роман.
Қазақ әдебиетінде реалистік принциптерді алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек.
«Ақбілек» романы Аймауытов шығармашылығының шыққан биігі деуге болады. Жазылғанына 70 жылдан асқан осы роман бүгін ғана жазылып, әлі сиясы да кеуіп үлгермегендей әсер қалдыратындығына қайран қаласың. Сыңғырлаған күмістей тап – таза шебер тіл бірден үйіріп әкетіп, еріксіз тәнті етеді. Ол стиль, композиция тәрізіді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді. Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының бар таланты биік қырынан көрінеді.
Жазушы бұрын сыры жұртқа айтылған тақырып емес, соңы, мүлде тың, тіпті сирек оқиғаларды романға арқау еткен.
Тақырыбы – әлеуметтік тартыстар, тап күресі, ел мойнына түскен салмақ және адамдардың тағдыры.
Натурализм деген не?
Натурализм XVII ғасырдың ІІ жартысында Францияда пайда болған, негізін салған – Эмиль Золя. Ол – «талдау», «анализ жасау» деген сөз, яғни адамның өмірін сынақтан, эксперименттен өткізеді.
1.Адамдардың өмірін сынақтан өткізеді. Кейіпкердің ғұмыры түрлі сынақтан өтеді. Сол сынақтан өту кезіндегі кейіпкердің психологиялық өзгерістерін зерттейді.
2.Натурализмнің тағы бір ерекшелігі – өмір мен өлімнің күресі.
3.Табиғат заңдылықтары мен адам өмір сүріп отырған қоғам заңдылықтарын қатар алып жүреді.
«Ақбілек» романын ашқан кезде тамаша табиғатымен Алтай тауы қарсы алады (кітаптан үзінді).
1.Біз осылай табиғатты тамашалап, мамыржай отырғанымызда ойламаған жерден оқыс оқиға, Ақбілектің әкесі Мамырбайдың ауылына кіріп кеттік.
А) Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?
Ә) Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?
Б) Салт аттылардың бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар?
2. Ақбілек шұңқырда жатыр. Ақтар іздеп жүр. Анасының өлімі. Романда кездескен бірнеше қайғылы оқиғалар Ақбілектің көз алдынан өтті.
А) Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінеді?
Ә) Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?
Б) «Қызын бұркітше бүріп жатқан 2 орысты анасы екпінмен келіп итеріп тастап, балапанын басқан ана құстай баласын бас салды» деген көріністің аяғы немен тыңды?
В) Қазақтың бас араздығынан кек туатыны қай көрініс арқылы сипатталған?
3. Ақбілек ақтардың қолында. Ақбілекке таласып, қатардағы солдат пен қарамұрт офицер дуэлге шығып, жас жігіт мерт болады. Ақбілектің денесі түршігіп кетті. Романда бірінші өлімнің денесі суымай жатып, екінші өлімге кездестік.
4. Қарамұрт офицер 14 жастағы Ақбілектің өміріне дақ түсірді.
А) Ақбілектің көрген зәбірін, арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз?
Ә) Ақбілекке екі офицердің таласуы, қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде?
5. Қарамұрт қоштасарда Ақбілекті атқалы тұр. Ақбілекке өлім қаупі төніп тұр.
Сұрақ: а) Өлім – суық сөз. Ол – адам ба, әлде басқа ма?
Фантазияларыңа ерік беріңдер, ойларыңды тежемеңдер. Ол – қандай образ?
Ә) Ақбілектің өлімге қарсы әрекеті.
Б) Оқиға барысында қарамұр офицер қай қырынан байқалады?
Ақбілектің азаппен өткізген түні. Табиғат пен тіршілігінің заңдылықтарының қатар жүруі, хикаяның психологиялық саралаумен берілуі.
«Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойраңдап кеткен озбыр омырау, өксікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстап бара жатты.
О кезде ызғырығы ызылдап, бойды мұздатып, сабалақ қара бұлттан түн жамылған күздің көзсіз қара түні ақ бас Алтайдың үстіне қара бурадай шөгіп, сай – салаға бауырын төсеп, дүние қарауытып келе жатыр еді. Көк жүзінде жайылып жатқан жұлдыз, қойларын көздеп тұратын шопан атасындай – жау көргендей, зым – зия жоғалыпты.
Саялдық қара бұлттар– ау! Ақбілектің жанын тұншықтырған қара тұман аз болды дедіңдер ме, үстіне мұнша төнгенше, анау асқар таулардың басына төнсеңдерші!
Күздің сарғыш жапырақтары – ау! Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар? Қалың бұтаның қайғысыз, қамсыз бөденелері – ау! Несіне қара түнді жаңғырықтырып тұрсыңдар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме?
Жапырақтар – ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға сая болсаңдаршы!
Ызығырық – ау, ызылдағанша, жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңдерші!
Ой, мейірімсіз шіркіндер – ай! Сендердің тілдеріңді Алтайдың жаралы аруы білмейді ғой! Сендердің қас – қабағыңа қараймын, сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады ғой! Жел мен бұлттың алласына сенем деп сенделіп қалды ғой!»
Әдебиет жанр термин ретінде шартты екі мағынада қолданылады.
1)Әдебиеттің тектері - эпос, лирика, драма.
6. Үй тапсырмасы «Ақбілек» романының тіл
Достарыңызбен бөлісу: |