Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет42/48
Дата03.04.2022
өлшемі141,5 Kb.
#137740
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
Байланысты:
5-11 сынып дәптері

«Мен қаладым» саралаушы – диагностикалық сұрақнамасы

Бұл сұрақнамаға сенің бейімділігінің мен кәсіби қызығушылықтарыңа жауап алуға мүмкіндік береді. Сұрақнама негізінде адамды еңбек процесінде байланыстыратын заттар мен нысандар белгісіне қарай, барлық мамандық түрлері 6 типке бөлінген.


Басқа адамдар. Бұған көбінесе, адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың бір-біріне тигізетін әсеріне байланысты мамандықтар жатады. Мысалы, дәрігер, менеджер, мұғалім, психолог, әлеуметтік қызметкер, сатушы, жаттықтырушы. Бұл мамандықтарға икемделу үшін адамдармен тіл табысып үйреніп, қарым-қатынасқа бейімделу керек. Мұндай мамандықтарға кәсіби даярлау екі негізгі бөлікті біріктіреді: біріншісі - жұмысты орындау саласына байланысты (мысалы, жаттықтырушы өз спорт түрін жақсы білсе, сатушы ұсынатын тауарларының ерекшелігін), екіншісі – адамдармен тиімді іскерлік қарым – қатынас жасауға даярлау.
Табиғат. Мұндай жұмыс тірі табиғат нысандарына бағытталған. Мысалы, бұл агроном, фермер, кинолог, ветеринар, гүл өсіруші, микробиолог, ара өсіруші, орманшы, қызметтеріне байланысты. Биологиялық нысандары күрделі, стандартқа сәйкессіз өзгермелі, олармен табысты жұмыс істеу үшін ішкі сезім, қамқорлық, бастама көрсету, жеке жұмыс тән. Әдетте адамдар тірі нысандарға өзгеше қарым-қатынас көрсетеді. Кейде табиғат демалыспен байланыстырылады. Бірақ мұндай бейім түрін өзіне мамандық ету үшін бір ғана сүйіспеншілік жеткіліксіз, ол үшін өсімдіктер әлемінен және жануарлар дүниесімен үнемі әрі белсенді байланыста болу қажет.
Техника. Бұл мамандықтар: техникалық тетіктерді қайта жөндеу мен қызмет көрсетуге байланысты жүргізуші, ұшқыш, поезд машинисті, компьютер жүйесіне қызмет көрсететін маман, инженер-технолог және т.б. Сонымен қатар, бұл мамандықтар тобына «жұмысшы» деп аталатын балқытушы, дәнекерлеуші, станокшы, краншы және т.б. жатады. Мұндай мамандар негізінен пайдалы қазбаларды қазу мен өңдеу, металлургия, машина жасау, көлік құрылыста жұмыс істеу үшін өнеркәсіптің түрлі салаларында қажет. Осы типтес мамандық салаларына табысқа жету үшін техникалық ақыл-ой, дәлдік, нақты әрекеттерге деген бейімділік керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет