Жедел батырмалар Delphi ортасы жедел - тез арада қол жеткізу батырмасы ретінде BitBtn - ге ұқсас TGraficControl класының SpeedButton туындысын үсынады. SpeedButton батырмасы терезелік емес компоненттерге жатады, сондықтан бұл батырма енгізу фокусын қабылдай алмайды, бірақ BitBtn және Button батырмаларымен салыстырылғанда оның жұмысына кететін компьютердің ресурстары айтарлықтай кем болып келеді. Әдетте бұл батырманы құралдар тақташасын құрастыруда пайдаланады.
SpeedButton жедел батырмасы ауыстырғыш ретінде жиі қолданылады. Әдеттегі және басылған күйден басқа бұл батырма таңдалған - қосылған (жаңшылған) түрде болуы мүмкін. Батырманың қосылған күй - жағдайын Down (Boolean) параметрі арқылы анықтауға болады, егер оның мәні True болса, онда батырма қосылған күйде, керісінше - қосылмаған күйде деп саналады.
Ауыстырғыштар Ауыстырғыштар (жалаушалар) анықталған жиыннан бір ғана мәнді таңдауға мүмкіндік туғызады. Ауыстырғыштар қосылған немесе ажыратылған күйде болады. Ауыстырғыштың күй - жайын тексеріп отырып, программалаушы қажетті операцияларды орындайды.
Delphi ортасы ауыстырғыштармен жұмыс атқару үшін CheckBox, RadioButton және RadioGroup компоненттерін үсынады. CheckBox және RadioButton компоненттері - TbuttonControl класының туындылары, сондықтан оларды кейде бекітілген батырмалар деп атайды: CheckBox -тәуелсіз бекітілген, RadioButton - тәуелді бекітілген.