Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«АЛАШ ОРДА» және АЛАШ ОРДАЛЫҚТАР – АЗАТТЫҚТЫҢ ҰЗАҚ ЖОЛЫ (А. БАЙТҰРСЫНОВ, А. БӨКЕЙХАНОВ, М. ДУЛАТОВ)



бет6/6
Дата05.11.2016
өлшемі2,39 Mb.
#869
1   2   3   4   5   6

«АЛАШ ОРДА» және АЛАШ ОРДАЛЫҚТАР – АЗАТТЫҚТЫҢ ҰЗАҚ ЖОЛЫ (А. БАЙТҰРСЫНОВ, А. БӨКЕЙХАНОВ, М. ДУЛАТОВ)
Біздің егеменді дамуымыздың құндылығы мен мәнін ойластыру өз Отанының тарихын терең білуге сүйенуі тиіс. Егер өткен ғасыр тарихына көз жүгіртсек, онда қазақ халқының өз бетіндік ұлттық мемлекет құруда үздіксіз күресін көреміз.

ХХ ғасырдың басында, ежелгі бастауы болатын және этникалық бірліктің негізгі ұғымы, жалпы қазақ девизі мен әскери ұраны болып табылатын «Алаш» ұғымы ұлттық зиялылардың күшінің арқасында біріктіргіш азаттық идеясына айналды.

«Алаш» - түрлі ұсыныстар бойынша, қазақтардың мифтік ата-бабаларының және басқа ежелгі түрік руларының атынан шығатын тарихи термин (Алаша хан) [1, 72-б.].

Ресейдегі бірінші буржуазиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси түрде оянуына, өлкеде отарлық, әлеуметтік және басқа қанау түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшы, аграрлық және басқа қозғалыс түрлерінің дамуына түрткі салды. Өлке тұрғындарының түрлі топтарының Ресейдегі 1905-1907 жж. оқиғаларға көзқарасы бір мәнді болған жоқ. Оған өнеркәсіптік және қала жұмысшылары белсенді араласты. Аграрлық қозғалысты көбінесе қазақ ауылдарының еңбекші топтары, көшпелі деревнялары мен казак станциялары жасады.

Ұлттық ғылыми және шығармашылық зиялы топтардың қалыптасуына «Алаш» көшбасшыларының үлестері баға жетпес, олардың бірінші және жарқын өкілдері өздері болған. Алаш үкіметі мүшесінің әрқайсысы айрықша тұлға болып табылады. Олардың әрқайсысы қазақ ұлттық сана-сезімін дамытуға, оның білім беру мәдениетін арттыруға үлкен үлес қосты. Осы мақсатта олар қарқынды белсенділік танытты: ғылыми және публицистикалық басылымдардың қазақ тіліне аудармасын жасады, кең бұқара арасында қазақтардың тарихы мен мәдениетін терең зерделеді және әйгілі етті, публицистика мен поэзияның жарқын өкілдері бола тұра, саяси және құқықтық мәдениетін көтерді [2, 46-б].

Қазақтың алғашқы саяси партиясы «Алаш» пен Алаш орда үкіметінің пайда болуы кездейсоқ құбылыс болған жоқ. Бұл қазақ халқының тәуелсіздігі үшін көп ғасырлық күресінің заңды кезеңі болды. «Алаштың» бұрынғы қайраткерлері және ғылыми және шығармалық интеллигенциясы қазақтың басқарушы таңдаулы тобының өкілдері қазақ мемлекеттілігінің іргетасын қалады. Олар шекараларды анықтау және қазақ жерлерін қосу процесіне белсенді араласты. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, А. Ермеков, М. Тынышпаев, С. Мендешев, Х. Досмұхамедов және т.б. қазақ аумағының тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлық күштерін салды [1, 73-б.].



Сол кезеңдегі Қазақстан тарихында көрнекті саясаткер, ғалым, публицист А.Н. Бөкейхановтың (1866-1937 жж.) қызметі ерекше орын алады. 1870 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То­қы­рауын болысының 7-ші ауылында туған.

1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 жылы Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды [3, 544-б.].

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.



1937 жылы Ә.Бөкейхановты қайтадан тұтқындайды және баптыр түрмесіне қамайды. Оған: «кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық күресті басқарды, Қазақстанда және Мәскеуде террористтік орталық басшыларымен байланыс орнатты» деген айып тағылды.

1937 жылы 27 қыркүйекте оған ең жоғары жазалау шарасы қолданылды. Үкім сол күні орындауға келтірілді.

Ахмет Байтұрсынов – ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғамдық қайраткер. Өз уақытында ол сталиндік жазалау әділетсіздігінің құрбаны болды, жарты ғасырдан астам есімі ұмыт болды, еске алуға лайықтанбады. А. Байтұрсыновтың бүкіл өмірі қазақтардың өзін-өзі анықтауына, мәдениетін, білімін және ғылымын дамытуға, ғасырлар бойы ұлттың өзінің рухын өзіндік халық шығармашылығын сақтауға деген қамқорлыққа толы болды. М.Әуезов 1923 жылы, Байтұрсыновтың баға жетпес еңбектерін ескере отырып, оны «қазақ зиялы қауымының көсемі» деп текке атаған жоқ [4, 384-б.].

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды.



1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады.

1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.

1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.

1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.

1907 жылы жолдастарымен бiрге А. Байтұрсынұлы тұтқынға алынады. Содан екi жыл бойына Қарқаралының абақтысында отырып, 1909 жылы уақытша босатылады. 1909 жылы шiлдеде қайта тұтқындалып, 1910 жылға дейiн Семей түрмесiнде отырады. Одан соң оған қазақ даласынан сыртқа жер аударуға жарлық етедi. 1910 жылдан бастап 1917 жылға дейiн қазақ жерiне келуге құқықсыз А. Байтұрсынұлы Орынборға тұрақтайды. Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн, жас республиканың халық ағарту комиссары болып тұрған кезiнде сауатсыздықты жою мәселесiнде көп iстер тындырды. Оның басшылығымен жаңа мектептер, жоғары оқу орындары, орта кәсiби бiлiм беретiн училищелер ашылды. Ең бiрiншi ашылған педагогикалық институтта Ахметтiң өзi сабақ бердi.

А. Байтұрсынұлы 1913 жылы қолында ешқандай қаражаты болмаса да қалың көпшiлiкке тез тараған және бұқараның ықыласына ие болған «Қазақ» газетiн шығарды. Оның өзi сол кезде қазақ өмiрiнiң мәдени және қоғамдық талаптарына iс жүзiнде жауап берiп отырған бiрден бiр мерзiмдiк басылым болды. Бұл газет үкiметке қарсы тiкелей көтерiлiске шығуды уағыздаудан бас тартып, революциялық байыпты көзқарастарды жақтап отырды. Бiрақ, осы саяси сақтықтың өзi де «Қазақты» қуғындаудан құтқара алмады. 1913–1914 жылдар аралығында газет 26 рет тұтқындалды. Соған қарамастан «Қазақ» газетi бұқаралық қоғамдық пiкiрге төрт жыл бойына билiк айтып отырды. Сондықтан да қазақ баспасөзiнiң тарихында бұқаралық тұңғыш басылым деген құрметке ие болды.

Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.

Алаш қозғалысының көсемі ретінде «халық жауы» деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында А.Байтұрсынұлы есімі қайтып оралды. Тамаша адамның біздің жерлесіміздің А. Байтұрсыновтың естелігі Қостанай қаласында мәңгі сақталған. Оның есімі Қостанай мемлекеттік университетіне берілді. Қала паркінде ескерткіш орнатылған, қаланың орталық көшелерінің біріне оның есімі берілген. А.Байтұрсыновтың сегіз қырлы таланты поэзияда, публицистикада, ғылымда және мәдениеттің басқа салаларында қаламының күшін байқатуға мүмкіндік берді. Ахмет Ұлы Ұстаз – бас әріппен жазылатын мұғалім болды. Ол халықтың жадында қазақ ғылым мен мәдениетінің жарқын сәулесі ретінде қалды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), «Ақ жол» кітабы (1991) жарық көрді.



Тамаша ақын, жазушы, аудармашы, журналист, педагог Міржақып Дулатұлының өмірі мен қызметі де ХХ ғасырдың басына сай келеді. Осы уақыт әлеуметтік, саяси және рухани сипаттағы қарама-қайшылықтардың асқынған кезі еді. Қоғамдық аренаға шыққан зиялы қауымның белсенді бөлігінің ішінде көзге түскен А. Байтұрсынов, М. Дулатов халықтың ұлттық сана-сезіміне әсер етті және оны азаттыққа шақырды.

Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысының үшінші ауылында, қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Қызбел елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше сауатты, өз дәулеті өзіне жетерлік, атақты шебер болған адам. Ал Міржақыптың анасы Дәмеш қарапайым да мейірімді жан еді. Ол екі жасында шешесінен, он екі жасында әкесінен айрылды. Сегіз жасында Міржақыпты ауыл молдасына оқуға береді. Мұнан кейін оның білімін жетілдірген оқу орны – 1880 жылдары Торғай дуанында бой көтерген Ыбырай Алтынсариннің уездік орыс-қазақ мектебі. Міржақып осы орыс-қазақ мектебіне 1897 жылы оқуға түсіп, оны 1902 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

Ыбырай мектебін оқып-бітіргеннен кейін Міржақып өзінің ұстаздық қызметін Торғайдағы Терісбұтақ деген жерде ауыл балаларын оқытудан бастайды. Жасы жиырмаға да толмаса да Міржақып мектептен алған білімін, өзінің дүниетанымын одан әрі дамытып, оны еліне арнауды ойлап, соған сәйкес іс-қимыл жасау үшін қазақ зиялылары шоғырланған Омбы қаласына қоныс аударады. Бұл – 1904 жыл еді. Мұнда ол Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтармен танысады. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларын аралап, көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлеседі, мәдени – саяси шараларға қатысып ой-өрісін кеңейтеді. Мұның бәрі Міржақыптың саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Бұл – Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық бірінші революцияның қарсаңы, елдің дүрлігіп, қоғамдық қозғалыстардың өз қазанында қайнап, тасып жатқан тұсы болатын. Және де бұл кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ даласына әлеуметтік қозғалыстың беделді басшысы ретінде танылып қалғанды. Олар бірін-бірі іштей тез ұғысып, бұдан былайғы өмірлерін бір мақсаттың жолына арнайды, ақтық демдері біткенше, жұп жазбайды, Міржақып Ахмет ағасына еріп, Омбыдан Қарқаралыға келеді. Осында астыртын жұмыстарға қатысады.

1909 жылы Қазан қаласында жарық көрген және қысқа мерзімде екі рет қайта басып шығарылған «Оян қазақ» өлеңдер жинағы тәркіленді, автор түрмеге қамалды. "Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, өткізбей қараңғыда бекер жасты", - Дулатовтың өлең жолдары осылай болды.

1928 жылдың аяғына қарай Қазақстанда революцияға дейінгі зиялы қауымды қуғындау басталды. М. Дулатовқа буржуазиялық-ұлттық қозғалысты жаңғыртуы бойынша заңсыз қызметіне айып тағылды. Ол тұтқындалып ату жазасына жіберілді, оны соңында 10 жыл тұтқындаумен алмастырды. Алаш ордашылардың барлық өмірі мен қызметі – халыққа және республикаға табанды қызмет етудің көрнекті үлгісі. «Алаш» буынының ұлы тұлғалары өзінің ұлты үшін шырақ, адамгершілік бағдары, жоғары адамзат рухының және Отанға қызмет етудің өшпес өнегесі болды. Өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алаш Орда еңбектерін былай сипаттады: «ХХ ғасырдың басында қазақ ұлттық идеясын қалыптастыру міндетін ұлттық ықпалдастыру идеясын алға жылжытқан рухани-интеллектуалды элита өзіне алды. Біздің отандық тарихымызда ұлттық саяси ұйымды құру фактісінің өзі аяғына дейін мойындалмайды. Оның үстіне, өз уақытында «Алаш» партиясының басшылары алға жылжытқан көптеген ережелер өзінің мағынасын қазірге дейін сақтап келеді. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым болды, ол өзінің мақсаты ретінде қазақ қоғамының біртіндеп өзгеріуін және жаңа заманғы реалийге бейімделуін мақсат етті» [7, 174-б.].

Тарих бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікке үйретеді, тағдырлары тоғысқан халық күшіне деген сенім ұялатады [8].

Өзінің концептуалды деңгейі және саяси маңызы бойынша Алаш партиясының қызметі өз заманының рухына жауап беріп қана қоймай, сондай-қ белгілі бір шамада Қазақстанның дүркіреген тәуелсіздігінің идеялық көзі болып табылды.
Әдебиеттер тізімі
1. Кыдыралина Ж. Алимхан Ермеков: служение отчизне // Мысль. –

2013. - №5. – C. 72 - 75.

2. Абдыгалиев Б. Алаш Орда // Мысль. - 2013. - №5. - май. - C. 46-48.

3. История Казахстана: белые пятна. - Алма-Ата, 1991. – 347 c.

4. История Казахстана в 5-ти т. - Алматы, 1996. - Т.1. – 544 c.

5. Козыбаев М.К. История и современность. - Алма-Ата, 1991. – 314 c.

6. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (очерк). – Алматы: Дәуір, 1993. - 363 c.



7. Назарбаев Н.А.. В потоке истории. – Алматы: Атамұра, 2000. – 271 с.

8. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда. - 2014. - 18 января.



Е.Г. Огольцова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының

аға оқытушысы, п.ғ.к.

e-mail: cmaffia72@mail.ru


ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУДАҒЫ РОЛІ (М. ШОҚАЙ,

М. ТЫНЫШПАЕВ, Т. РЫСҚҰЛОВ, Т. БОКИН, Н. НҰРМАҚОВ,

А. АЙТИЕВ, О. ЖАНДОСОВ, А. РОЗЫБАКИЕВ, С. АСФЕНДИЯРОВ)
Қазақстан тәуелсіздігі – мемлекет пен ұлт, қазақ халқының даңқты жылнама тарихында ерекше бет. Тәуелсіздік зор, ең алдымен көз көрмеген мүмкіндіктер берді, бүгінгі таңда қазақстандықтар өз тағдырының иесі болып табылады. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» Стратегиясында өзінің мемлекетті елестетуін береді: «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» [1]. Бұл шындығында осылай. Тәуелсіздік жылдары ішінде тәуелсіз Қазақстанда тәрбие алған патриоттардың жаңа буыны өсті. Нақ жастар Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050 Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қойған міндеттерін шешеді [2].

Қоғамда ұлттық сәйкестік пен руханилықты дамыту факторларының бірі болып табылатын өз тарихына қызығушылық артты. Біздің егеменді даму құндылығымыз бен оның мағынасын ойластыру өз Отанының тарихын терең білуге сүйенуі керек, ол ХХ ғасыр бойы халықтың өзінің тіршілігі туралы мәселені қоюға шақ қалатындай күйзелістен өтті.

Мемлекеттік егемендікті алу – бұл алдыңғы буын күресінің, ұмтылысының және мүддесінің қорытындысы. Қазақ хандығының көп ғасырлық тарихын сызып тастауға болмайды. Қазақтарда ұлы билеушілер – хандар, батырлар – азаттық күрескерлері болды.

Тәуелсіздік жағдайында біз ұлт тарихын жаңғыртамыз, Отанның еркіндігі мен дамуын көксеген, халық игілігі үшін өз өмірлерін қиған қазақ зиялыларының игілікті және өшпейтін естелігіне бас иеміз, олардың есімдерін қайта жаңғыртамыз.

Тәуелсіздік үшін күрес тарихы өткен өмірдің батырлық, сондай-ақ трагедиялық: жаппай саяси жазалауға, аштыққа және коллективтендіруге байланысты беттерін де өзіне қамтиды. Кеңес үкіметі қазақ зиялыларының бетке ұстарларын жазалауға ұйғарды: бұл Алаш орда қайраткерлерінің жарқын саңлақтарының тобы – Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов; көрнекті мемлекеттік қайраткерлер - Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Жалау Мыңбаев, Тоқаш Бокин, Абдрахман Айтиев, Ораз Жандосов, Абдолла Розыбакиев және т.б. Түркістан ұлттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқай эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Олардың бәрі түрлі әлеуметтік топтардан шыққан, революция дауылы дәуірінде қоғамдық-саяси таңдаудың түрлі нұсқаларының өкілдері болды, бірақ олардың бәрі туған елінің түбегейлі мүддесіне қызмет етуді өздерінің міндеті санады.

Тек тәуелсіздікке жеткеннен кейін ғана тарихтың «ақ таңбасын», алаш қозғалысы көшбасшыларының және ұлттық қайраткерлердің тағдырларын зерделеу мүмкін болды. Жақын арада Әлихан Бөкейхановтың, Тұрар Рысқұловтың, Назира Тореқұлованың, Сұлтанбек Қожановтың, Нығмет Нұрмақовтың зираттары табылды, оларға естелік қабір үсті плиталары орнатылды, Смағұл Садуақасовтың мәйіті отанына қайтарылды.

Олардың бәрінің өмірі күрес, халыққа шынайы қызмет ету және өзін-өзі құрбан ету болды.

Кеңес үкіметінің жеңісі қалыптасқан жағдайларда оны қабылдауға мәжбүрлі және мемлекеттік аппаратта жұмыс істеу туралы ұсыныстарын қабылдаған «Алаш орданың» бұрынғы қайраткерлері кеңестік үкіметке ұлттық мағына беруге, түпкілікті халықтың мүддесіне жуықтатуға, халықты прогреске қатыстыруға ұмтылды. Ұлттық қайраткерлер социалистік түрлендірулердің ауқымдары мен қарқындарының арту шамасына қарай шыққан коллизиялар мен проблемаларды анағұрлым айқын және сезімталдықпен қабылдады.

Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайұлының қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған «Яш Түркістан» журналындағы материалдар соның айғағы [3].

Жалпы Мұстафа Шоқай 20 жылдық эмиграциялық қызметінде елдегі жағдайға қатысты материалдарды егжей-тегжейлі қарастырып, талдап отырғаны белгілі. Оның қаламы ашаршылық тақырыбын айналып өтпеген. Бұл жөнінде мынадай мәліметтерге назар аударалық: 1918-22 жылдардағы «Новый мир» журналында жарияланған «Қазақ жеріндегі ашаршылық» деген мақаланың авторы – шынайы Ахмет Байтұрсынов емес. Оның мақаласын советтік цензураның 99 пайызға өзгертіп жібергені аңғарылып тұр. Өйткені, А. Байтұрсынов ешқашан айқын фактілерге қарама-қайшы келмейді» - деп аяқтаған өз мақаласын Мұстафа Шоқай [4].

1932-33 жылдары Ұлы Даланы шарпыған ашаршылық туралы, оның себептері мен салдары, экономикалық және демографиялық зардаптары туралы Тұрар Рысқұлов, Ораз Исаев, Ғабит Мүсiрепов, Мансұр Ғатаулин, Мұташ Дәулетқалиев, Емберген Алтынбеков, Қадыр Қуанышев және т.б. қазақ зиялылары Мәскеу (И.В. Сталин) мен Қызылордаға (Ф.И. Голощекин) ресми хаттар жібергені белгілі. Бұл түпнұсқалық деректер тарихымызға «Сталинге хат», «Бесеудiң хаты» деген атаулармен енді [5].

Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын талап етуін заңды процесс ретінде түсінген “Алаш” азаматтары Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізіп, ұлттық автономия мәселесін шешуді қолға алды. Осы мақсатта 1918 ж. наурызында Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Оралдан Мәскеуге барып, Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 наурызда Семейдегі Ә.Бөкейханов және Х. Ғаббасовпен телефон арқылы сөйлесті. Сөз Алашорда автономиясының мәртебесі туралы болды. Телефон арқылы сұхбаттасудағы И.Сталиннің сөзі “Сарыарқа” газетінің беттерінде қазақ тіліне аударылып жарияланды. Газетте: “Ресейдегі халықтардың құқықтары туралы халық комиссарлары шығарған белгілі ережесі бұл күнге ұлт мәселесі тақырыбын кеңес өкіметінің негізгі қызмет жобасы етіп келеді. Үшінші советтер съезі осы ережені жалғастыруға қаулы қылды. Өзінің бізге тапсырып отырған жалпықазақ съезінің қаулысы түгелімен жоғарғы жобаға сай келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің съездің қаулысы өкілдеріңіздің совет өкіметін тануға қарсы болмаса болғаны. Үшінші советтер съезі советтік федерация жобасын жасап, бұл жоба Советтер съезінің бекітуіне салынсын деп қаулы қылынды. Бұған қарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу керек, яғни тұрмысы бір, салты басқа халықтар жергілікті советтермен қосылып, автономия, федерациялау, тегінде басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығаруға съезд шақыратын комиссия құруға тырысу керек. Біз ойлаймыз, жалпы қазақ-қырғыздың өкілдері тез қамданып, ыңғайлы уақытты өткізбей, жергілікті Советтермен бірігіп, әлгідей комиссияны құрар. Сізден өтінетініміз, біздің осы жобамызды Алашорданың Кеңесіне салып жауап қайтарсаңыздар екен”,- деген мазмұнда болды [6].

Бұл берілген Сталин сөзіндегі ең елеулі нәрсе оның жалпы қазақ-қырғыз съезі қаулысы мен Ресей халықтарының құқығы туралы декларацияның өзара үндес екендігін мойындауы еді. Міне, осы үндестік Кеңес өкіметіне Алашорданы мойындауға негіз болатындығын білдіріп, Сталин тек жалғыз ғана шарт қояды. Ол өз ретінде Алашорданың Кеңес өкіметін мойындайтындығын мәлімдеуі болатын. И.Сталиннің сөзінен тағы бір жағдайды анық аңғаруға болады. Кеңес өкіметі “басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығару” үшін ең алдымен оны мойындау қажеттілігін талап етті. Сонымен бірге автономия алу мәселесі орталықта шешілетіндігін ескертті. Алашордашылар үшін мұндай жағдай қиындық тудырғанымен олар И.Сталиннің ұсынысын талқылап, автономияға қатысты өз шешімдерін мәлімдеді. Ол қаулы төмендегідей еді: 1918 жылы наурыздың 21-інде Алашорданың мүшелері ұлт жұмысын басқарушы халық комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы айтқан сөзінен кейін Кеңес өкіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі деуге қаулы қылып, төмендегі өз шарттарын білдіріп: “Желтоқсанның 5-нен 13-іне шейін Орынборда болған жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын жариялайтындықтарын, Алаш автономиясының құрамына: Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бөкей ордасы, Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Самарқанд облысының Жизақ уезі, Әмудария әнделі (бөлімі), Алтай губерниясына қараған Бийскі, Барнауыл, Змеиногор уездеріндегі қазақтар мекендеген аудандар енуге тиістігін, Алаш автономиясында заң шығаратын, ел билейтін үкімет Алашорда болатындығын, Қазақ-қырғыз істері туралы елші ретінде совет өкіметінің қасында болуға Алашорда мүшелері Халел һәм Жаһанша Досмұхамедовтар жіберілетіндігін ескертіп, жергілікті Советтердің бұйрығы бойынша ұсталып, абақтыда жатқан Алашорданың мүшелерін тоқтаусыз босатып, мұнан былай оларды өтірік шағым, жаламен қуғын-сүргінге ұшыратуды тоқтатуды” талап етті [7].

Өкінішке орай Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған талап-шарттарына тікелей ресми түрде жауап бермеді. Себебі алашордалықтардың автономия құру жөніндегі талаптары кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы келетін еді. Ұлт мәселесін пролетарлық диктатураның құрамдас бөлігі ретінде қарастыратын кеңес өкіметіне алаштықтардың ұсынысы кереғар болғандығын аңғару қиын емес. Сондықтан да 1918 жылдың 28-наурызында Мәскеуден Семейдегі Қазақ комитетіне И.Сталин және мұсылмандар ісі бойынша комиссар Вахитов қол қойған жеделхат келді. Жеделхатта “қырғыз істері бойынша Комиссариат құру үшін тез арада өкілдер жіберу” жөнінде айтылды. Мұның өзі кеңес өкіметінің өлкедегі барлық істі өз қолдарына алғандығын көрсетті [8].

Осы жылдың 29-наурызында Семейге Х.Ғаббасовтың атына Мәскеудегі Алашорда үкіметінің өкілдері Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерден жеделхат келді. Онда Кеңес өкіметінің тұтқынға алынған қазақ қайраткерлерін тегіс босату туралы облыстық кеңестерге әмір бергендігі және Алашорда өкіметінің қойған талаптарына таяу арада жауап беруге уәде еткендігі айтылды. Жеделхатта Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан қазақ бөлімі ашылып, оның құрамына қазақ халқының өкілдерін сайлау құқығы Алашордаға берілетіндігі де айтылған. “Сырдария” газетінде жарияланған осындай мәліметтер шындыққа жанасады. Оған дәлел ретінде Алашорда атынан РКФСР-дің Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И. Сталинмен Семейден тура телеграф сымы арқылы келіссөз жүргізген Халел Ғаббасовтың 1929 жылғы қарашаның 10-ында ОГПУ-дің тергеушісіне берген жауабын келтіруге болады [9]. Онда былай делінген: “Келіссөздерде мен Совет өкіметінің декларациясының идеяларына сәйкес қазақ халқының өзін-өзі билеу құқығының кедергісіз жүзеге асырылуын талап еттім. Барлығы есімде жоқ, дегенмен де мен он төрт тармақтан тұратын талаптар қойдым. Олардың жадымда қалған негізгілері: таратылған қазақ мекемелерін қалпына келтіру, Совет өкіметі жағдайындағы ұлттық автономияны құру, қазақ халқының тұтқынға алынған қайраткерлерін босату.

Әйтсе де іс жүзінде Кеңес өкіметі Алашорда үкіметінің өзін де талаптарын да мойындағысы келмеді. Сондықтан да Х.Ғаббасов 1918 жылдың 1 сәуірінде РКФСР Халық Комиссарлары мен Ұлт істері жөніндегі комиссариатқа жеделхат жолдап, қазақ халқының ұлттық тұтастық мүддесін көздейтін Алашорда өкіметін тез арада ресми түрде мойындауын тағы да талап етті. Алаш басшыларының Кеңес үкіметімен жүргізілген келіссөздердің нәтижесіз аяқталуына 1917 ж. күзінде құрылған, жетекшісі Көлбай Тоғысов болған, өздерін “Қырғыз (қазақ) социалистік партиясы” деп атаған “Үш жүз” партиясы да ықпал жасады. Бұл негізінен ұсақ-буржуазиялық социалистік партия еді. Партияның саяси көзқарасы мен практикалық іс-әрекеті 1917 жылдың күзінен 1918 жылдың басына дейін елеулі түрде өзгерді. Әуелгі кезде «үшжүзшілер» социалист-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, 1918 жылдың қаңтарынан бастап Кеңес үкіметін жер-жерде ұйымдастырып, нығайту ісіне белсенді түрде араласып кетеді. 1918 жылдың бас кезінен-ақ «үшжүзшілер» большевиктермен одақтасып, Алашордаға қарсы күресті.

Қоғам мен өркениет түпнұсқалы ойлауға және өзгеше әрекет етуге қабілетті көшбасшыларды қажет етеді. Олардың ұмтылыс ырғағы: жаңалықтан артта қалмау және қоғамдық даму жолының алдын орау.

Жаңашылдық жаңашыл идеяларды және көзқарас бағдарларын қажет етеді. Бүгінгі күні тарихта белгілі өткен ғасырдың 20-30 жж. зиялылар буынының ар-намысы мен ерлігі қажет. Зиялы қауымның идеялары, нормалары мен құндылықтары қоғамда мойындалуы тиіс.

ХХ ғ. басындағы қазақ зиялы қауымының алға жылжытқан идеялары мен идеалдары, ережелері мен принциптері өзінің мәнін сақтайды және қазір де қажет етіледі. Бұл экономиканы түрлендіру, демократиялық, құқықтық мемлекет, тең құқылық, қоғамдық келісім мен бейбітшілік, ұлттың мәдени прогресі, элитаны ғана емес, кең бұқараны мемлекетті басқару ісіне шақыру.

Қазіргі кезде Тәуелсіздік жағдайында біз өткен ғасырдың алғашқы қазақ интеллектуалдарының идеялары мен жаңа заман арасында өзара сабақтас байланысты байқаймыз. Сонымен 1990 жж. басынан бастап Орталық Азия одағын құру идеясын ұсынған егеменді Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Орталық Аазия мемлекеттері бірлігінің идеясын алғаш рет Мұстафа Шоқай алға қойғанын еске салды [10]. Сондай-ақ өз уақытында «түрік жобасы», түрік партияларын біріктіру идеясын Тұрар Рысқұлов ұсынғаны белгілі.

Әлі күнге дейін Мұстафа Шоқайдың шығармашылық мұрасы патриотизм күшімен, өзінің идеалдары мен принциптеріне адалдығымен бізді таң қалдыруын жалғастырып келеді. Шоқайдың аппарат қызметкері, шенеулік туралы ойлары қазір де маңыздылығын жоғалтқан жоқ: «Ұлттық кадр» біз үшін – бұл, ең алдымен, өзінің ұлттық парызын кімнің болмасын бұйрығымен істесе де, ар-ұят парызы бойынша орындайтын ұлт қызметшісі» [7].

Уақыт өтеді, жаңа ұрпақ өмірге келеді, бірақ ХХ ғасырдың басында қалыптасқан парасаты мен рухы жоғары адамдардың қоғамдық ойлары мен рухани тәжірибесінің қасиетті мұрасы кейінгі он жылдық, жүз жылдық та да осы жерге, оның халқына қызмет етеді, оның болашақ тарихын қолдайды.


Әдебиеттер тізімі
1. Стратегия «Казахстан - 2030» // http://www.akorda.kz.

2. Стратегия «Казахстан – 2050» // http://www.akorda.kz.

3. Рыскулов Т.Собрание сочинений в трех томах. Том 3. – Алматы: Қазақстан, 1998. – С. 306-310.

4. Великие мысли великих людей: Антология афоризма: В 3-х томах. Том 3: XIX-XX вв. / Сост. И.И. Комарова, А.П. Кондрашов. – М.: РИПОЛ классик, 2004. – 340 с.

5. Лебон Гюстав. Психология толп. – М.: Институт психологии РАН, Изд-во «КСП+», 1998. – С. 123, 125.

6. Специальный государственный архив Комитета национальной безопасности Республики Казахстан. Ф. 9. Оп. 87. Арх. № 3. Л. 32.

7. Шоқай М. Таңдамалы. - Т. 1. – Алматы: Кайнар, 1998. –  187 с.

8. Ильин И.А. Основная задача грядущей России 1950 г. // Наши задачи. Статьи 1948-1954 гг.: в 2 т. Т. 1. – М.: Айрис-пресс, 2008. – 296 с.

9. Ильин И.А. О воспитании в грядущей России // Наши задачи. Статьи 1948-1954 гг.: в 2 т. Т. 2. – М.: Айрис-пресс, 2008. – 180 с.

10. Новый Казахстан. Разговор о стране. Интервью Главы государства Нурсултана Назарбаева ведущим авторских программ республиканских каналов // Казахстанская правда, 2007, 10 апреля.



М.Ж. Сүлейменова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

«Қазақстан тарихы» кафедрасының

доценті, т.ғ.к.

е-mail: smj_46@mail.ru

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР – ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ (Б. МОМЫШҰЛЫ, И.В. ПАНФИЛОВ, Т. БЕГЕЛДИНОВ,

М. ҒАБДУЛЛИН, С. ЛУГАНСКИЙ, М. МАМЕТОВА,

А. МОЛДАҒҰЛОВА, Н. ӘБДІРОВ ЖӘНЕ Т.Б.)
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса- көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды. КСРО-ға қарсы соғысқа Германияның одақтастары — Румыния, Венгрия, Италия, Словакия, Финляндия қатысты. Гитлершілдердің жағында соғысқа кіруге Жапония, Болгария, Түркия, Испания дайын тұрды. Бұл жағдай Қызыл Армияны Қиыр Шығыс пен Закавказьеде ірі әскери құрамаларын ұстап тұруға мәжбүр етті. Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. 1930 жылдардағы әскерилерді қудалау соғыстың алғашқы күндерінде сәтсіздіктерге ұшыратты.

И.В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс «Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Алғашқы күндердің өзінде ақын В. Лебедев-Кумач пен композитор А. Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ әнұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды.

Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316- шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы атты әскер дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 209- Зайсан, 219-минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа бөленді. Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия, 328-дивизия 30-гвардиялық дивизия болып, 75-теңіз бригадасы 27-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табан трактор, 110,4 мың жылқы мен 16,2 мың арба жіберілді [1, 3-б.].

Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312-атқыштар дивизиясы (командирі — полковник А. Ф. Наумов, кейіннен генерал-майор) айқасқа кірісті. 312-дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия өзінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастардың бірінде ержүрек жауынгер, талантты командир, генерал-майор И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына (бұрынғы 316-дивизия) генералдың есімі берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары — Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г. П Коротков басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Алексин қаласы үшін шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы (атқыш) — Рамазан Амангелдиев қатысты.

1941 жылы Алматы, Ташкент, Фрунзе (қазіргі Бішкек) т. б. қалалардағы әскери училищелердің курсанттарынан 39-жеке атқыштар бригадасы құрылып, 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы тәрізді жауды Мәскеу түбінде талқандап, неміс-фашист басқыншылары басып алған қалаларды азат етті. Жауынгерлік ерлігі мен берік тәртібі үшін 79- атқыштар бригадасы 73-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, оған Сталинградтық дивизия атағы берілді. Еділ үшін болған шайқаста басқа көптеген жауынгерлермен бірге 22-артиллериялық полктық қазақ жауынгерлері де даңққа бөленді. Полк жауынгерлері неміс танкілерін жоюда ерен ерлік көрсетті. 1943 жылы Орал облысынан майданға 24 қазақ қыздары аттанды. Подольск қаласындағы мергендер мектебін бітірген соң, олар Сталинград майданына келді. Ержүрек қазақ қыздарының даңқы бүкіл майданға тарады, олардың ішінде М. Тоқтамысова, Р. Момынова, А. Бекетова, М. Нестеренко, Е. Семенюк т. б. болды [2, 2-б.].

Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік-батыс бөлігін қамтыды. Барлық ұлттардың жауынгерлерімен бірге қазақ жауынгерлері де Ленинградты табан тіреп қорғады. Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық-түлік, қару-жарақ пен әскери құрал-жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді. Ладога көлі аймағындағы алғашқы шайқастардың өзінде-ақ қазақстандық 310-шы, 314-атқыштар дивизиялары ерекше көзге түсті. Қазақстандык жауынгерлер Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге, «Өмір жолын» салуға қатысты. Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі мәңгіге қалды. Ержүрек комсомол, мерген қызды III дәрежелі Даңқ орденімен марапаттады, ал қаза тапқаннан кейін 1944 жылы шілдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 24-атқыштар бригадасында қызмет еткен 3. Оңғарбаева да ержүрек жауынгер ретінде көпке танылды.

Қазақстан жауынгерлері Балтықтың теңіз шептерін табанды түрде қорғады. Қызыл тулы «Киров» крейсерінде соғыс басталғанға дейін жіберілген 156 қазақстандық ерлігімен көзге түсті. 1942 жылы жаз бен күзде соғыстың шешуші оқиғалары КСРО-ның оңтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ мен Дон өзендерінің аралығында болды. Қазақстанда құрылған бөлімшелер Еділдегі шайқасқа да қатысты. Қаһарман-қала Сталинградтың (қазіргі Волгоград) тұрғындарының есінде Қазақстанда жасақталған, полковник Г. Сафиуллин басқарған 38-шы атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерліктері жатталып қалды. Сталинград түбіндегі қорғаныс шайқастарында дивизияда мергендік қозғалыс өрістеді.

Мыңдаған қазақстандықтар Еділ бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Ұшқыш Нүркен Әбдіровке, танкист Тимофей Позолотинге, атқыш Гияз Рамаевқа, минометші Қарсыбай Спатаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Көптеген қазақстандықтар Курск доғасында шайқасқан Брянск, Орталық, Воронеж және Далалық майдандардағы әскери құрамалар мен бөлімдердің құрамында неміс-фашист әскерлерін талқандауға елеулі үлес қосты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі, үздік әскери қимыл-әрекеттері үшін 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының 7 500 солдат, сержанттары мен офицерлері (оның ішінде А. Бельгиннің батальоны да бар) КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталды, 27 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Днепрден өту шайқастарына қатысқан 73-ші гвардиялық дивизияның 210 жауынгеріне, 72-ші гвардиялық дивизияның 29 жауынгеріне, 8-ші гвардиялық дивизияның 46 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жоғарғы үкімет марапатына ие болғандардың арасында А. Әлімбетов, Ж. Сүлейменов, С. Жақсығұлов, Қ. Шәкенов, С. Шәкіров, А. Петров, В. Бреусов, Т. Вербицкийлер болды. 1943 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан еңбекшілеріне жазған хатында 25-гвардиялық атқыштар корпусының командирі былай деген: «Днепрдегі ұлы шайқаста қазақ халқының ұлдары жауға өздерінің біздің Отан-анамызға деген ыстық махаббатын тағы да көрсетті, олардың тамырларында халық батыры Амангелдінің батырлық қанының суымағанын танытты. Днепр жағалаулары мен Днепрден өту кезіндегі шайқастарда қазақтар көрсеткен ерліктердің бәрін санап бітпейсің» [3, 155-б.].

Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты. Елдің басқа халықтарымен бірге олар жау уақытша басып алған аумақтардағы партизандық қозғалысқа қатысты. Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында (толық емес деректер бойынша) 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты. Смоленск облысындағы 15 партизан бригадалары мен отрядтарында 270 қазақстандық ұрыстарға қатысты. Белоруссияның әр түрлі аймақтарында әрекет еткен 65 партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында 1500-ден аса қазақстандық болды. Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жетті. Партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдин т. б. батырларының есімі көпке танылды. Халық кекшілдерінің қатарында қазақстандық әйелдер — Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова т. б. аянбай шайқасты. Еуропа елдерінде Қарсыласу қозғалысына қатысушы қазақстандықтар фашистерге қарсы күресте батырлық пен ерлік көрсетті. Поляк партизандық жасақтарында Жамбыл облысынан Салтынбек Төлешов, Шығыс Қазақстан облысынан Константин Трокин, Қарағанды облысынан Михаил Авдейчик, Қызылорда облысынан Омар Тойымбетов тағы басқалары шайқасты. Словакиядағы Турея өзені бойында казақстандық Петр Величконың басшылығымен партизандық құрама жасақталды. Чехословакияны неміс фашистерінен азат етудегі партизандық ұрыс қимылдарына алматылық Алексей Ильин, семейлік Николай Мошкин, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Жұбандық Сұранқұлов, павлодарлық Николай Тарановтар қатысты. Югославия жерінде фашистерге қарсы шайқаста көкшетаулық Телжан Желқожинов, Ақтөбе облысының тұрғыны Арық Есентаевтар ерлік көрсетті. Грекия жерінде фашистерге қарсы күресте алматылық Петр Рев, француз қарсыласу қозғалысы сапында Дәулет Қаражұмынның батырлығымен аты шықты. 1943 жылдың жазында Бельгияда фашистік тұтқыннан қашып шыққан кеңес әскерлері партизандық бөлім құрды. Олардың ішінде қазақстандық — Ақтөбе облысынан Өтеген Абдуллин, алматылық Иван Қарасев, Ақтөбеден Борис Бондаренко, Талдықорған облысынан Федор Малаховтар болды. Қазақстандық 23 жауынгер итальяндық қарсыласу қозғалысы құрамында — Қарағандыдан Тәкіш Әлпеисов, Қызылордадан Қалданбек Дүйсенбеков, Актөбеден Жаймақ Келшіков, Целиноград облысынан Николай Дрожаков және Топай Сәдуақасов т. б. жаумен қасық қаны қалғанша шайқасты.

Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі — бір орденмен, төртеуі — екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары — Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш — Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметті атақ берілді. 1941 жылы Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник шенінде аяқтады. Әділеттілік тек 45 жылдан соң, қазақтың ұлттық батыры өмірден қайтқаннан кейін ғана қалпына келтірілді. «Даңқ орденінің толық иегері» атағына 110 қазақстандық ие болды. 1941 жылы 26 маусымда әуеде от-жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкісі колоннасы үстіне шүйілтіп, жандарын пида еткен казақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз Бейсекбаев пен ұшақ экипажына 1996 жылы 2 мамырда Ресей Федерацясының Батыры атағы берілді. Рейхстагқа тікелей шабуыл жасап, оған Жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандықтар Р. Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А. Бақтыгереев, пулеметші A.Е.Вицко, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.

Неміс басқыншыларын кеңес жерінен қуған Кеңес Одағының Қарулы Күштері дүниежүзілік тарихи миссияны — Еуропаны гитлерлік оккупациядан азат етуді жүзеге асыруға кірісті. Румыния мен Бол- гарияны азат ету шайқастарына 387-ші қазақстандық атқыштар дивизиясы қатысты. Югославияда 73-ші гвардиялық дивизия шайқасты. Ұлы Отан соғысының ірі, шешуші операциясы — Берлинді алуға 150-ші атқыштар дивизиясы қатысты. Шайқас қызып жатқан уақытта қазақстандықтар — офицер Р.Қошқарбаев, қатардағы жауынгер Г. Булатов, кіші сержант М. Еремин, қатардағы жауынгер Г. Сывенко т.б. тіккен қызыл тулар желбіреп тұрды. Берлинге тіке шабуыл жасауға «Қазақстан комсомолы» танк колоннасының танкілері қатынасты. Бұл колонна Қазақстан еңбекшілерінің жеке қаражаттарымен құрылған еді. Республика патриоттары соғыс жылдары 480 миллион сом жинап, бұл қаржыға «Қазақстан колхозшысы», «Түрксібші», «Қазақстан кеншісі», «Қазақстан мұнайшысы», «Қазақстан металлургі», «Қазақстан пионері» атты т. б. майдандардағы армиялардың құрамына кірген танк колонналары мен авиаэскадрильялары жабдықталды.

Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері Квантун армиясымен болған шайқастарға да қатысты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін 2027 қазақстандық ордендермен, медальдармен марапатталды, олардың ішінде 14-і — «Кореяны азат еткені үшін», 234-і — «Жапонияны жеңгені үшін» медаліне ие болды.

Жеңіс күнін армия қатарында болған, Қазақстанда құрылған 12 дивизия, 3 атқыштар, 1 артиллерия, 1 минометші, 2 авиация полкі, басқа да бірнеше әскери бөлімшелер қарсы алды. 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды, оның 97-і қазақтар. Б. Момышұлы, Б. Бейсекбаев, X. Доспанова т.б. қазақстандық батырлар соғыстан кейінгі кезенде марапатталды.

Бүгінгі таңда қазақтардың Ұлы Отан соғысындағы адам шығыны жөнінде әр түрлі пікір айтылып жүр. Цифрлар 350 мыңнан бастап 410 мыңға дейінгі деңгейді меңзейді. Бірақ мұнда республикадан тыс жерлерден майданға аттанған қазақтар, еңбек армиясынан оралмай қалғандар, майданда алған жарақаттан қаза тапқандар еніп отырған жоқ. 1930-1937 жылдардағы қуғын-сүргіннен аман қалған зиялылар өкілдерін майданға аттандырған қазақ халқының өзінің ең талантты азаматтарынан айырылғаны даусыз факт еді [4, 1-2-б].

Қазақстандық құрамалар Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск доғасындағы шайқастарға, Днепрден өту мен Украина, Белоруссия, Молдова мен Балтық елдерін, Еуропа халықтарын фашистік езгіден азат ету шайқастарына қатысты.

1945 жылы 8 мамырда Потсдамда гитлерлік Германияның сөзсіз тізе бүгу Актісіне қол қойылды. Сол жылдың 2 қыркүйегінде американдық «Миссури» линкорының бортында милитаристік Жапонияның сөзсіз тізе бүгуі жөніндегі Актіге қол қойылды. Бұл оқиғаның жедел өткізілуіне: біріншіден, Кеңес Армиясының Қиыр Шығыста (Маньчжурияда) жапондық Квантун армиясын қысқа мерзімде талқандауы, екіншіден, американдықтардың жапон қалалары Хиросима мен Нагасакиге екі атом бомбасын тастауы себепші болды. Жапонияның тізе бүгуімен Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.

Әдебиеттер тізімі


1. Указ Президента Российской Федерации Б.Н. Ельцина № 635 от 02.05.1996 г. //Казахстанская правда, 1998, 27 мая.

2. Указ президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева от 07.05.1990 г. //Казахстанская правда, 1990, 12 декабря.

3. Иллюстрированная история Казахстана: С древнейших времен до наших дней: В 4-х томах.- Алматы, 2005. Т.3: Казахстан во 2-й половине XIX в. до первой половины XX в. – 2005. – 320 с.



4. Выступление Президента РК Н.А. Назарбаева на торжественном собрании, посвященном 60-летию Победы в Великой Отечественной войне, 6 мая 2005 года // Казахстанская правда, 7 мая, 2005 года.

Т.Ж. Мақалаков,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

«Қазақстан тарихы» кафедрасының

аға оқытушысы

e-mail: makalakov77



ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ – ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚАЙРАТКЕР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ
Олжас Омарұлы Сүлейменов – ақын, жазушы-әдебиеттанушы, орыс тілді қазақ, тілтанушы, Қазақтың қоғамдық-саяси қызметкері және дипломат. Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда кавалер полкінің офицері отбасында туған, 1937 жылы репрессияға ұшыраған. 1954 жылы мектепті бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетіне геологиялық барлау факультетіне түсті. Оқуының соңғы жылдарын жұмыспен ұштастырып, геологиялық барлау партиясында жұмыс істеді. 1955 жылы әдебиетке деген құлшынысынан жұмыс істей бастады, 1958 жылы екінші рет Мәскеудің А. М. Горький атындағы Әдебиет институтына поэтикалық аударма бөліміне түсіп, 1961 жылы бітіріп шықты.

«Казахстанская правда» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді, «Қазақфильм» киностудиясында сценари-редакциялық коллегиясының бас редакторы, «Простор» журналының журналистика бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы болып сайланды. Гагариннің космосқа ұшқанын хабарлағанда, 1961 жылдың 12 сәуірінде Олжас Сүлейменовтың өлеңі газетке шыққанда листовка ретінде Алматы және басқа да Қазақстанның қалаларында ұшақтан жерге лақтырылды. Әсерлегіш заманалық маңызы бар жаңалық, ақын өлеңін бір аптада «Адамға табын жер енді!» поэмасына айналдырды да, мамырда жарыққа шықты, бұл авторға үлкен танымалдылық сыйлады.

Сүлейменов сол сияқты танымалы автор, «Игорь полкы туралы сөзіне» де арнаған. Бұл тақырыпқа ол 1961 жылдан қызыққан болатын, Әдебиет институтының студенті бола жүріп, «Сөз» туралы жұмысын жариялаған. Оның дипломдық жұмысының тақырыбы тарихи грамматика бойынша - «Повести временных лет» жанды және жансыз категориялар», кандидаттық диссертациясының тақырыбы «Игорь полкы туралы сөзіндегі Тюркология» [2, 84-б.].

Сүлейменов өз концепциясында «Мен бірінші рет, «Игорь полкы туралы сөз» екі тілді оқырмандар үшін екітілді автордың жазғанын айттым дейді [1, 13-б.]. Түркі тілін білетін орыс жазды десек те болады. Яғни, сол кезде Ресейде билингвизм қолданылған. Мен осыны, көптеген көне рессей деректеріндегі мәліметтерге сүйене отырып дәлелдегім келді. Кеңестік дәуірдегі тарихи ғылымда, орыс тіліне половецк және татар-монгол шапқыншылығы кезінен тек қана бірнеше түрік сөздері енді, олар арқан немесе қымыз деген. Мен КӨРІНБЕЙТІН түркизм туралы айтқанмын, әрқашан орыстікі деп есептейтін. Бұл енді академиктерді таң қалдырды. Мені таң қалдырарлық жай, алғаш екітілде оқитын оқырмандар қатарынан табылып «Игорь полкы туралы сөзін» оқыдым.

Сүлейменовтің жалпы жұмысының негізі «Сөздегі» кең көлемдегі түрік лексикасы мен түрік фразаларының қабатын анықтауға бағытталған, толық аяқталған мағынаға ие болған, сол сияқты «АзиЯ» кітабымен жалпыға танылды.

Кітап алғаш рет Ресей мәдениет фондының «Грифон» баспасымен Ресейде 2005 жылы шыққан, төрағасы Никита Михалков болған.

Сүлейменов 1972 жылдан бастап Қазақ комитетінің Азия және Африка жазушылармен байланыс орнатудың төрағасы болған. 70 жылдардан–80 жылдардың аяғына дейін Кеңес комитетінің Азия және Африка елдерімен байланыс орнату төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. 70-шы жылдары әдеби дарыны мен азаматтық көзқарасы айқын көрінеді. 18 жыл Қазақстан шахмат федерациясын басқарған, мемлекеттің саяси өміріне де белсенді араласқан.

Олжас Сүлейменов 1989 жылдың басында КСРО халық депутатына сайлау алдындағы бағдарламада Қазақстан Жазушылар Одағында бірінші хатшы болды. Оның бағдарламасының бірінші пункті-Қазақстанда атом сынағына тыйым салу. 1973 жылы Олжас Сүлейменов кеңес уақыты кезінде Қазақстан туралы «Жабайы жер» деген өлеңін жазған, соңғы шумағы «Сынаққа тыйым салынсын» деп аяқталады. Әрине өлең Семейдегі атомдық полигон сынағы туралы. Қызу соғыс кезінде болғандықтан ерлік болып саналған. Тек 1949-1963 жылдар аралығында жарылған атомдық және сутекті бомбалардың қуаты Хиросимаға лақтырылған американың атом бомбасынан 2500 рет қуатты болған. Әрине өлең Семейдегі атомдық полигон сынағы туралы. Қызу соғыс кезінде болғанда бұл ерлік болып саналар еді. Тек 1949-1963 жылдар аралығында жарылған атомдық және сутекті бомбалардың қуаты Хиросимаға лақтырылған американың атом бомбасынан 2500 рет қуатты болған. Ол аймақта үрейлі экологиялық апат тудырды. Халық ақыны өз өлеңдерімен осы жағдайларды елге жеткізіп, қарсы тұрмағанда басқа кім жырлар еді.

1989 жылдың ақпан айында Олжас Сүлейменов Қазақстан халқына үндеуімен теледидардан шығады, келесі күні Алматыдағы Жазушылар Одағының ғимарат алдындағы көтерілісте, атомдық бомбаға қарсы «Невада-Семей» қозғалысын жариялайды. Бір ай ішінде атомдық бомбаға қарсылық туралы халық ішінен 4 миллион қолхат жиналады. Жаз айында Олжас Сүлейменов КСРО халық депутаттарының 1 съезінде қозғалыстың мақсаты мен талаптары туралы мәлімдеме жасайды. 1989 жылдың 19 қазанында Семейде атом сынағы тоқтатылғаннан кейін, 1990 жылдың мамыр айында алғаш «Ядроға қарсы конгресс» өтті. Конгресс мемлекеттің қатысуынсыз өтті, өйткені мемлекет пен қозғалыстың мақсаттары бір-біріне қарама-қайшы келетін, қоғам жарылысты тоқтатуды талап етті, мемлекет жалғастыруда болды. Қозғалысқа көмек ретінде шахматтан әлемнің экс чемпионы Анатолий Карпов Әлем Фондынан 400000 рубль аударады. Олжас Сүлейменов 1977-1995 жылдар аралығында Қазақстандағы шахмат федерациясының төрағасы болған [3, 1-б.]. 1991 жылы 29 тамызында Н.Ә. Назарбаевтің жарлығы бойынша мәңгіге полигон жабылды, содан кейін атом жарылысына қарсы әлем бойынша мораторий өтті: Жаңа Жерде (Ресей), Невадада (АҚШ), Муруорада (Франция), Лобнор көлі (Китай) да атом жарылысы тоқтатылды. Атом жарылысын тоқтату туралы көп мемлекеттер өзара келісім құрды. Атом жарылысына қарсы халық қозғалысына арнап Жазушылар Одағының ғимарат алдына жазумен гранитты куб қойылған.

Осындай жетістіктерден кейін қозғалыс «Қазақстан Халықтық конгресі» атты саяси партияға айналды (1991-1995). Осы жылдар бойы Сүлейменов Олжас Омарұлы партия жетекшісі болды.

1995 жылы Олжас Сүлейменов Қазақстан Республиканың Президентінің дипломатиялық жұмысқа көшу туралы ұсынысын қабыл алды. Ол Грецияда, Италияда және Мальтада Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі болып жұмыс істеді. 1997 жылы Италия Президенті Оскар Луиджи Скальфаро ҚР-на алғаш рет ресми түрде келіп, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық келісімі жасалады. Осындай келісімді Азия континентінде Италия тек Жапониямен жасаған болатын. Бос уақыттарында ол ғылыми зерттеулермен айналысқан. Оның көпжылдық еңбегі «Язык письма» (жазулар мен тілдің пайда болу туралы) болып саналады, ол 1998 жылы Римде де шыққан. Жазушы Тимур Зульфикаров «Пирамида Олжаса в пустыне варварства» мақаласында былай жазған: «Язык письма» кітабын бүкіл ғылыми-зерттеу институты барлық кафедрасымен бірлесіп жазған секілді...» Бұл кітап 2006 жылы Киевте украин тілінде шыққан болатын, авторы «Ярослава Мудрого» орденімен марапатталған болатын. Келесі жұмыстары «Улыбка бога» 1998 жылы Римде басылған. Сүлейменов: «мен «АЗиЯ» кітабында айтылмай қалған және түсіндірілмеген ойларды қарастырдым. Шын ғылыми түсінік осында: «Қиылысатын параллельдер» (түркославистикаға кіріспе) Алматы 2001, «Тарихқа дейінгі түріктер» ( көнетүрік тілдер және жазбалар туралы), 2002. Түріктану саласындағы үлкен жетістіктері үшін Сүлейменов «Күлтегін» сыйлығының алғаш лауреаты атанды. Бұл зерттеулері үшін «За вклад в тюркский мир» халықаралық сыйлығына ие болды (Турция) [5, 96-б.].

Сүлейменов 2002 жылдан бастап жаңа қызмет атқарды – ЮНЕСКО-да Қазақстан өкілі. Олжас Сүлейменовты жайдан жай ақындар алпыстығына қоспаған, достары сол жылдағы - Андрей Вознисенский, Евгений Евтушенко, Роберт Рождественский. Олжасқа және Алматы қасында болған апатқа арнап Вознисенскидің жазған өлеңі «АТЕ 36-70» немесе «2 секунд, 20 маусым 1970 жылы» Сүлейменовтың өлеңге қызығушылығы артып өзі де өлеңдер жазған болатын «Махамбетті оқып», «Зачитываюсь Махамбетом, Заслышу Азию во мне, Антенной вздрогнет в кабинете Стрела, торчащая в стене».

Роберт Рождественский «Достар туралы» өлеңін былай бастаған «Олжас, Мумин, Виталий». 1968 жылы Римма Казакова «Люблю тебя, товарищ мой Олжас» өлеңін арнап жазған болатын. Осындай әлемге танымалдылығын әйгілі сыншы Лев Аннинский былай баяндаған: «Поэт оказался на скрещении культур, на скрещении традиций: он счастливо совместил в себе сразу многое: молодой задор и книжную образованност и ассоциативную экспрессию распространенного сегодня поэтического стиля… и филологическую любовь к мировым построениям, в которых Пушкин встречается у Сулейменова с Чоканом Валихановым, Конфуцием и Тагоро и местную обжигательную степную специфику». Олжас Сүлейменовтың өлеңдері мен дастандары ағылшын, француз, неміс, испан, словак, болгар, монғол және түрік тілдеріне аударылған. Қазақ ақыны әсіресе Францияда әйгілі болған, осы жерде оның әр уақытта басылып шыққан өлеңдерімен қатар ақындық жинақтары да басылып шыққан. Парижде шыққан танымал «Маймыл жылы» (1967) жинағы Франция әдебиеттанушылар арасында пікірталас тудырған. Лили Дени 19 маусым 1968 жылы «Летер франсез» газетінде: «Олжастың шығармаларында мен бір мезгілде болашақ пен өткенді оқыдым. Түбір туралы сөздер»

Ақын көпшілікке қазір де танымал болған, болады да. 2011 жылдың 19 мамыры Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасында өткен шығармашылық кешінде ақын өлеңдерін оқып, «Олжас кітапханасы» баспа үйін ашқан болатын. Олжас Омарұлының әкімшілдік пен шетелдік марапаттарына тағы біреуі қосылды: Азербайжан президенті мерейтойына қарсы Сүлейменовты «Достлуг» орденімен марапаттау туралы үкім шығарды.

Сүлейменов өз оқырмандарының көңілін, өлеңдеріндегі іштей тілдік ұқсастықтың парадигмі, оқшаулықтан қорғайтын және бір мезетте мәдениетті құрайтын лексикалық қабатты және грамматикалық құрылысты ғасырлар бойғы керемет тұрақтылықты ұстанады.

Барлық әлемдік тілдер бір-бірімен байланысты және бұл ой оқырмандарды ертеден өркениеттік даму беталысында туындаған жаһандану ойға келеді. Философиялық пішін туындайды, тарих мәдениеттің сіңісу үдерісі сияқты, интегральді әлемдік мәдениетті объективті қалыптастыру, ең сенімді тілді сақтаушылар болып табылады.

Бұрын сөнген жұлдыздардың қалдық нұры бізге жер жүзінің бастамалары туралы айтатындай, Сүлейменов іздеген ескіден қалған жұрнақтары бүгінгі еуропалық прогресс пен кешегі азиялық әлемнің тығыз байланысын растап, еуразиялық әлемдегі этногенездің ақиқатты жағдайын қалпына келтіргісі келетін ойшылдың табиғи отаншылдық ұмтылысы ретінде қабылданады, бұл өз орнында заманауи әлемнің рухани бейнесін анағұрлым түрде көрсетеді.

Олжас Сүлейменов диалектикасының қорытындылары «Тарихтан бұрыңғы түркілер» атты кітабында көрінісін тапты. Бұл ерте өркениеттің пайда болуындағы түркіге дейінгі қауымдастығының рөлін көрмей ғана қоймай, толық «қатып қалушылықтың» салдарынан даусыз тарихи фактілер алдында да түркі ықпалын ескере отырып, адамзаттың көп ғасырлық даму парадигмасын түзете алмаған хрестоматиялық тарихнама апологеттеріне тастаған шақыру болды.

Кітаптың осындай бейнелі атауы түркі әлемінің келешек шарықтауы туралы ескертеді, осының алғышарты ретінде осы әлемнің халықтарының тарихи естеліктерді қарқынды тауып алуы болып табылады. Шынымен де, тарихқа дейінгі заман қалай болуы мүмкін, егер, жазулар азиялық кеңістіктегі әлеуметтік және мәдени-ұйымдастырылған бұрынғы заманғы мемлекеттер туралы, қазіргі заманғы Спарта немесе оған дейінгі басқа мемлекеттер туралы хабарын жеткізеді, әлде бұл «тарихқа дейінгі заман» терминін болашаққа кескіндеу қажеттілігіне мысқылдап көрсететін әлдебір баянсыздық па.

О. Сүлейменов Еуразия тілдерінің жоғарғы лексикалық қабаттарын ашып, көптеген сөздер түбірлерінің ежелгі оғыз-қыпшақ ойкүмендерінің тұспа-тұс келетіндігін анық жеткіліктікпен көрсетеді. Оның үстіне, шумер тілінде де түркі сөздерінің тиянақты дәлелдерін таба аламыз. Алайда, ежелгі замандар шаңы басып кеткен континенттерде түркі тілінің лексикалық ұқсастықтары мен қалдықтарын іздеудің мәнісі неде?

Олжас Сүлейменов «адам – мәдени тұлға» деген мызғымас ақиқатқа негізделеді, яғни адам өз тұлғасында мәдениетті қолдап, дамытуының арқасында түр ретінде сақталып, өзін одан әрі дамытып өзін-өзі кемелдендіруге дайын.

Ежелдегі түріктердің орын ауыстырулары адамзат сегменттерін бір мәдени тұтастыққа қосатын қантамырлары болды. Білім иелері және әлеуметтік-тарихи тәжірибенің таратушылары бола отырып, олар өркениеттерге ортақ құндылықтарды қалыптастыруда баға жетпес роль ойнады.

Ежелдегі мәліметтерді сақтап қалған руналық жазбалардың ескерткіштері – Орхон-Енисей стелалары, көптеген түркі тілді сына жазулары әрқашан да Ескі Әлемнің гуманитарлы толымды өмірінің деректері болып қала береді. Оларды зерттеу адамзат тұтастығының бастаулары туралы ұлы жаңалықтарға айнымалы түрде әкеледі.

Олжас Сүлейменов тарихты түсінуінің нәтижесінде кейде этногенездерінің арасында орасан зор уақыттық және кеңістіктік аралық болған автор шумерлердің, арамейлықтардың, түркіліктердің, ассириялықтардың, скандинавтардың және роман тілді халықтардың жазбаларында табылған дәлелді параллельдер мен тұспа-тұс келулерді көреміз. О. Сүлейменовтың абсолютті поэтикалық естуі осы тілдердегі бірдей сөздердің фонетикалық өзгерістерін табуға мүмкіндік берді, осының арқасында қатал алгоритмге негізделетін еуразиялық ежелдік пен көне замандықтың жаңа тұжырымдамасы туралы батыл айтуға болады. Ежелгі әлем жазбасының таңбалары келесі тілдердің көбірек жетілген грамматикалық жүйелеріне дамып, қоршаған орта туралы білімдері жоғалмай, одан әрі толықтырылып, байытылды. Көршілік және мирасқорлық идеялары соңында әрқашан да халықтар өміріндегі идеологиялық, нәсілдік және басқа да бүлдіргіш тенденцияларын жеңіп шығады.

Кітапқа синкретизм тән болады, бұл әдіс кезінде көркемдік элементтері публицистика мен философиялық қорытулармен тұспа-тұс келеді. Ақын ойының еркін ұшуы дайын ақиқатты қабылдамайды, бұл қалыптасқан пікірлердің жалған тұтастылығын тарату үшін жасалатын ұшу болады. «Тарихтан бұрынғы түркілер» - жаңа заманғы мәдениет құбылысы.

Орасан зор еуразиялық континентте тұрып жатқан халықтар тілдерінің ғұмыры туралы кітаптарында О.Сүлейменов түркі тілінің энергетикалық даласы бойынша еркін және сенімді шарлайды, бұл дала оның интеллектісінің астында ноосфераға дейін кеңейеді.


Әдебиеттер тізімі
1. Тархан C. Пересекающиеся параллели Олжаса Сулейменова. Астана, 2012. - 196 с.

2. Федюнькин Е. Д. Склока о полку Игореве. М., 1998. - 137 с.

3. Зульфикаров Т. Пирамида Олжаса в пустыне варварства // Литературная газета. 13 марта 1996.

4. Сапаралы Б.Т. Олжастың балалық шағы. («Детские годы Олжаса») Алматы: Қағанат, 1996. - 96 с.

5. Толмачев Г. Повесть об Олжасе. 2-е изд. испр. и доп. Алматы: «Казинпресс», 2011. - 208 с.

К.С. Тілеуғабылова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

«Қазақстан тарихы» кафедрасының

аға оқытушысы

е-mail: kair_st@mail.ru



Д.А. ҚОНАЕВ – КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕР
Қазақстан тарихында Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың өмірі мен қызметі халық үшін қалай өмір сүру мен еңбек ету керектігінің тамаша үлгісі болып қалады. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 8 Ленин орденімен, КСРО, шетелдік мемлекеттердің басқа ордендерімен және медальдарымен марапатталған [1, 15-б.].

Қазақстанның көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері, ғалым, Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев 1912 жылғы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген. Чернышевский атындағы № 19 бірінші сатылы мектепте оқыды. Төртінші сыныпты бітірген соң 14-ші мектепте оқыды. Дінмұхамед оқу озаты болмаған, бірақ қиын ғылымдарды үлкен сүйсінушілікпен меңгерген. Мектептегі сабақтарынан кейін республика Мемлекеттік жоспарының аудандандыру секторында статист болып жұмыс істеген, ал кешке институтқа даярлық курстарында білім алған.

1931 жылы жас Д.А. Қонаев Мәскеуге Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен М.И. Калинин атындағы Мәскеу түсті металдар және алтын институтына оқуға түсу үшін барады. 1936 жылғы шілде айында Д.А. Қонаев институттың тау-кен факультетін бітіріп, Қоңырат-Балқаш құрылысына жіберіледі. Өзінің Балқаш-Қоңыратқа жіберілгені туралы кейіннен былай деп жазған: «Мұнда менің еңбек жолым басталды. Мен бұл өлкеге бөтен емес едім. Осы жерде бес айлық практикадан өткенде, Қоңыратпен және оның адамдарымен танысқан болатынмын. Ол кезде мен жаңа ғана құрылған шығыс үйіндінің ондығы болып жұмыс істегенмін. Жұмыс істеп жүріп, «Жылына 90 мың тонна қара мыс өндіру үшін Қоңырат карьерінің қуатын анықтау» тақырыбына арналған дипломдық жұмысыма материал жинадым. Дипломымды «өте жақсы» деген бағамен қорғадым. Менің еңбек жолындағы алғашқы қадамдарым Қазақстанның түсті металлургиясымен байланысты болды. Мен өзімнің елімізде Орталық Қазақстандағы қуатты мыс өнеркәсібінің, сонан кейін Рудалы Алтайда қорғасын-мырыш өнеркәсібінің қалыптас-тыруға қатысушылардың бірі болғанымды осы күнге дейін мақтаныш етемін» [2, 45-б.]. Осында болғанда, Д.А. Қонаев бұрғылау станогының машинисі, шебер, ауысымдық инженер, Қоңырат кенішінің директоры қызметтерін атқарды. 1938 жылғы қараша айында тұңғыш Балқаш мысы алынды. Д.А. Қонаев мемлекеттік награда – «Еңбектегі озаттығы үшін» медалін иеленді.

1939 жылғы қыркүйек айында Дінмұхамед Ахмедұлын Риддер руда басқармасының директоры ретінде Риддер полиметалл комбинатына жібереді. Соғыс алдындағы КСРО шекараларындағы жағдай стратегиялық мақсат – металлургия өнеркәсібіне қойылатын талаптарды күшейтті. Қысқа мерзім ішінде кеніштің жаңа директоры өндіріс көлемдерін көп есе ұлғайтып, оны артта қалушылар қатарынан озықтар қатарына шығарды. 1941 ж. Риддер Лениногорск деп қайта аталды. Соғыс жылдарында жауға атылған 10 оқтың 9 оғы Лениногорск қорғасынынан балқытылды.

Д.А. Қонаевтың жеке тұлғасының қалыптасуы, оның дамуы сталиндік дәуір, қатаң орталықтандырылған әкімшілік жүйесі жағдайларында болған, бұл Қазақстанның болашақ көшбасшысының саяси социализациялануының себебі болды. Д.А. Қонаевтың тағдыры әлеуметтік-саяси процестердің әсерімен қалыптасты, оларға бір жағынан - жалпыға ортақ оптимизм және халықтың социализм мұраттарына мұқалмай сенуі, екінші жағынан, қуғын-сүргін, тарихты, этникалық мәдениетті және дәстүрлерді «күйдіретін» жүйенің қатаң еріктік шешімдері тән болды, бұл Қазақстанның болашақ басшысына әсерін тигізбей қоймады [3, 76-б.].

1942 ж. сәуірде Д.А. Қонаев ОК билігіне шақырылып, онда 20 сәуірде республиканың Кеңестік халық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады. 1942 ж. 6 маусымнан бастап Д.А. Қонаев ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесінде жұмыс істей бастады. Оның міндеттерінің шеңбері түсті металлургия кәсіпорындарының, көмір және мұнай өнеркәсібінің, электр станцияларының, темір жолдардың, автокөліктің, қорғаныс зауыттарының жұмысын үйлестіру болып анықталды. 30 жасында Д.А. Қонаевқа мемлекеттік басқарудың аса жауапты бөлігі, қазіргі шамамен - Премьер-министр орынбасарының постысы тапсырылған. 1949 ж. ақпанның аяғында Қазақстан коммунистерінің 6-шы съезінде Д.А. Қонаев алғаш рет ОК мүшесі болып сайланды [4, 70-71-б.].

1951 ж. желтоқсан айында Д.А. Қонаевты сол кездегі ҚКП ОК бірінші хатшысы Ж.А. Шаяхметов шақырып алып, Қазақстан тарихын идеологиялық жариялау бойынша жағдайды түзету қажеттілігіне байланысты ғылымдар Академиясын басқаруды ұсынды, ол ұсыныстан бас тартты. 2 айдан соң ОК-ға шақыру қайталанды. Бұл жолы Ж.А. Шаяхметов Д.А. Қонаевтың ғылым басқармасына ауысуға келісімін алды [8]. 1952 жылғы 16-17 сәуірде республиканың ғылымдар Академиясының жалпы жиналысының сессиясы өтті. ОК идеология жөніндегі хатшысының қысымымен бірінші күні академиктер М.П.Русаков және А.К. Жұбанов, корреспондент мүшесі К.Д. Жұмалиев атақтарынан айырылды. Кейіннен оларға қатысты әділдікті орнату мүмкін болды. 17 сәуірде ірі қазақ ғалымы Қ.И. Сәтпаев құпия дауыс берумен Ғылымдар Академиясы Президенті қызметінен және Төралқасының мүшесінен босатылды. Оның орнына бірауыздан Д.А. Қонаев сайланды.

Сталиннің өлімінен кейін елді Н.С. Хрущев басқарды. Л.П. Берия қамауға алынып, атылды, Г.В. Маленков – КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды және біртіндеп саяси бейболымға жіберілді. Н.С.Хрущев партияның және елдің толық билеуші қожайыны болды. Ол кезде Орталықта Қазақстандағы экономиканың, әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайға наразылық өрби берді [5, 86-б.].

ҚКП ОК Пленумында 1954 ж. ақпанда селоны қанағаттанарлықсыз басқарғаны үшін бірінші хатшы Ж.А. Шаяхметов өз орнынан босатылды. Көп ұзамай Қазақстанның КП VII съезінде бірінші хатшы - П.К. Пономаренко, екінші хатшы Л.И. Брежнев болып сайланды. Алғашқы жұмыс күндерінен бастап ғылымдар Академиясының Президенті мен партияның жаңа басшылығы арасында іскерлік, ізгі қатынастар қалыптасты, олар академиялық институттардың материалдық-техникалық базасын нығайтуда елеулі роль атқарды [6, 270-б.]. 1954 жылғы 30 қарашада республикалық ғылымдар Академиясы жалпы жиналысының сессиясы өтті, оған 13 академик және 17 корреспондент мүшесі сайланды, ал Қ.И. Сәтпаев Геологиялық ғылымдар институтының директоры қызметіне бекітілді.

1955 ж. наурызда Мәскеуде КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өтті, онда ҚазКСР ғылымдар Академиясы Президентінің сөз сөйлеуі жоспарланды. Қазақ тұрақты өкілеттігі ғимаратында баяндама жасауға дайындалып жатқанда, Д.А. Қонаев шұғыл түрде П.К. Пономаренкоға және Л.И. Брежневке шақырылды. Мұнда оның ОК бюросында республиканың Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметіне бекітілгенін және ғылымдар Академиясының Президенті қызметінен босатылғанын хабарлайды. Д.А. Қонаевтың табандылығымен республикалық ғылымдар Академиясының Президенті болып оның негізін қалаушы Қ.И. Сатпаев сайланды.

1955 жылғы 1 сәуірден бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Қазақ республикасы құрылғаннан бастап сегізінші Төрағасы Д.А. Қонаев өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға кірісті. Ол республика үкіметінің басшысы болғанда түсті металлургия, құрылыс-жинақтау жұмыстары, геология, энергетика және т.б. министрліктер ұйымдастырылды.

1960 ж. 19 қаңтарда Д.А. Қонаев ҚКП ОК Бірінші хатшысы болып бірауыздан сайланды. 1962 ж. желтоқсан айында мақта өсіру аудандарын Өзбекстанға беру туралы Н.С. Хрущевпен келіспеушіліктерден, Д.А. Қонаевты ҚКП ОК Бірінші хатшысы міндеттерінен босатып, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы етіп тағайындайды [7, 2-3-б.].

1964 ж. қазан айында Д.А. Қонаев Мәскеуде болып, Бірінші хатшы қызметінен Н.С. Хрущевті босатып, осы постқа Л.И. Брежневті сайлаған, КОКП ОК Пленумына қатысады. 1964 жылғы қараша айында Қазақстан Компартиясы ОК бюросының барлық мүшелері мен ҚазКСР Министрлер Кеңесі Төрағаларының орынбасарларын Мәскеуге шақырып, Д.А. Қонаевты ҚКП ОК Бірінші хатшысы етіп тағайындайды.

1982 ж. 10 қарашада Д.А. Қонаевты Мәскеуге Саяси бюроның мәжілісіне шұғыл түрде шақырды. Мәжілісті ашып, Ю.В. Андропов Саяси бюроның мүшелеріне Брежневтің қайтыс болғанын хабарлайды. Үнсіздікті К.У. Черненко бұзып, Ю.В. Андроповты КОКП ОК Бас хатшысы етіп сайлауды ұсынды. 12 қарашада КОКП ОК Пленумында жаңа Бас хатшыны сайлау өтті. Бұл геронтократияны – елді ақсақалдардың билеуін тоқтатудың басы болды. Ю.В. Андроповтың аз уақыт басқаруынан кейін КОКП ОК Бас хатшысы болып К.У.Черненко сайланды. 1985 ж. наурызда К.У. Черненко қайтыс болды және КОКП ОК Бас хатшысы постысына бірауыздан М.С. Горбачев сайланды. Елде «қайта құру» дәуірі басталды.

1985 ж. Қазақстан Компартиясының XVI съезі - Д.А. Қонаевтың басшылығымен өткен соңғы съезд болды, онда ол ҚКП ОК есептік баяндамасымен сөз сөйледі. Ол — ОК мүшесі, ал съезден кейінгі пленумда ҚКП ОК Бірінші хатшысы болып қайта сайланды. 1986 ж. күзде Д.А. Қонаев М.С.Горбачевке зейнеткерлікке шығу туралы мәселені қарастыру өтінішін ұсынды. Бас хатшы оның өтінішін бірден қолдады. 1986 ж. 11 желтоқсанда Д.А. Қонаевтың қатысуынсыз Саяси бюроның мәжілісі болды, онда оның зейнеткерлікке кетуі туралы шешім қабылданды. 16 желтоқсанда таңертең Д.А.Қонаевты зейнеткерлікке шығарып салған және Бірінші хатшы етіп Г.В.Колбинді тағайындаған, ҚКП ОК Пленумы болды.

Партиялық және шаруашылық басқарудың барлық жолдары тоғысқан, Үкімет төрағасының және Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы постысында 30 жылдан астам уақыт болып, Д.А. Қонаев Қазақстанның гүлденуі, оның өндірістік күштерінің дамуы, халық игілін арттыру үшін өте көп еңбек етті. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Балқаш, Жезқазған кен-металлургия комбинаттары құрылды және дамыды. Оның көмегімен химия, металлургия институттары пайда болды, қазақстандық ВАСХНИЛ, Ақмоладағы Бураевский институты әлеуметтік тапсырыстар пакетін алды, ядролық физика саласында қарқынды жұмыстар басталды; Орта Азия әскери округі, әскери-инженерлік база құрылды.

Д.А. Қонаев республиканың ауыл шаруашылығының көтерілуіне үлкен көңіл бөлді. Ол агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық қайта қарулануы қалай жүріп жатқанын, асыл тұқымды мал және тұқым өсіруді, өндіріске жаңа технологияларды ендіруді, ауылды қайта құруды және ауыл еңбеккерлерінің тұрмысын үнемі қадағалады. АӨК үшін жауап беретін министрлерді өзіне жиі шақырған, ғалымдармен, мамандармен және өндіріс озаттарымен кеңескен.

Д.А. Қонаевтың қамқорлығы мен қолдауын үнемі сезінген, ауыл еңбеккерлерінің екпінді еңбегінің арқасында республика Кеңес Одағының ірі астық және мал шаруашылығы базасына айналды. Тың игеру жылдарында Қазақстан елімізге бір миллиард пұттан астам нанды - 9 рет, ал оныншы бесжылдықта жыл сайын дерлік сатты. Астықтың жалпы өндірісі - 27-28 миллион тоннаға, ал кейбір жылдары 34 миллион тоннаға жетті. Халықтың жан басына 1500-ден 2000 килограмға дейін бидай өндірілді. Салыстыру үшін: КСРО-да бұл көрсеткіш 1984 жылы - 712, АҚШ-та - 1331, Францияда - 1075, ГФР-да 448 килограмды құраған. Мемлекеттік ресурстарға бидайдың күшті сорттарын жеткізу жалпы алғанда КСРО-да осы дақылды дайындаудың жалпы көлемінен 70 пайызға жетті.

1987 жылғы 1 қаңтарда ірі қара малдың басы - 9,5 миллионға, қойлардың басы 36,5 миллионға жетті. Ет, сүт, жұмыртқа, жүн және басқа өнім өндіру және дайындау көлемдері өсті. Ауылда күрделі құрылыстың ауқымы өлшеусіз артты, оған тыңды көтерудің алдындағы барлық жылдарда Қазақстанның бүкіл ауыл шаруашылығына салынған қаржыға қарағанда 7 есе көп қаржы салынды. Егер 1940 жылы республикада 194 совхоз болса, онда 1985 жылы оның саны 2 мыңнан асты. Тың игеруге жұмсалған шығындар артығымен өтелді.

Жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ауыл шаруашылығының жүздеген мың еңбек озаттары КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталды, ал олардың көпшілігі Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді.

Ірі республиканың басшысы ретінде Д.А. Қонаев Қазақстандағы шаруашылық құрылысының көптеген проблемалары бойынша күрделі мәселелерді одақ органдарында табанды және тиімді шешкен. Сондай-ақ әдеттегідей қолдау тапқан. Сонымен бірге КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі ретінде оның орталыққа қарсы тұруы қиын болды, Мәскеуде әдептілік, икемділік, ал кейде кішіпейілділік танытуға тура келген.

Ол шетелде және кеңес мемлекетінде үлкен беделге ие болған. КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, сегіз Ленин орденінің кавалері, академик – міне, оның еңбегіне, талантына, ойы мен өзінің жарқын өмірін арнаған, ісіне берілгендігіне көрсетілген құрмет.

Нағыз интернационалист ретінде Д.А. Қонаев өзінің көп ұлтты халқын жақсы біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сүйген, оның патриотизмін, еңбек сүйгіштігін, өзін-өзі құрбандыққа шалуын және рухани ұлылығын жоғары бағалаған.

Д.А. Қонаев көрнекті мәдениет қайраткерлерімен, музыканттармен, композиторлармен, суретшілермен, сәулетшілермен достық қарым-қатынаста болған. Әдебиетті, өнерді жақсы білген. Атақты қазақстандықтарға таң қалудан шаршамаған. Ол ақын Олжас Сүлейменов, әртістер К. Байсейітова, Б. Төлегенова, Е. Серкебаев, А. Әшімов, сәулетші Ю.Г. Ратушный және көптеген басқа атақты адамдар туралы көптеген жақсы және ізгілікті сөздер айтқан.

Оның Алматыны салу және көркейтуде жасаған игі істері аз емес. Оның бастамасы бойынша тұрғызылған Республика Сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, Б. Шолақ атындағы «Медеу» спорт кешені, Республика алаңы, «Қазақстан», «Жетісу», «Алматы», «Алатау» қонақ үйлері, цирк, аэровокзал, әуежай және көптеген басқа ғимараттар Қазақстан Республикасының визит карточкасы болды. Д.А. Қонаев республиканың мәдениетін өте жоғары бағалаған және үнемі қолдаған.

Д.А. Қонаевтың Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне қосқан үлесі орасан. Өзінің игі істерімен ол Отанының даңқын биікке асқақтатты, өзінің есімін мәңгі етті және Қазақстан деп аталатын елінің тарихында мәңгілікке қалды.


Әдебиеттер тізімі
1. Мейиржан Машан. Д.А. Кунаев - История в портретах (личности в истории) – Алматы: - 2009. - 128 с.

2. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева (в аспекте истории Ка-захстана). – Алматы, 1994. - 300 с.

3. Кунаев Д.А. О моем времени: Воспоминания. Алма -Ата: Дэуiр, МП «Ынтымак», 1992. - 312 с.

4. Рыбников А.П. К 90-летию со дня рождения Д.А.Кунаева. Бывший член Бюро, секретарь Компартии Казахстана А.П. Рыбников // Простор: 2002- №1. С. 39.

5. История Казахстана в лицах: Политические портреты / Под ред. Григорьева В.К. и Кусаинова А.К. Акмола, 1999. - 128 с.

6 История Казахстана с древнейших времен до наших дней. – Т. I. Алматы, 1996.-540 с.

7. Постановление Президиума Верховного Совета Казахской ССР о выводах и предложениях комиссии по окончательной оценке обстоятельств, связанных с событиями в городе Алма -Ате 17-18 декабря 1986 года // Алма -Ата, от 24 сентября 1990 г.

8. Назарбаев Н.А. Стратегия трансформации общества и возрождения европейской цивилизации. Москва: Экономика, 2000. - 544 с.



9. Видова О. Нурсултан Назарбаев. Портрет человека и политика. Алматы, 2000. С. 70.

К.С. Тілеуғабылова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

«Қазақстан тарихы» кафедрасының

аға оқытушысы

е-mail: kair_st@mail.ru



Қ.И. СӘТПАЕВ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЙРАТКЕР, ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев – көрнекті геолог, ғалым және ірі ғылым ұйымдастырушысы, Қазақ КСР республикалық геология қызметінің және ғылымдар Академиясының негізін қалаушы, қазіргі уақытта оның атымен аталатын, Үлкен Жезқазғанды және Геология ғылымдары институтын құрушы. Ол – Қазақстан ғылымдар Академиясының тұңғыш Президенті және тұңғыш одақтық қазақ академигі (1946 ж. бастап). Оның есімімен геологиялық зерделеу және Қазақстанның жер қойнаулары байлықтарын ашу тарихының, пайдалы қазбалар кен орындарын жылдам айқындауға және елдің минералдық-шикізат базасын кеңейтуге бағытталған, кең кешенді зерттеулерді ұйымдастырудың жарқын беттерінің бірі байланысты.

Қ.И. Сәтпаев 1899 жылғы 12 сәуірде көшпелі қазақтың отбасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының № 4 ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде, сонан соң Павлодардың орыс-қазақ училищесінде оқыды және 1918 жылы Семей мұғалімдер семинариясын сәтті бітірген соң, Семейде педагогикалық курстарда жаратылыстану мұғалімі болып жұмыс істеді, ал 1920 жылы халық судьясы болып тағайындалады. Қ.И. Сәтпаевтің өтініші бойынша, Семей ревкомы 1921 жылы оны Томск технологиялық институтына жібереді, онда ол тау-кен факультетінің геологиялық барлау бөлімшесінің студенті болады [1, 2-б].

Атап айтқанда, студенттік жылдарда Сібір геологтар мектебінің және әсіресе оның сүйікті ұстазы және тәлімгері профессор М.А. Усовтың пайдалы әсерінен Қ.И. Сәтпаевтің ғылыми-инженерлік дүниетанымы қалыптаса бастады, М.А. Усовтың терең ғылыми идеялары мен білімдері кейінірек Қ.И. Сәтпаевтің барлық шығармашылық қызметінің негізіне жатты [2, 65-б.].

Оның көп қырлы жеке тұлғасының қалыптасуына тамаша педагогтар ғана емес, сонымен бірге академиктер М.А. Усов және В.А. Обручев сияқты ұлы ұстаздар да мүмкіндік туғызды. Қ.И. Сәтпаев ХIХ ғасырдағы қазақ ағартушыларын: тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановты, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевты, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсаринді жоғары бағалады. Адамзаттың ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы ұлы жаңалықтарымен байланысты сол кезеңнің рухани атмосферасының өзі, талантты адамды тәрбиелеу мен қалыптастыруға ұтымды мүмкіндік туғызды.

Оқуын бітірген соң, Мәскеуде біраз уақыт жұмыс істеп, 1926 жылғы күзде, жас инженер-геолог Қаныш Сәтпаев Қарсақпайға кетеді. Оның үлесіне бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазбалар қорларын жоспарлы айқындауға бастама болған, Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашқы тұрақты геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу міндеті тиеді. Жемісті жұмысының нәтижесінде 1928 жылы Қ.И. Сәтпаев мынадай батыл және негізделген шешімге келеді: «Жезқазған ауданы аса бай мыс провинцияларының бірін білдіреді, болашақта оның пайдасына Уралдың кен орындары ғана емес, сонымен бірге Американың белгілі мыс провинцияларының көпшілігі біріншілік пальмасын беруі мүмкін» [3, 75-б.]. Жезқазғанның үлкен болашағына деген қайсар сеніммен рухтанатын және Қ.И.Сәтпаевтің табандылығы мен қажымас энергиясының арқасында, ол басқарған жас барлаушы-геологтар ұжымы үлкен энтузиазммен жұмыс істеді және, сол жылдардың үлкен қиындықтарына қарамастан, үш жыл ішінде тамаша нәтижелерге қол жеткізе алды. 1931 жылдың аяғына қарай Жезқазғанның жер қойнауларында руданың орасан көп қоры табылды және бұрынғы Одақтың мыс кен орындарының арасында бірінші орынды мықты иеленді [4, 80-б.]. 1938 жылы Жезқазған кен-металлургия комбинатының құрылысын жобалау және бастау туралы шешім қабылданды. 1940 жылы Жезқазған-Ұлытау ауданын геологиялық зерделеудегі көрнекті жетістіктері үшін Қ.И.Сәтпаев Ленин орденімен марапатталды. Жас тау-кен инженері-геолог Қаныш Сәтпаев Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кешенді геологиялық қызметті он бес жыл басқарды. Үлкен Жезқазғанды академик Қаныш Сәтпаевтің төл тумасы деп орынды айтады [2].

Өмірлік жолын әрдайым гүл шоқтары жауып жатпады, әділетсіз қуғындау, қынжылу мен ауыртпалықтар жылдары болды. Сонымен, отызыншы жыл-ары үш рет Сәтпаев қуғын-сүргінге ұшыратылып, қаза болды. Сәтпаевтың туған ағасы Ғазиз (1892-1937) революцияға дейін Семей гимназиясында білім алды, медицина қызметкері болуға даярланып жүрген. Қаныш оны жақсы көретін және құрметтейтін, оның парасаты мен рухани қасиеттерін жоғары бағалаған. Кәрім Жәмінұлы Сәтпаев та (1897-1936) әділетсіздіктің құрбаны болды. Замандастарының куәлік етуі бойынша, бұл білімді, сүйкімді адам, талантты скрипкашы, этнографиялық кештерді ұйымдастырушы болған. Және үшіншісі – ірі педагог, қазақтардың арасындағы тұңғыш орыс тілі және әдебиеті, жаратылыстану жөніндегі маман, Семей семинариясының және Семей педагогикалық техникумының тұңғыш директоры А.З. Сәтпаев (1881-1938). Бірақ Қаныш Имантайұлы ылғи да көзі жеткен оптимист болған, ешқашан өзіне деген сенімін жоғалтпаған және шындық үшін шыдамды түрде күрескен.

1941 жылғы күзде Қ.И. Сәтпаев КСРО ҒА Қазақ филиалының Төралқасы төрағасының орынбасары, ал бір жылдан кейін төрағасы болып тағайындалды. Қ.И. Сәтпаевтің басшылығымен республика геологтарымен шешілген маңызды проблемалардың арасында соғыс жылдарында майданды металмен, көмірмен, мұнаймен толассыз қамтамасыз ету болды. Майданға қазақстандық көмек көрсетудің маңызы және мұндағы Қ.И. Сәтпаевтің ролі орасан зор болғаны сөзсіз. Ол түсінікті мақтанышпен бірнеше рет айтқан болатын: «Гитлер басқыншыларын ойсырататын он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан соғылады» [5, 103-б.].

Қаһарлы соғыс жылдары Қ.И. Сәтпаев және оның қызметтестері осы ғылыми ерлікті жасады. Жау сол кезде жалғыз жұмыс істеп тұрған Украинадағы Никопольск марганец кен орнын жаулап алғанда, Кавказдағы Чиатураға жолды жауып тастағанда, Уральск танк зауыттары сауытты болат өндіру үшін шикізатсыз қалды. 1942 жылдың басында Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің төрағасы И. Сталиннің қолы қойылған шифрланған жеделхат алынды, ол геологтарды сауытты болатты шығару үшін талап етілетін марганец кен орнын жедел табуға міндеттеді. Дәл сол күні Үкімет үйіне Алматыда болған барлық геологтар мен ғалымдарды шақырды, ОК бірінші хатшысының атынан келесі күні таңертең осы себепті дайын ұсыныстармен келу тапсырмасы берілді. Қ.Сәтпаев орнынан тұрып, майдан үшін қажетті ферромарганец рудасы Жезқазған станциясынан не бары 45 шақырым арақашықтықта Жезді деген жерде айтарлықтай жеткілікті мөлшерде бар деп жауапты мәлімдегенде, залда үнсіз отырған, қайта жиналған мамандардың таң қалғаны қандай болды десеңізші.

Осы уақытқа дейін белгісіз болған кен орнының рудалы үлгілерін тексерген соң, тәулік бойы бір күнге де тоқтамаған, руда өндіруге дайындық басталды. Құрылыс алаңдарында мыңдаған адам еңбек етті, алуан түрлі техника шоғырландырылды. Жұмыс күн сайын қарқын ала бастады. Мемлекеттік қорғаныс комитеті, әскери әрекеттер майданынан алған сияқты, Жезді құрылысшыларынан күн сайын мәліметтер алып отырды. Қабылданған қатаң шаралар мен жезқазғандықтардың батырлық әрекеттері нәтижесінде дайындық жұмыстары басталған соң, 38 күннен кейін бағалы марганец рудасының алғашқы тонналары тиелді, үш ай ішінде темір жолдың, онымен бірге кеніштің және жұмысшылар кентінің құрылысы аяқталды.

1946 жылғы 1 маусымда Қазақ КСР Ғылымдар Академиясы құрылды, оның салтанатты ашылуында Қ.И Сәтпаев тұңғыш Президенті болып тағайындалды, сонымен бірге Геология ғылымдары институтының директоры болып қалды. Ұлттық ғылымдар Академиясының құрылуы үлкен саяси маңызды тарихи акт және қазақ халқының ғылымы мен мәдениетін дамытудағы үлкен қадам болып табылды. Бұл уақытта республиканың ғылыми орталығында 1500-ден астам адам, оның ішінде 78 ғылымдар докторы мен профессорлар, 200-ге жуық ғылымдар кандидаты болды. Қ.И. Сәтпаевтің көрнекті еңбектерінің бірі – бұл «қазақстандық геологтар мектебін» құруы, оның ізі қазіргі уақытқа дейін геологиялық ғылым мен практикада сенімді көрініп келеді. Қысқа мерзім ішінде осы жас ұйым 200-ден астам қызықты жұмысты әзірледі және халық шаруашылығына ендіру үшін берді, олардың көпшілігінің авторы мен қосалқы авторы Қ.И. Сәтпаев болған. Оның бастамасы бойынша бірқатар жаңа академиялық институттар ашылды: ядролық физика, математика және механика, гидрогеология және гидрофизика, Атырауда мұнай мен табиғи тұздар химиясы, Қарағандыда химия-металлургия, Өскеменде Алтай кен-металлургия, Балқашта ихтиология және балық шаруашылығы, эксперименттік биология, экономика, философия және құқық, әдебиет және өнер, тіл білімі институттары және т.б.

Ғалым көптеген жылдар бойы көпшіліктің назарында болды. Ғылымдар Академиясының Президенті бола тұрып, Қ.И. Сәтпаев ғылыми-ұйымдастыру қызметімен бір мезгілде мемлекеттік және қоғамдық жұмысты белсенді атқарды: 1946 жылдан 1964 жылға дейін бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 1947 жылдан 1959 жылға дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1962 жылдан 1964 жылға дейін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Кеңес Одағының алтыншы шақыруы Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Екі ондаған реттен артық үкіметтік наградалармен, соның ішінде төрт рет Ленин орденімен марапатталды. Қаныш Имантайұлы көптеген мемлекеттік комитеттер мен комиссиялардың, ғылыми журналдардың, саяси және ғылыми қоғамдардың редакциялық алқаларының мүшесі болды. Қазақстан ғылымдар Академиясының халықаралық байланыстарын қалыптастыру мен дамытуға, Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан, Грузиядан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және басқа республикалардан әріптестермен ынтымақтастығын нығайту мен тереңдетуге айтарлықтай күші мен қуатын жұмсады. Қ.И. Сәтпаев өте көп жазған. Оның қаламынан орыс, қазақ, қытай, араб, ағылшын және басқа тілдерде жарияланған, 800-ден астам баспа жұмыстары шыққан.

Тұңғыш қазақ инженер-геологының Жезқазған кен орнын ашумен, металлогенияны – геология тарихының негізгі кезеңдерімен байланысты рудалы кен орындарын құрудың аймақтық шарттарын және оларды орналас-тыру заңдылықтарын зерттейтін геология бөлімін дамытумен, және ақырында, әлемде тұңғыш рет Орталық Қазақстанның металлогениялық болжамдық карта-сын жасаумен байланысты жарқын еңбектерін бүкіл әлем таныды. КСРО ҒА тұңғыш академигі және шығыс ғалымдары қатарынан КСРО ҒА Төрағасының мүшесі, Қазақстан ҒА тұңғыш Президенті ретінде осы тамаша ғалым мен ойшылдың, ірі мемлекеттік қайраткердің есімі оның көзі тірі кезінде шынайы даңқ пен танылу құрметіне бөленді. Қ.И. Сәтпаев, академик В.М. Келдыштің сөздері бойынша, жетекші геолог-теоретиктердің бірі, ғылымды және геология-лық қызметті ірі ұйымдастырушы болды, қазақстандық геологтар мектебін басқарды. Оның қажымас еңбегі және оның ізбасар геологтарының арқасында Қазақстанның жер қойнауларында Менделеевтің периодтық жүйесінің барлық дерлік элементтері ашылған. Жер асты қойнауларын барлаушы мамандығы еліміздің экономикасын көтеру және өндірістік күштерін дамыту үшін маңызды мәнге ие болды [8, 67-б.].

Қ.И. Сәтпаев сонымен бірге қарапайым, қарым-қатынасқа жеңіл, байсалды адам болған. Табиғат оған шешендікті, ұзын бойды, келбетті сымбатты сыйлаған. Ол кез келген қалың топтың ішінен ерекшеленіп тұратын, ол бірінші болып есте сақталып қалатын. Мысалы, 1947 жылы қазақ ғалымы Англияға кеңестік парламентарийлердің құрамында келгенде осы елде мынадай жағдай болған. Ресми емес қабылдау кезінде Ұлыбританияның экс-премьер-министрі У. Черчилль оған қалжыңдап: «Барлық қазақтар Сіз сияқты батыр тұлғалы, денелі ме?», - деп сұрақ қояды. «О не дегеніңіз, Черчилль мырза, қазақтардың арасында мен ең кішкентайымын, менің халқым менен биік!» - деп жауап беріпті академик Қ.И. Сәтпаев [5, 167-б.].

Қ.И. Сәтпаев 1964 жылы 31 қаңтарда Мәскеу ауруханасында 65 жасында қайтыс болды. Оның көп қырлы қызметінің материалдық жағынан жүзеге асырылуының нәтижесі Үлкен Жезқазған және Жезді ғана емес, сонымен бірге Орталық Қазақстанның, республиканың шығысы мен оңтүстігінің ірі кен-металлургия кешендері болды, оның батыстың мұнай және газ кен орындарын қазудағы еңбегі ерекше. Жақында оның есімімен аталатын, ҚазҰТУ жанында ескерткіш ашылды. ЮНЕСКО академиктің 100 жылдық мерейтойын тойлауды осы ықпалды халықаралық ұйымның басшылығымен және қатысуымен білім, ғылым және мәдениет саласындағы мәселелер бойынша атаулы және мерейтойлы күндер күнтізбесіне енгізді [7, 43-б.].

Қ.И. Сәтпаевтің тапқан маңызды жаңалығы Алтын Шоқы тауының оңтүстік-батыс баурайында байқалған, Темірдің жазуы бар тақта болып табылады. Бұл тау Ұлытаудың бас жотасынан солтүстік-батысқа қарай 30-40 км-де орналасқан. Мұнда Орта Азиядан Оңтүстік Уралға керуен жолы өткен. Жазу 1391 жылы Темірдің Дешті-Қыпшаққа жорығы кезінде ойып түсірілген. Академик И.А. Орбелидің өтініші бойынша тақта Ленинградқа әкелініп, Эрмитаж залдарының біріне қойылған. Енді Қарсақпай деген атпен белгілі, атақты Ұлытау жазбасы шифрланып, ғылым әлемінде лайықты бағаланған [1, 8-б.].

Академик Қ.И. Сәтпаевтің есімімен ҚР ғылымдар Академиясының Геологиялық ғылымдар институты, Қарағанды облысында қала, Жезқазған кен-металлургия комбинаты, Торпақ шоқжұлдызындағы кіші планета, минерал, Жоңғар Алатауының мұздығы және тау шыңы, гүлдердің сорты, Қазақстан Республикасының қалалары мен кенттеріндегі көшелер мен мектептер аталған.

Қазіргі уақытта ҚР БҒМ жаратылыстану ғылымдары саласындағы көрнекті жетістіктері үшін академик Қ.И. Сәтпаев атындағы сыйлықтар тағайындайды. 2008 жылы осы бірінші дәрежелі сыйлықты марқұм профессор А.Н. Данияровтың жетекшілік етуімен жұмыс жасаған ҚарМТУ ғылыми мектебі иеленді.

Сонымен, академик Қ.И. Сәтпаевтің ғылыми-ұйымдастырушы және қоғамдық қызметі өзінің қарқындылығымен ерекшеленді және өмір сүру нормасы болып табылып, адамдарға қызмет етуге арналған. Ғылымға және шындыққа ұмтылысы ғалымның ғылыми-зерттеу мұрасының алуан түрлі аспектілерінде өрнектеліп, оған табыс әкелді [3,102-б].


Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.А. Великий сын земли казахской. Выступление на 100-летнем юбилее академика Сатпаева // Сб. статей Академик К.И. Сатпаев и наука Казахстана. - Алматы: Ғылым,1999. - 270 с.

2. Бакиров А.Б. Слово о К.И. Сатпаеве // Сб. статей. Академик К.И.Сатпаев и наука Казахстана. - Алматы: Ғылым,1999. - 270 с.

3. Академик К.И. Сатпаев // Сб. статей к 110-летию со дня рождения. - Алматы: 2010 - 273 с.

4. Академик К.И. Сатпаев и наука Казахстана // (к 100-летию со дня рождения) - Алматы: Ғылым,1999. - 270 с.

5. Академик К.И. Сатпаев // Сб., посвященный памяти выдающего советского ученого. - Алма-Ата:1985. - 208 с.

6. Сарсекеев М. К.И. Сатпаев // серия ЖЗЛ. Москва: 1999. Вып. 14. -316.

7. Бекжанов Г.Р. К.И. Сатпаев - выдающийся геолог современности. – Алматы: Ғылым, 2008. - 116 с.

8. Сарсеке М. Семь великих свершений академика Сатпаева. – Алматы, 2005. - 230 с.

9. Послание Главы государства Н.А Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь- 2050»: Единая цель,единые интересы,единное будущее //Казахстанская правда, 2014, 18 января.




Мазмұны


Кіріспе………………………………………….…………….…….....….....

3

В.В. Киянский. Бір арман……………………………………………........

4

С.И. Ферхо. Сабақтастық және ұлы ерліктер рухында..........…………...

6

С.Д. Шаймұқанова. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, азаматы, патриоты.......................................................

9


Н.З. Ошанов. Ежелгі дәуірдің ұлы қолбасшылары мен хандары

Мөде мен Әділ................................................................................................


15


Т.Ж. Мақалаков. Шыңғысхан – әлемді дүр сілкіндіруші, ұлы түрік-монғол империясының негізін салушы және оның ұлдары...……….......

18


М.Ж. Сүлейменова. Жәнібек пен Керей – жаңа мемлекет құрылымын – қазақ хандығын құрудың бастамашалары..……..…………….………...

24


Н.З. Ошанов. Мухаммад Хайдар Дулати – көрнекті ғалым – көне орта ғасырдағы тарихшы, әдебиеттанушы және ірі мемлекет қайраткері.......

29


А.Е. Даниярова. Қасым, Хақ-Назар, Есім және Тәуке хандардың Қазақ хандығының нығаюындағы ролі және орны........…………………

34


А.Е. Даниярова. Ұлы Әбілқайыр және Абылай хандар – мәмлегерлер, қолбасшылар, билеушілер және саясаткерлер…….....…….……………

40


А.А. Әбдрахманова. Қазақтың ұлы билері – Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би……………………………………………………………….….

45


Е.Г. Огольцова. Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісов, Исатай Тайманұлы, Кенесары хан – қазақ жерінің ұлттық тәуелсіздігі үшін күрескендер ………………………………………………….………….

50


А.А. Әбдрахманова. «Алаш Орда» және алаш ордалықтар – азаттықтың ұзақ жолы (А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Дулатов)...

56


Огольцова Е.Г. Қазақ зиялыларының жалпы ұлттық құндылықтарды сақтаудағы ролі (М. Шоқай, М. Тынышпаев, Т. Рысқұлов, Т. Бокин,

Н. Нұрмақов, А. Айтиев, О. Жандосов, А. Розыбакиев, С. Асфендияров)...

62


М.Ж. Сүлейменова. ҚазақстандықтарҰлы Отан соғысының батырлары (Б. Момышұлы, И.В. Панфилов, Т. Бегелдинов, М. Ғабдуллин,

С. Луганский, М. Маметова, А. Молдағұлова, Н. Әбдіров және т.б.)...............

68


Т.Ж. Мақалаков. Олжас Сүлейменов – қоғамдық-саяси қайраткер, Қазақстанның халық жазушысы.................……………………………..…

74


К.С. Тілеуғабылова. Д.А. Қонаев – көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер.....................……………………………………………………

80


К.С. Тілеуғабылова. Қ.И. Сәтпаев – мемлекеттік қайраткер, ғалым және ғылыми ұйымдастырушы………………………………………........

86



ҚР ҰҒА акдемигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен

ҰЛТ ТАРИХЫ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР

2-жинақ

Құрастырушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, В.В. Козина,

Л.Г. Матвеенкова, Е.Н. Ивлева, А.К. Мубаракова, М.Ж. Сүлейменова,

С.Д. Шаймұханова, Н.З. Ошанов, Т.Ж. Мақалаков, А.Е. Даниярова,

Е.Г. Огольцова, А.А. Әбдірахманова, К.С. Тілеуғабылова.

Баспаға 02.04.2014 ж. қол қойылды. Пішіні 60х84х8.

Шартты баспа таб. 12. Таралымы 100 дана Тапсырыс № 505

ҚарМТУ баспасы, 100027, Қарағанды, Бейбітшілік б., 56




Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> БАҒдарламасы алматы, 2012 Құрметті !


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет