Келін тәрбиесі.
Қазақтың
отбасындағы тәрбиеде ерекше орын берілетін мәселе–
келін тәрбиесі.
Келін –
жат жұрттан келген, үй ішіндегі
жаңа мүше. Егер
ол өзінің жақсы салт
-
дәстүрлері мен әдет
-
ғұрыптарын әкелсе нұр үстіне
нұр, ал кері болса, оны қауіпті деп есептеген халық. Сондықтан
қариялар
үйленетін жігітті ондай қауіптен күні бұрын сақтандырып
отырған. Мысалы, «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық»,
«Есік көргенді алма, бесік көргенді ал»
-
деп, кеңес беріп отырған.
Қазақта
«Баланы жастан, келінді бастан» деген мақал бар.
Мұның
мәні: баланы жұмысқа да, ақылға да жастай үйрет, ал жаңа түскен келін
де жас бала, олай болса балаға жасамақ тәрбиені келіннен аяма десе,
келіннің баладан өзгешелігін ескерткен.
Сол
сияқты
қазақта
«Келіннің
аяғынан, қойшының таяғынан»
деген мақал бар.
Мәні
:
жаңа келген
жұрты келінді жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа баулыған.
Келін келіп түсісімен беташар жасалады. «Келіннің бетін кім ашса –
сол ыстық» деген сөз бар. Мәні: ақын келіннің бетпердесін желпіп
тұрып, үй
-
іші, туыстары, ауыл
-
аймақ үлкендерінің аттарын атап тұрып
таныстырады, ал келін әрбіріне иіліп сәлем беріп тұрады. Сондай
-
ақ,
«Жас келін бойын жасырады, даңқын елден асырады» деген қолпаштау
сөз ел арасында сақталған. Мәні: ата
-
енесі, әжесі мен атасы бар жас
келін олардан бой жасыруын міндет деп санаған. Бұл ибалық, иба
-
кішілікті ғана көрсетпейді, ол келіннің тәрбиелілігінен нышан береді.
62
Егер келінге далада
үлкен кісілер кездесе қалса, «иіліп сәлем» беріп,
үлкен кісілерді ізетімен ырза қылады. Бұл сыпайы, ибалы жас келіннің
өзін
сыйлатуының басты құралы. Міне
,
осыдан келіп «Қызым, саған
айтам, келінім,
сен тыңда» дегендегі «тыңда» сөзінде жүз
жыртыспаудың, ибалы болудың ұшығы жатыр, яғни «тәрбиелі келін
бол» деген ой жатады екен.
Енді қазақтың келін тәрбиелеудегі салт
-
дәстүрлердің маңызына
тоқталайық.
Қыз бала бой жетіп, әке
-
шешенің аясында бұлғақтаған
дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп, келіншек атанады.
Ол өз шаңырағын көтеріп, үй шаруасына иелік етіп, түтін түтетеді, ана
болып, өмірге перзент әкеледі.
Жар құшып, ана болу–қыз
баланың
мақтанышы, әрі бақыты. Бұған, әсіресе, әке
-
шешесі қуанады. Алайда
,
оған дейін қыз баланың сол күнге дайындық ретінде өз үйінде жүріп
үйренген
өнегелері мен өтейтін міндеттері аз болмайды. Солардың бәрі
қосыла келе, келін тәртібі яғни келін болу әдебін құрайды. Соған
мойынсұнып, ынта қойып үйрену, даярлану көргенділіктің белгісі. Қыз
бала келін болып түскенде, атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді
аттап өтуге болмайтын әдеп инабаттылық талаптар жайында жақсы
хабардар болуға тиіс. Келінге қатысты халықтық дәстүрден, туыстық
атаулардан, олардың өзара және өзімен
арақатынасынан жақсы
хабардар болуы керек. Үй ішіне келетін жаңа мүше –
келін. Қазақтың
ата салтында келіннің келген жерінде ата
-
енесінен, сол үйдің
үлкендерінен бұрын тұру, жуынып
-
шайынып, үсті
-
басын ретке келтіріп
өзінен кейін тұрған ата
-
енесіне сәлем беру әдеті бар. Бұлайша ізет жасау
үлкендер мен келін арасындағы қарым
-
қатынасқа жылылық, сыйластық,
инабаттылық дарытады, қанға сіңген халықтық ұғым бойынша,
үлкендер
соған
-
ақ төбелері көкке жеткендей қуанып, мәз болып, ыстық
ықыласпен, баталарын береді, келіннің сол сәл ғана еңбегін, он есе
артығымен өзіне қайтарады. Ал, келіннің дүниеден үміті жоқ жандай,
сәске түске дейін шашының дудасы шығып, пырылдап ұйықтап
жатқаны жараса ма? «Өзің жатып байыңа тұр
-
тұрлама келіншек»
-
деген
әзіл
-
шыны аралас сөздің астарында үлкен мән бар екенін жастар аңғара
бермейді.
«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір
ісі артық»
-
дегендей, отауының сәнін, ошақ басының берекесін
ендіретін шаруа аз ба?
«Жаман келін мыңқылдап жүріп билейдінің»
керін келтіріп, үйі жинаусыз, кірі жуусыз, ыбырсып жататын, бірдеңеге
қолының ұшы тисе, қабағын қарс жауып, қайғының қара суын
сапыратын келінді қай кісі, қай қылығы үшін жақсы көріп, рахмет
айтады?
Жақсы адамға жарасатын ширақ қимыл, сезімтал сергектікпен
жайдары қабағы ашық жүзбен
үйін үй
қылып ұстап, үлкендеріне ізетін
міндет етпейтін келіннен ата
-
енесі айналып кетпей
ме?! Осы орайда
айта кететін тағы бір мәселе –
келіннің келген үйінен басқа да үлкен
-
63
кіші туыстарына өздеріне жарасымды, сыпайы әрі құрметтеуді
білдіретін ат қойып алу да ұлтымызға ғана тән бір әдемі әдетіміз.
Күйеуінің әкесін «Қайын ата», шешесін «Қайын ене», қарындастарын
«Қайын сіңлі», ағаларын «Жақсы аға», «Үлкен аға» т.б., інілеріне «Сал
жігіт», «Мырза бала» т.б., ал бұрын қыздарды «Апа» деп, не олардың
күйеулерінің аттарымен «Бәлендегі қыз» дей салады. Жас келіндер
күйеуінің бірге туған немере, шөбере туыстарының өздеріне
жоғарыдағыдай ат қоюмен бірге, олардың әйелдерін өзіне, яғни абысын
-
ажындарына да «Үлкен апа», «Кіші апа», «Жеңешем», «Үлкен
жеңешем», «Кіші жеңешем», «Әбікем», «Апатайым» т.б. деп атайды.
Өзі
келін болып түскеннен кейінгі балалардың атын атай береді.
Әркімнің туыстық жақыңдығына қарай, елде, қоғамда алатын орны мен
беделіне лайыкты ат қойған келіндердің ізеттілігі мен қойған атының
ақылдылығына қарай үлкендер ол келінді ұнатып,
сыйлай бастайды. Би,
болыс болып жүрген қайнағаларына «Би ата», «Би аға», «Болыс ата»,
«Ел ата» деп атайды. Әдепті келіндер ат тергеуге соншалықты мән
беріп, үлкендердің аттарын тура атамайды, ол тұрмақ қайын ата,
қайын
ағалары мен аттас бөтен адамдарды, мысалы оларға былай деп ат
қояды
:
«қажы атам аттасы», «ағажан аттас» деген сөздермен білдіреді.
Қазақ
әйелдері күйеулерінің де атын атамай, оларды «отағасы»,
«біздің үйдің кісісі», «қожайын», «бәленнің ағасы» дейтін. Күйеулерінің
құрдастарының да атын атамай, оларды да «құрдас» деп атандыратын.
Ат тергеудегі қазақ әйелдерінің аса ізеттілігі мен тапқырлығын
дәлелдейтін мынадай әңгіме сақталған:
«Бір қазақтың бес ұлы болыпты. Олардың аттары: Көлбай,
Қонысбай, Койлыбай, Қасқырбай және Пышақбай екен. Бір күні келіні
суға барса, көлдің ар жағында, қамыстың бер жағында қасқыр қойды
жеп жатыр екен. Сонда келіні ауылға жүгіріп келіп: «Сарқыраманың ар
жағында, сылдырламаның бержағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр,
тезірек жанығыш пен кескішті жеткізіндер» депті.
Қазақ
дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тірі де өзін, өлгенде әруаған
құрметтеп есінде сақтауды үлкен әдептілік, көргенділік деп есептейтін
де, ондай адамдарға барша жұртшылық дән ризалықпен қараған.
Кішінің үлкенді, үлкеннің
өз тарапынан кішінің кішілігін сыйлауды
халқымыздың қанына сіңген қасиетті дәстүрі. Сонымен қатар, қазақ
халқында «Бірінші байлық –
денсаулық, екінші байлық–ақ жаулық,
үшінші байлық –
он саулық» деген үш тармақты, бір бүтін аталы сөздің
бар екені мәлім. Мұндағы «ақ жаулық» деген әйел мағынасындағы сөз
екені түсінікті. Сондықтан, әйелдің инабатты, ізеттіліктің, мәдениетінің
белгісі, ол әйелдің ақ жаулығы, яғни, басына тартатын орамалы. Ертеде
қазақ
келіндері басынан ақ орамалын тастамаған. Бұл тәрбие мынадай
мысалдармен айтылған, «қараңғыда жалаңбас жүруге болмайды», «суға
64
жалаңбас бармайды»,–дегендей. Ақ орамал тарту ол келіннің көңіл
күйінің ақ екенін, яғни тазалығын білдірген.
Келінге тән міндеттің бірі ол келіннің дәстүрлі түрде амандасуы.
Келіндер жасы
үлкен ата
-
ене, қайнағаларға үйге кіріп амандасқанда,
немесе қымыз, шай, ас
-
су әкеп бергенде, сәл тізесін бүгіп, үш рет басын
иіп, сәлем жасаған.
Үлкен
астан кейін, үй иесі жас келінді шақырып, ақсақалдардың
алдындағы табақты алдырып, келінге сәлем жасатып, үлкен кісілердің
батасын алдыртқан. Осындай үлкендерден алғыс алған жас келін үй
ішінің ішкі өміріне бар ынта
-
жігерімен аянбай еңбек ете кірісіп, елге
жағуға тырысқан. Бата тілектер жастарды жақсы сөзбен жарылқап,
еңбекке ынталандыру, отбасы татулығын күшейтуге айрықша әсер
еткен. Әрдайым қазақ келіні сабырлы, ұстамды, ізетті, кішіпейіл,
еңбекқор, балажанды, әрі тазалығы мықты болуы тиіс. Келіншек
келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын. Келіннің қолынан
татқан тамақ, ішкен шай бапты, дәмді көрінсін,
яғни әрбір қазақ
келіндері ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерін өз жанына
қалыптастыруы
тиіс.
Қазақ
салты бойынша бұрын ата
-
енесі қолына түскен келінін бір
жыл толғанша төркініне жібермеген.
Мұның мәнісі
-
осы аралықта
келінді тәрбиелеуі керек. Балалық шіркіннің бас асауы басылмай келген
жас келінге бұл бір жыл оңайға түспейді. Ауыр еңбекке, қатал тәртіпке
толы бір жыл ол үшін қыл көпірден өткенмен бірдей.
Бірінші, осы уақыт ішінде келген жеріндегі ата
-
ене, қайнаға, қайын,
абысын, тағы басқаларға ат қойып, оны жаңылмай айтуы керек.
Екінші, киіз үйдің түңдігін елең алаңда ашып, су әкелу, от жағу, сол
сияқты түндікті ел жатқанда жабу келіннің міндеті. Осы аралықтағы
шай қайнату, іркіт пісу, қымыз қотару, құрт жаю, кір жуу, саба пісу,
ыдыс
-
аяқ жуу, сиыр сауу, қой
қосақтау, бие сауу, тезек теру, түскі ас,
кешкі тамақ, ішек
-
қарын тазалау сықылды тізе
бүктірмейтін
жұмыстардың түрі
үзілмейді. Келін қалғып
-
шұлғып, жығылып
-
сүрініп
кешке әрең жеткенімен, елдің соңында жатуы керек. Қазақ қай бір ерте
жататын халық. Қонағы түн ішінде келсе, келінге тіпті ұйқы жоқ. Сонда
келін орта есеппен 17
-
18 сағат ауыр жұмыс істейді.
Үшінші, осы бір жыл ішінде үлкен үйге сәлем беріп кіруден,
артымен шығудан жаңылмауы шарт.
Төртінші, келін жыл бойы жібектей болуы, мінез көрсетпеуі керек.
Егер қай күні ерте тұра алмай қалып, «Тентегім» деп өзі ат қойған
қайындары
төсектің тұсына кеп: «Мына қатынды марту басып жатыр
ма?» деп, киіз үйді құрықпен сабаласа да қарсы шықпай, атып тұруы
керек. Мұны орындамаса «шуаяқ» деген атқа ие болады.
65
Бұл төртеуін ата
-
ене келінді еңбекке, адамгершілікке қалыптастыру
үшін әдейі істейді. Бұл
-
олардың, өздерінше мектебі.
Кейін бұдан тұңғыш баласын босанып, ол қырқынан шыққанда бір
-
ақ құтылады. Сонан соң енесі келінді бірінші рет төрге шығарып: «Сен
енді санатқа
қосылдың. Бұрын бала едің, енді ана болдың. Бұрынғымыз
өзіңді адам болсын, пыссын дегеніміз. Енді осы үйге толық мүшесің», –
деп келінінің маңдайынан сүйіп, мейірім білдіреді. Сәлем беруден азат
етеді. Қолына ағаш теген, себеле пышақ ұстатып, тошалаға апарып, не
бір керемет мүшелерді өз бетімен таңдап асуға рұқсат береді. Тіпті
осыдан кейін қонаққа өз бетімен мал сойғызуға да рұқсат етіледі.
Бірақ бұл құқыға келін үйінен келген киелі киімді сол төрде отырып
кигеннен кейін қақылы. Сол түні ата
-
ана келіннің
төркінінен келген
кимешек
-
шылауышты өз қолдарымен кигізеді. Арттағы әке
-
шешелері
бұл бас киімді қыздары тез балалы болсын деп сандыққа әдейі ырыммен
салады. Бізге бұл киімді киелі дегізіп отырған да осы ырым. Егер келін
ұзақ
уақыт бала көтермей, кимешек
-
шылауыш сандықта жата берсе, ата
-
ене өздерінің бір кінәсі үшін кие атты деп іштей желінеді.
Келін қыз күнінде, сәукелені сұлу болуы үшін, елдің көзін сүрінту
үшін тіккізсе, кимешек
-
шылауышты ана болу үшін дайындатады.
Қазақ
әсілі ақ түсті ұнатады. Ақ әйелдің көріксізі болмайды. Оған ақ
кимешек пен шылауыш қосылған соң тіпті құлпырады.
Мұнда бір айта кететін жайт, сәукеле сәнге, қызықтыруға бола
тігілсе, кимешек
-
шылауыш қызғаныштан, кінәдан аулақ болуға арналып
дайындалады. Қызықтыратыны –
қандай қыз болмасын өзіне жақсы
жігітті табуды көксейді. Ол үшін оларға ең алдымен көркем болып
көрінуі керек. Біреудің етегінен ұстап, басы байланған соң, енді бұны
алған адамның басқалардан қызғануы туады.
Әйелдің еркекті
арбайтыны көп.
Соның бірі
-
қолаң қара шаш пен ақ мамық тамақ.
Кимешек
-
шылауыш осыларға біреу
-
міреу тамсанбасын деп жауып
тұрады. Әрі жылылық, әрі тазалыққа жақсы. Ата
-
ененің келініне бұны
кигізуінің бір жағында мұндай да мән болғанымен, өз тізгіні өз қолына
тиіп, отбасы мүшелігіне өтіп алған келін оны ұдайы кимейді.
Сонымен, қазақ отбасында келін тәрбиесіне ерекше мән беріп, оны
болашақ ана, үй иесінің адал жары, үйдің киесі деп санаған. Сондықтан
кез
-
келген қыз бала болашақ келін болуға өзін
-
өзі даярлау қажет,
өйткені келін –
болашақ ана, отбасының негізгі мүшесі.
Бұл үлгідегі құда түсу дәстүрі, келін түсіру дәстүрі, беташар тойын
жасау дәстүрі, келінді отбасында тәрбиелеу дәстүрі жеке
-
жеке
қарастырылып,
олардың
мазмұндары
қажетті
әдебиеттерді
пайдаланылып жасалады.
Қазақтың
келін тәрбиелеудегі салт
-
дәстүрлердің маңызын аша
отырып, «Қазақтың келін тәрбиесінің» үлгісін ұсынамыз.
66
Келінді жаңа отбасында тәрбиелеуге қазақ халқы ерекше мән берген.
Жаңа түскен жас келінге енесі өз білгендерін үйретіп, еңбекке, үй ішінің
жинақылығына
үйрету ежелгі ел дәстүрі болған. «Жақсы ауылға келген
келін –
келін, жаман ауылға келген келін –
келсап» деу біреудің жас
баласын тәрбиелеп, адам қылу бүкіл ауылға, әсіресе өнеге үлкен сын
екенін білдіруден шыққан. Парасатты әжелердің «Келініңді қызыңдай
көр, қызың
да келін болмас па?» деуі
немесе «Келіннің өнегелі болуы
енеден» деуі үлкендерге де жауапкершілік артудан туған ой
-
пікірлер. Өз
білгенін келініне үйретіп, өнегелі, көргенді келін атандыруға енелер де
тырысқан. Енесі жеңгелері жаңа түскен келінге
айтатын күйеуіңнен
басқа ер адамдарға, қолыңның ұшынан басқа денеңді көрсетпе, жалаң
бас, жалаң аяқ жүрме, еркектің жолын кесіп өтпе, үлкендер отырған үйге
баса көктеп кірме т.б. өсиеттердің бәрі өнеге тәлім
-
тәрбие.
Ежелгі ел
дәстүрі бойынша келін алдымен, түскен жерінің үлкен –
кішісіне, еркек –
әйеліне өзінше ат қояды. Мысалы, «еркем, кішкене қайным» деп
қайныларына қойса, ол аттардың қисынды, тапқырлықпен қойылуы жас
келінге сын болған. Бұл жас келінді әдептілікке баулудың бастамасы
болып саналған.
Келіннің қолынан шай ішу,
дәм
тату,
сол арқылы оның аспазшылық,
ұқыптылық өнерін мақтау да ежелгі ел дәстүрі. Бәленше келіннің берген
шайы,
ас ұстауы қандай тамаша деп таңдай қағып мадақтаған. Келіні
1,5-
2 жыл бойы үлкен сында болған. Сыннан сүрінбей өтіп, жақсы
атаққа ие болған келіндер тұңғыш баласын туған соң, енесі «шырағым,
сен енді ана болдың, балалықтан қол үздің, сыннан сүрінбей өттің»
дегендей ишарат білдіріп, келінді сәлем етуден, босағада отырудан
босатқан. Осы сөзден
кейін ғана шын мәнісінде келін мен ене арасында
сыйластық, жарасымдылық орнаған. Әйел қандай биік дәрежелі жұмыс
Құда
түсу дәстүрі
Келін түсіру дәстүрі
Беташар тойын жасау
дәстүрі
Келінді отбасында
тәрбиелеу дәстүрі
Қазақтың
келін
тәрбиесі
67
істемесін, қайда болмасын оның ең басты міндеті –
өмірге ұрпақ әкелу,
бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының беріктігі әйелге байланысты.
Әйел
сабырлығы, кешірімділігі, сыпайылығымен т.с.с. жақсы
қасиеттермен үй
-
ішіне береке әкеп, шаңырақ бақытын орната алады.
Халықтың
ауыз
әдебиетінде
жас
әйелдің
төзімділігін,
шыдамдылығын суреттейтін мынадай аңыз бар:
«Ертеде бір шаруа кісі
жалғыз баласына өзі теңдес біреудің қызын алып береді. Той тарқаған
соң 2
-
3 күннен кейін жас келін өзінің отауында қыздармен сөйлесіп
отырып қатты күледі. Сол кезде атасы, сыртта дәрет алып отыр екен,
келіннің қатты күлгенін ерсі көріп: «Осыншама саңқылдап күлген
қандай
көргенсіздің баласы екен» депті. Бұл сөз жас келінге өте ауыр
тиеді де, сол күннен бастап ол сөйлемей қояды. Кешке күйеуі келіп, тіл
қатса сөйлемейді. «Баласы
келініңізге бір нәрсенің салқыны тиген бе
қалай, тілі байланып қалыпты» дейді. Бұл сөзді естіп атасы өз еліндегі
бақсы
-
балгерлердің бәріне емдетеді. Бірақ келінге ешқандай ем
қонбайды. Келін ата
-
енесін жақсы күтетін болған соң, оны тастауға
қимай әкесі баласына тоқал алуға рұқсатын береді. Жаңа келген келін
арбадан түспей жатып:
-
Келіншектің үйін ілгері тігіңдер деп отауын тігіп жатқандарға
бұйыра сөйлейді.
Сонда жігіттің бірінші әйелі шығып:
Келін, келін, келін
-
ай,
Келмей жатып, сөзге бақ,
Мен келгелі жеті жыл,
Сөйлегенім бүгін
-
ақ, –
депті.
Бұрынғы келіннің сөйлеп кеткенін естіген атасы ақсарбас айтып:
«Ойбай балам, ана сампылдаған тоқалынды құрт, ақ келінімнің
садағасы кетсін!» –
деп жаңа келген келінді отауын да тіктірместен,
төркініне апарып тастайды.
Үйінен
келіншектің жеті жылдай сөйлемей қойған себебін естігенде:
«Аһ, сақалдыдан кеткен ағаттық, сайтанға болады тояттық!» –
депті
атасы.
Міне бұл үлкен кісінің аңдамай айтқан бір ауыз сөзі жас адамның
жүрегіне қандай ауыр жара салғанын көрсетеді.
Әрине, үлкеннің үлкендігі, кішінің кішілігі болуға тиіс. Үлкен адам өз
балаларына жамандық ойламайды, тек кейде ашуланып қатты айтуы
мүмкін. Жастар кішілік жасап, үлкеннің ондай ашуланып, қатты
айтқанын көтеруге тиіс.
Қазіргі
кезде, яғни егемендік алып, тәуелсіздікке қолымыз жетіп,
еліміздің мәдениетіне, салт
-
дәстүріне қайта оралдық. Еліміздің «ұлттық
тәрбиеге»
деген
көзқарасы
қалыптаса
бастады.
Ата
-
енелердің
келін
тәрбиесіне деген көзқарастары да өзгерді. Мысалы, бірнеше жыл
68
бұрын түскен келінге: «Балам от өте қауіпті, шашыңа тисе күйіп қалуың
мүмкін» десе, түсінген келінге бұдан артық тәрбие бола ма? Біздіңше
,
орамал тарту
-
ол жас келіннің мәдениетін, тазалығын байқатады.
Халқымыздың келін тәрбиесінде жат бола бастаған дәстүрінің бірі ат
қою. Бір күні көшеде есімі Аман деген кісі келе жатыпты, алдынан
қарама
-
қарсы өткен келін: «Амансыз ба?» –
деп сәлемдесіпті, сонда әлгі
кісі: «Иә, деп, сол Аман мен боламын» деген екен. Сол сияқты үлкен
кісілердің аттарын тергеу немесе «қайын аға», «қайын сіңілі», «қайын
інілерге» ат қоюдың еш бір артығы болмас деп, «аға» деген сөзді
жанамалап сәндеп қояды. Ол ат қойғанға жатпайды. Мысалы, қайнағам
бар, өзі ақ көңіл, өзі мырза, ол кісіні: «Мырза аға» деймін, қайын інім
бар «үйдің кенжесі», қайын інімді «кенже бала» деймін, қайын сіңілімді
«ақылдас» деймін, себебі екеуміздің сырымызда, мұңымызда бір. Ат
қою
адамдардың, яғни жас келіннің ат қоюы сыйластығын, қарым
-
қатынасын арттырады.
Сонымен,
келін–үйдің
сәні, отбасында татулықтың, сыйластықтың,
кішіпейілдіктің,
ынтымақтың,
бірліктің
бастаушы
ұйытқысы.
Сондықтан келінді жаңа отбасында ол келген күннен бастап, оны жас
баладай тәрбиелеу қажет: «Келінді бастан, баланы жастан» –
деген
даналық осыдан шыққан.
Халқымыздың салт
-
дәстүрі арқылы тәрбиеленген келін тәрбиелі
әйел болып, ал ондай әйел отбасының шамшырағы, бағы, сәулесі,
еркектің берік қамалы болары һақ. Күнделікті өмірдегі тірлішік барысын
байқай отырып, «Алла тағала әйелді еркектің қабырғасынан жаратқан»
деген сөзге еріксіз бас ұрасың. Бұл да жаратылыстың құдіреті
шығар.
Әрине, әйелді де, еркекті де тәңір жаратып отырғандықтан да
екеуінің де қоғамдағы алатын орны мен рөлі, күнделікті тіршілікте
атқаратын қызметтері үйлесіп, бір
-
бірімен заңды түрде байланысып
жатады. Елімізде әйелдерге арнап өлең
-
жыр жазбаған, әйелдің бейнесін
сұлулап бейнелемеген сөз шеберлері кемде
-
кем болар. Адамзат өмірінде
еркектер бұтақ болса, әйелдер оның гүлі, жапырағы іспетті.
Батыр
атамыз Бауыржан Момышұлы жапырағы жоқ, гүлсіз ағашты «қубас»
деп атаған екен. Ендеше, ер азамат ағашқа, әйел ана жапырақ пен гүлге
тең болса, біз яғни, балалары соның бұтақтарымыз. Бауыржан атамыз
тағы бір сөзінде «әйелсіз адам баласы күн көре алмайды, әйел
-
ана, әйел
-
бақыт, әйел
-
аққу» деген екен. Отбасындағы қыз бала тәрбиесімен қатар
ерекше орын берілетін мәселе –
келін тәрбиесі.
Осыған орай орта ғасырларда бұл мәселелер ақын
-
жыраулар
поэзиясында да орын алған. Мәселен, Ақтамберді жырау
өз
шығармаларында жалпы достықты, сыйласымды өмірді
дәріптей келе
оның бастауы
отбасынан басталады деп ұққан. Әулет бірлігі әйелге
69
байланысты. Ақын ерлі
-
зайыптылардың татулығы өмірдің рахаты деп
бағалай келе:
Мінезді болса алғаның
Одан артық жар бар ма,
Екі жаман қосылса
Күнде жанжал, күнде шу,
Ұяларлық
ар бар ма...
Өз
мінезін білген жігіттің
Тәлімінде мін бар ма,
-
алған жарын жібектей есілген жайдары
болсын, ұрыс
-
керіс отбасы шырқын бұзады, бір
-
біріңді өмірден сыйлап
өт, өзіңе
-
өзің сын көзімен қарап, мінезіңдегі мініңді байқай
біл, оны
түзетуге тырыс деген өсиет айтады.
Халықтық даналық ой пікірді өлең жырына арқау еткен Шал ақын:
Жастарға бақыт, байлық ден сау болса,
Тауфиқтан айрылады жемсау болса.
Ер жігіт қапалықпен қартаяды,
Қатын
жаман, мінген ат қырсау болса,
-
деп «бірінші байлық
-
денсаулық, екінші байлық –
ақ жаулық» деген халық қағидасына сүйене
отырып ой топшылайды. Ердің бақыты отбасына, алған жарына
байланысты деген ой пікірді қуаттай келе ақын:
Кез болса ер жігітке жақсы қатын,
Жақсы қатын шығарар ердің атын.
Жаман
болса өз қылған істерімен,
Еріне қалдырады жаман атын,
-
деп ақылды, ерге серік боларлық
жар таңдай білудің маңызына баса көңіл бөледі. Ақын осы пікірін
тереңдете түсіп, «Әйел туралы» деген өлеңінде еңбек сүймес, салпы
етек, салақ, жалқау әйелдермен он саусағынан
өнер тамған шебер, еңбек
сүйгіш, елгезек, шаруақор әйелді салыстыра сөз етеді. Жастарға алған
жарын ерге серік, көркіне ақыл
-
ойы
сай, мінез
-
құлқы жібектей, өнегелі
-
өнерлі болсын дегенді айтады. «Ер қаруы –
бес қару» деген пікірді
қуаттай келе:
Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын,
Мал мен перзент –
адамның дәулет құсы,
-
деп адамзат ердің бағы
бес нәрсемен байланысты деген пікірді қуаттайды.
Отбасы бақыты
алған жар мен өсірген балаға байланысты деген ой
ақын өлеңінен үнемі өзекті орын алып отырады.
Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің
долы болса күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса
Атаға үйде жатқан сөз келтірер,
-
деп ой топшылайды.
Қазақта
келінге деген ілтипат оған деген зор құрметке айналған.
Бала тәрбиесі, отбасы ұйытқысы келіндерге байланысты. Өйткені
,
келін
70
үйдің
тұтқасы, ерінің де, ата
-
енесінің де, бала
-
шағасының да тәрбиешісі
әрі қамқоршысы. Жұрт беташар үстінде келінге үлгі ұстар барлық
жақсы қылық, жайсаң мінездерді тәптіштеп айтылып, олардың
жекелеген ұнамсыз, жаман қылықтары болса, одан арылу керектігін
жанамалап ескертіп отырады. Бір сөзбен айтқанда, беташардың өзінде
де үлкен тәлім
-
тәрбиелік мән
-
мағына жатыр. Келіннің түсуі бір үйдің,
бір елдің ғана қуанышы ғана емес, бұл бүкіл көз көріп, құлақ естір
елдің, аралас
-
құралас
жатқан ауыл аймақтың ортақ қуанышы.
Халқымыздың келін түсіруге байланысты «Отыз күн ойын, қырық күн
тойын» жасау дәстүрі де осыдан қалған. Бұл
айтылғандардан да әйел
жұртына деген бүкіл қауымның шын адамгершілік пейілін жақсы
байқауға болады. Арғы
-
бергі қазақ
тарихында келін түсіру, қыз
ұзату
дан артық үлкен той думан болған емес. Қазақта жақсы қыз тәрбиелеген
ана әрдайым
да ардақты.
Осы айтылғанға орайлас жәйттерді Шал шығармаларында да көп
кездестіруге болады. Мәселе, ақын бір өлеңінде:
Қыз
қылықты болар,
Келін епті болар...
Аяғын көр де асын іш деген сөз бар.
Шешесін көр де қызын ал сол белгісі...
Келін жақсы болса.
Үйіңе
кісі көп келеді...
Келіннің де келіні бар сара келін...
Кез келгенге түсіріп құрмет еткен
Анамыздай болмайды мына келін,
-
деп ол жаңа түскен жақсы
келіндердің портретін берсе, енді бір өлеңдерінде келіндердің ішінде де
тәрбиесі нашар, бұл жерде оның келген жеріне де қатысты қолайсыз
сүйкімісіздерінің кездесетіндігін, бірақ оларды алғашқы күннен бастап
тәрбиелеуге, келеңсіз қылықтарын енесі, абысын
-
ажындары айтып,
үйретіп отыруы қажет екенін еске салады. Шал өлеңдерінде нашар
келіндер былайша сипатталады:
Ақырған аждаһадай аю келін,
Біз түгіл құдайынан ұялды ма
Кей келін ас бермейтін қара келін
Келін шайпау болғаны оңбағаны...
Көрмедің шыбын құрлы мені келін
Жұрт сыйлаған басымды күлге теңеп
Жаярмын талай жерге сені келін...
71
Осы жолдарда жоғарыда айтқанымыздай кейбір жаңа түскен
келіндердің психологиясы нашар жақтары бадырайта көрсетілген. Шал
ақын қазақ әйелдерінің рөлін өз шама
-
шарқынша осылайша реалдық
тұрғыдан түсінгенімен олардың қоғамдағы орнын, әлеуметтік сипатын
сөз етпеген, оны тіпті мақсат тұтпаған. Оның әйел туралы ой пікірлері
отбасы, ошақ қасының төңірегінен онша алысқа кете алмады. Өйткені
,
ол халқымыздың атам заманнан келе жатқан «әйелдің шашы ұзын,
ақылы қысқа» деп қарайтын пәлсапа аясынан ұзай алмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |