Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


-тапсырма.Мәтінді оқып, құжат құрылымымен танысыңыз



бет3/9
Дата05.11.2016
өлшемі0,81 Mb.
#640
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-тапсырма.Мәтінді оқып, құжат құрылымымен танысыңыз.


ӨМІРБАЯН

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке тұру кезінде жазылады.

Міндетті мәліметтер:


  1. Құжаттың аты (өмірбаян)

  2. Аты-жөні, тегі, туған жылы, айы, күні, туған жері

  3. Ұлты

  4. Білімі, оқыған оқу орындары

  5. Қоғамдық-саяси қызметі

  6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет

  7. Қазіргі жұмысы, мекенжайы

Негізгі сөздік

ұлт - национальность

білім - образование

жоғары білім - высшее образование

орта білім - среднее образование

ата-ана – родители

үйленгенмін – женат

үйленбегенмін – не женат

ажырасқанмын – разведен

отбасы – семья

әскери қызметке міндеттімін - обязан к воинской службе

әскери қызметті өтеу –выполнять воинскую службу

тудым – родился

оқыдым – учился

түстім – поступил

бітірдім – окончил, закончил

ауыстым – перевелся

өмірбаян автобиография

өміріне қатысты мәліметтер – собственное жизнеописание

хронологиялық тәртіппен – в хронологической последовательности

құрастырады – составляет

типтік үлгі – типовой формуляр

мақсатына байланысты – в зависимости от назначения

әдетте – обычно

құжаттың атауы – название документа

автордың аты-жөні – отчество и фамилия автора

туған жері мен туған жылы, айы, күні – дата и место рождения

білімі мен мамандығы – образование и специальность

қызметіне қатысты мәліметтер – трудовая деятельность

марапаттаулар мен алған мадақтаулары - награды и поощрения

отбасы жағдайы мен отбасы құрамы – семейное положение и состав семьи

үйінің мекен-жайы мен телефоны – домашний адрес и телефон

толтырылған күні мен жеке қолы – дата и личная подпись
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз


  1. Қандай құжат өмірбаян деп аталады?

  2. Өмірбаянның типтік үлгісі бар ма?

  3. Мақсатына байланысты өмірбаян қандай нұсқада болуы мүмкін?

  4. Әдетте өмірбаянда қандай мәліметтер көрсетіледі?

3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен қайда? деген сұраққа жауап беретін сөз формасын жасаңыз.

Қостанай қаласы, Наурызым ауданы, Алматы, Петропавловск, Қазақстан Республикасы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ауыл шаруашылық департаменті, Ғылыми-жобалау институты, «Даяна» сән үйі, Қызылорда облысы, Ресей Федерациясы, жұмысы, сырт, іш, әкімшілік, Астана.



4-тапсырма. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз.

Өмірбаян – жеке (адамның, адамға, адаммен, адамда) өмір жолы хронологиялық (тәртіпке, тәртіпте, тәртібі, тәртіпсіз, тәртіптен) қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте (оқудан, оқумен, оқуға, оқуды, оқуда) түсу, жаңа қызметке тұру (кезімен, кезінде, кезінен, кезін, кезінің) жазылады. Ол таза қағазға (қолдан, қолға, қолы, қолмен, қолын, қолдың) жазылады. (Өмірбаянға, өмірбаянды, өмірбаянның, өмірбаяны, өмірбаянда) мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік (қасиеттерінің, қасиеттерімен, қасиеттерінде, қасиеттерін, қасиетім) жан-жақты баяндап беруге тиіс.



5-тапсырма. Үлгіні пайдаланып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз.

ӨМІРБАЯН

Мен, Марат Дәулетұлы Тағаев, 1963 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Нарынқол орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітіргеннен кейін 1985 – 1988 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтында жұмыс істедім. 1988 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын. Ата-анам бар: Әкем Тағаев Дәулет – Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам – Тағаева Сатылхан – ұзақ жылдар бойы Нарынқол орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Отбасым бар: жұбайым – Жүнісқызы Тұрағалды, жоғары білімді маман, дәрігер. Үш балам бар, олар орта мектепте оқиды.

Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенанттық әскери шенім бар.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ұйғыр және ағылшын тілдерін жетік білемін. Компьютерлік бағдарламаларды толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.

Мекен-жайым: Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 172 үй.

5-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Автобиография, написал автобиографию, женат, не женат, в данное время работаю в частном фирме, отец – участник Великой Отечественной войны, отец – ветеран труда, мать – пенсионерка, мать – учитель средней школы, жена работает в поликлинике, имею детей, обязан к воинской службе, владею казахским и английским языками, умею работать в Интернете.



6-тапсырма. Орыс тіліне ауданыңыз.

Әскер қатарында болдым, әскер қатарында болған жоқпын, әскер қатарына шақырылдым, әскери міндет өтелген әскери бөлім, әскери құрам, әйелінің аты-жөні, әйелінің тұрмысқа шыққанға дейінгі аты-жөні, екінші рет үйленгенмін, бірінші әйелімнің аты-жөні, ажырасудың себебі, шетелдегі туыстар туралы мәлімет, шетелдегі туыстармен байланыс, қылмыстық іске қатысы.


7-тапсырма. Тақырыптық өмірбаян үлгілерін құрастырыңыз.

  1. Өзіңізбен бірге оқитын бір студенттің бірінші жақта өмірбаянын құрастырыңыз.

  2. Сіңліңіз «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысуы үшін құжат дайындауы керек. Оның өмірбаянын құрастырыңыз.

  3. Дүкенге сатушы болып жұмысқа орналасуына байланысты өмірбаян құрастырыңыз.

  4. Анаңыздың жеке меншік фирмаға есепші қызметіне жұмысқа орналасуына байланысты бірінші жақта өмірбаянын құрастырыңыз.

Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері.

  1. Өмірбаян үлгілерімен таныстыру;

2. Аударма жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді меңгерту.


3-тақырып. Түйіндеме.

Сабақтың мақсаты: Түйіндемеде жазылатын мәліметтермен таныстыру. Жаңа сөздерді меңгерту.

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет