Атбайлар
.
Атбайлар (салт). Мұның да екі түрі бар.
Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын туыстар
оған шашу
шашып, «керегесі кең болсын», «босағасы берік болсын» деген тілек
айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның
аты «атбайлар».
«Атбайлардың» екінші түрі кәде. Құда құдағилар келгенде немесе
күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып
түсіріп алып, атын байлайды. Бұл «атбайлар» деп аталатын той салты.
Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |