3. Еңбек қызмет түрлерінің карточкалары (кәсіп)
Кәсіп атауы: мұғалім.
9. ҰБШ бойынша біліктілік деңгейі -5.
10.Лауазымның мүмкін атаулары: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, ұйғыр тілі мен әдебиеті мұғалімі, өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімі, өзін-өзі тану мұғалімі, математика мұғалімі, физика мұғалімі, шетел тілі мұғалімі, информатика мұғалімі, музыка мұғалімі, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі, технология пәні мұғалімі.
11. Негізгі орта білімнің барлық аталған кәсіптері субъектілерді құзыретті тұлғаның рухани, интеллектуалдық және дене мүмкіндіктерін ашуға, денсаулық сақтау, ақпараттық-оқыту ортасын әзірлеуге, өз білімін жетілдіруі мен өзінөзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға міндеттейді.
Педагог жоспарлау құжаттарын, оқу-әдістемелік кешен, көрнекі құралдар әзірлеу, мектеп, оқушы мен мұғалім құжаттарын рәсімдеу, техникалық оқыту құралдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тағы басқалары оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырушылық, техникалық және әдістемелік жағдайларын туғызады.
Оқу орнының ата-аналармен қарым-қатынасына, қарым-қатынасына, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қазақстандық патриоттық тәрбие беруге, креативті ойлауды дамыту мәселелеріне, әдістемелік, педагогикалық және басқарушылық кәсіпқойлыққа, тұлғалық-кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
12. Мұғалімнің еңбек шарттары, білімі және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
13. Кәсіптің еңбек функциялары тізімі осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
14. Кәсіби стандарттың бірліктері мен мұғалімнің орындайтын еңбек функцияларын сипаттайтын функциональдық карта осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
15. Мұғалімнің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
Негізгі орта білім кәсіби стандартына 1-қосымша
Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
№ р/с
|
Қызмет түрі атауы
|
Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы
|
ҚР МЖ 01-2005 сай кәсіптер атауы
|
ҰБШ біліктілік деңгейі
|
|
Педагогикалық қызмет
|
Санат жоқ мұғалім (5.5)
|
Мұғалім (математика, орыс тілі мен әдебиеті және басқа пәндер)
|
5
|
|
Екінші санатты мұғалім (5.4)
|
5
|
|
Бірінші санатты мұғалім (5.3)
|
5
|
|
Жоғарғы санатты мұғалім (5.2)
|
5
|
Негізгі орта білім кәсіби стандартына 2-қосымша
1. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (ҚР МКЖ)
|
Базалық топ
|
2320 Орта мектеп мұғалімдері
|
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҮБС)
|
ҰБШ сәйкес біліктілік деңгейі
|
Санаттар
|
5
|
жоғарғы
|
бірінші
|
екінші
|
санаты жоқ
|
2. Еңбек шарттары, білімі және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)
|
Меншік нысандарына қарамастан білім беру мекемелерінің барлық түрлері (негізгі орта мектептер, лицейлер, гимназиялар).
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
|
Тұрақты жұмыс кестесі, мөлшерлі жұмыс күні 18 сағат, 1,5 жүктемеге дейін рұқсат етіледі.
|
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары
|
ҚР заңнамаларына сай (мұғалім дипломы, СТБ сертификаты, дәрігерлік кітапшасының болуы).
|
ҰБШ біліктілік деңгейі
|
Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі
|
Қажетті еңбек тәжірибесі
|
5
|
Санаты жоқ орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім
|
-
|
5
|
Екінші санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім
|
3 жылдан кем емес
|
5
|
Бірінші санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім
|
4 жылдан кем емес
|
5
|
Жоғары санатты орта буын маманы: техникалық және кәсіптік, (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім
|
5 жылдан кем емес
|
3-кесте. Кәсіби стандарт бірліктерінің тізбесі ( кәсіптер еңбек функциялары)
Еңбек функцияларының шифрі
|
Еңбек қызметінің атауы
(кәсіби стандартының бірліктері)
|
Ф 1
|
Оқушылардың тұлғалық әлеуетін диагностикалау.
|
Ф 2
|
Тұлғаны қалыптастыру моделін әзірлеу
|
Ф 3
|
Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық жағдайларды жобалау
|
Ф 4
|
Оқушылардың оқу қызметінің моделін әзірлеу
|
Ф 5
|
Оқушылардың тұлғалық және кәсіптік әлеуетін (сапасын) ашуға арналған жағдай орнату
|
Ф 6
|
Өзіндік іс–әрекетті түзету және рефлексиялау
|
Ф 7
|
Оқыту сапасының мониторингін өткізу
|
4-кесте. Кәсіби стандарт бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)
Еңбек функция-ларының шифры
|
Еңбек заттары
|
Еңбек құралы
|
Міндеттер (еңбек әркеттерінің сипаттамасы)
|
Ф 1
|
Себеп, қажеттіліктер, сезім (эмоциялар), қызығушылықтар.
Сезінулер, қабылдау, жады, ойлау, сөйлеу, ерік, қабілеттер.
Мінез.
Оқушының дене, психологиялық, рухани, интеллектуалдық дамуы.
|
Сауалнамалар, тест тапсырмалары, сұрау парағы
|
М 1.1 Оқушының тұлғалық әлеуетін диагностикалау әдістерін зерттеу.
|
М 1.2 Оқушының тұлғалық әлеуетін диагностикалауды өткізу
|
М 1.3 Диагностика нәтижелерін жүзеге асыру
|
М 1.4 Тұлға моделін қалыптастыруда диагностика нәтижелерін пайдалану
|
Ф 2
|
Ұтқырлықты, икемділікті, кері әсерлерге қарсы тұру, ашық ақпараттық қоғам жағдайына тез бейімделуді дамыту.
|
Модель әзірлеу бойынша жұмыс жоспары.
Рухани-адамгершілік орта. Тұлғаны қалыптастыру моделі.
|
М 2.1 Бейімделуге жағдай жасау, ұжым қалыптастыру, білімге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, көптілділікке тарту, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
|
М 2.2 Ұлттық сана-сезім қалыптастыру, эстетикалық қызығушылығы мен көркем талғамын дамыту
|
М 2.3- Оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту.
|
М 2.4- Көшбасшының, өз елінің патриоттарының тұлғалық сапаларын дамыту
|
Ф 3
|
Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық жағдайлар. Денсаулық сақтау ортасы.
|
Оқу-әдістемелік қамту. Оқытудың техникалық құралдары.
Жабдықталған мультимедиялық кабинеттер, лабораториялар, спорт залдар.
Кітапхана, электронды оқу залы.
|
М 3.1 Әлеуметтік қорғау, бейімделу, оқушылар мен педагогтардың денсаулығын сақтау.
|
М 3.2 Оқу-тәрбие үрдісін материалдық-техникалық қамту.
|
М 3.3 Педагогикалық үрдісті әдістемелік қамту
|
М 3.4 Басқару, біріге басқару және өзін-өзі басқару жүйесін әзірлеу
|
Ф 4
|
Педагогикалық үрдістің мазмұнын, педагогикалық құралдарды, технологияларды, педагогикалық қызметті ұйымдастырудың құрылымын, түрлері мен тәсілдерін білу
|
Педагогикалық қызметтің мазмұны.
Педагогикалық үрдістің барысын және нәтижесін болжау әдістемесі. Оқушы мен мұғалім қызметінің жоспары.
Педагогикалық қызметті ұйымдастыру моделі.
|
М 4.1 Педагогикалық қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қою. Соңғы нәтижені болжау.
|
М 4.2 Оқу ақпаратының мазмұнын болжау, оқу материалының мазмұнын іріктеу және құрастыру
|
М 4.3 Нәтижеге бағытталған сабақтарды, сыныптан тыс шараларды моделдеу.
|
М 4.3 Шығармашылық тапсырмалар, жаттығулар, жобалар . орындауға оқушыларды жұмылдыру
|
Ф 5
|
Оқушының тұлғалық-кәсіптік әлеуетін (сапасы) ашу
|
Ақпараттық-оқыту ортасы. Оқу құжаттары, электрондық оқулықтар. Электрондық қорлар, Техникалық оқыту құралдары. Интерактивтік қарым-қатынас.
|
М 5.1 Ақпараттық-оқыту ортасын әзірлеу
|
М 5.2 Оқу ақпаратын модульдеу
| М 5.3 Ақпараттық-оқыту алаңын құрастыру |
М 5.3 Интерактивті қарым-қатынас жобалау.
|
Ф 6
|
Өз қызметінің рефлексиясы және түзету.
Ояту, жеке мотивация,
адамның сыртқы проблемасын ішкі проблемасына айналдыру
|
Өзара бірлескен іздеу режимі.
Талдау мен өзіндік талдау сызбасы. Рефлексия нәтижелері.
Қызметті түзету.
|
М 6.1 Адамның өзіндік талдау, ұғыну, түйсіну қабілеттерін дамыту.
|
М 6.2 Рефлексивтелетін қызметтің тиімділігін, өнімділігін зерттеу.
|
М 6.3 Рефлексия нәтижелерін анықтау және тұжырымдау.
|
М 6.4 Педагогикалық қызметке өзгерістер енгізу.
|
Ф 7
|
Оқу сапасының мониторингін өткізу. Қызметті бақылау, бағалау, талдау.
|
Сауалнама жүргізу, бірлескен рефлексия. Ішкі және сыртқы бақылау. Электрондық бақылаушы бағдарламалар. рефлексия.
Білім алушының портфолиосы.
|
М 7.1 Мұғалімнің мониторинг жүргізуге дайындығы.
|
М 7.2 Критерийлер мен көрсеткіштерді анықтау
|
М 7.3 Педагогикалық қызметті талдау және бағалау
|
М 7.4 Педагогикалық менеджменттің таңдалған әдістері, функциялары мен формаларының нәтижелілігі. Оқушылар, ата-аналар, қоғам көзқарасындағы оқу орнының, мұғалімнің имиджі.
|
5.5 мұғалімнің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры
|
Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер
|
Біліктер мен дағдылар
|
Білімдер
|
М 1.1
|
Оқушылардың тұлғалық сапаларын диагностикалау әдістерін басшылықпен зерттеуді қарастыратын оқу-тәрбие үрдісіндегі басқару қызметі.
|
Тұлғалық сапаларды зерттеуде диагностиканың тиімді әдістерін таңдау.
|
Оқушылардың тұлғалық сапалары. Диагностиканы өткізу құралдары мен әдістемесі. Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктері.
Зерттеу өткізу әдістері мен формалары.
|
М 2.1
|
Бейімделуге, оқушылар ұжымын қалыптастыруға, мемлекеттік тілді білуге және құрметтеуге, көптілділікке, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге жағдай жасауды қарастыратын тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы басқару қызметі.
|
Басқа адамдармен қарым – қатынаста сенімділік ахуалын құру. Білім алушылардың әлеуметтік картасын құрастыру. Оқушылар ұжымын құру. Оқушыларды көптілділікке оқытуда тиімді жеке үйлесімділікті қамтамасыз ету.
|
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.
Оқушылардың әлеуметтік картасы.
Оқушы моделі: шеберлік тізімі, және тұлғалық сапалар, оқудағы жетістіктер, қоғаммен өзара әрекеттесу. Мінез-құлық мәдениеті.
|
М 3.1
|
Әлеуметтік қорғауды, бейімделуді, оқушылар мен педагогтардың денсаулығын сақтауды қарастыратын педагогикалық үрдістегі басқару қызметі.
|
Жетім, әлеуметтік деңгейі төмен отбасы балаларына материалдық көмек көрсету. Оқушыларды тамақтандыру, дәрігерлік көмекпен қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын сақтау.
ТҚ ережелерін, санитарлық-гигиеналық нормаларды, безендіруге қойылатын эстетикалық талаптарды сақтау. Оқушылардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру.
|
Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Денсаулықты сақтау ортасын құрастыру. Ғимаратқа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Нормативтік құжаттар.
|
М 4.1
|
Педагогикалық қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қоюды ұйымдастыру, оның нәтижесін болжау шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Оқыту мен дамытудың мақсаттарын анықтау арқылы стандартты және қарапайым біртектес практикалық тапсырмаларды шешу.
Мақсат пен міндеттерді тұжырымдау.
Соңғы нәтижені болжау. Педагогикалық қызметтің күтілетін нәтижесін болжау.
|
Педагогикалық қызметті ұйымдастыру бойынша тәжірибелік-бағдарланған, кәсіби білім. Оқу қызметін жоспарлау және ұйымдастыру.
Оқыту және дамыту және басқа да үрдісті ұйымдастыру түрлері, тәсілдері мен құрылымы.
|
М 5.1
|
Ақпараттық –оқыту ортасын әзірлеуді қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Оқу ақпаратын болжау тәсілдерін меңгеру. Педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу ақпараты мазмұнын іріктеу, ойлауды дамыту. Өз әрекеті мен оқушы әрекетінің тізбектілігін құру білігі. Электрондық-оқыту ортасында жұмыс жасау тәсілдерін меңгеру.
|
Педагогикалық қызметті ұйымдастыру құрылымы, түрі, тәсілдері. Білім алушылардың әртүрлі контингентінің ерекшеліктері.
Игеру үрдісіндегі оң мотивацияны ынталандыру. Педагогикалық қарым-қатынас. Пәндерді оқыту әдістемесі.
|
М 6.1
|
Өз қызметін жоспарлау, қоршаған ортамен пәндік-әлеуметтік қарым-қатынасын өзіндік талдау, ұғыну, түйсінуді қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Қызмет тәсілдерін қалыптастыруды меңгеру. Сыртқы мәселелерді ішкі мәселеге ауыстыру, нақты сапалар мен қабілеттерін айқындау.
|
Рефлексия ұйымдастыру кезеңдері. Рефлексия-субъектінің ішкі психикалық актілері мен күйлерін сезіну үрдісі.
|
М 7.1
|
Мониторинг өткізуге мұғалімнің дайындық деңгейін қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Білім сапасын диагностикалау, пелагогикалық талдау тәсілдерін меңгеру.
|
Педагогикалық диагностика теориясы, әдістемесі мен технологиясы, мониторинг өткізу.
|
5.4 мұғалімнің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар
М 1.2
|
Оқушының тұлғалық әлеуетін диагностикалауды өткізуді қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Ұжым мен тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың нақты әдістемесін қолдану.
|
Оқушының дамуының жеке траекториясы. Оқушының белсенділігін зерттеуді диагностикалық қамту.
|
М 2.2
|
Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, көркем талғамы мен эстетикалық қызығушылығын дамытуды қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Сыни ойлауды қалыптастыру, көшбасшылық сапаларды, қарым-қатынас, төзімділікті, креативтілікті, жинақылықты қалыптастыру. Тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізу.
|
Жалпыадамзаттық құндылықтар.
Тәрбие жұмысының әдістемесі. Тәрбие және сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру.
|
М 3.2
|
Оқу-тәрбие үрдісін материалдық-техникалық қамтуды қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Оқу-әдістемелік кешеннің, картотеканың, дидактикалық, оқытудың техникалық және басқа да құралдарының болуы мен білім стандарты талаптарына, кабинеттің бейініне сәйкестігі.
|
Оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері. Қауіпсіздік ережелері, санитарлық-гигиеналық нормалар. Өрт қауіпсіздігі.
|
М 4.2
|
Оқу ақпаратының мазмұнын болжау, оқу ақпаратының мазмұнын іріктеу мен құрастыруды қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Оқу ақпаратын болжау тәсілдерін меңгеру. Педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу ақпаратының мазмұнын іріктеу, ойлауды дамыту. Оқу материалын таңдау.
Оқушы әрекеті мен өз әрекетінің тізбектілігін құру білігі. Оқушылардың әрекетін жобалау, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Белсенді оқыту әдістері мен формаларын пайдалану.
|
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттар.
Педагогикалық қызметті ұйымдастыру бойынша практикалық бағытталған, кәсіптік білімі. Оқушы мен мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасы. Білім мазмұны, педагогикалық құралдар, технологиялар. Оқу ақпаратының көздерін іріктеу, игеру үрдісінде оң мотивацияға ынталандыру.
|
М 5.2
|
Оқу ақпаратын модульдеуді қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Оқу ақпараты көздерін іріктеу. Оқу ақпаратын талдау, логикалық құрылымдау, алгоритмдеу тәсілдерін меңгеру. Модуль, гипермәтін, көпдеңгейлі тапсырма мен тест тапсырмаларын құру.
|
Оқыту үрдісінің психологиялық мәні. Оқыту үрдісінің педагогикалық заңдылықтары.
Пән бойынша білімі.
Пән саласындағы ғылыми-әдістемелік білімі.
|
М 6.2
|
Әрекет ауысуын, ойлау әрекетінен дене әрекетіне көшу, қызметтің тиімді тәсілдерін таңдау.
Орындалған әрекеттердің тізбектілігін қалпына келтіру.
|
Бірлескен ізденіс тәртіптемесін ұйымдастыру. Оқушыларды алдағы жұмыстың мақсатын анықтау, мақсат қоя білу мен өз білімін жетілдіруге, жеке мотивацияға, оянуға үйрету.
|
Рефлексия – оқушының оқу жетістіктерін анықтау, қызмет тәсілдерін түсіну.
|
М 7.2
|
Критерийлер мен көрсеткіштерді анықтауды қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Әр түрлі формадағы бақылау өткізу: фронталды, топтық, жеке, аралас және оқушылардың өзін-өзі қадағалауы. Білім сапасының тәуелсіз бағалауды өткізу.
|
Педагогикалық диагностиканың теориясы мен әдістемесі, оқыту сапасын мониторингі, дамуын жүргізу.
Бақылау формалары.
|
5.3 мұғалімнің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар
З 1.3
|
Диагностика нәтижесін жүзеге асыруды қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Педагогикалық қызметті ұйымдастыруда диагностика нәтижесін пайдалану.
|
Диагностика нәтижесін пайдалануда тәжірибеге бағытталған, кәсіби білім.
|
З 2.3
|
Оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тартуды қарастыратын тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Рухани-адамгершілік орта құру.
Рухани-адамгершілік құндылықтар мен тәртіп нормалары тәсілін игеру.
|
Рухани тәрбие. Этнопедагогика.
|
З 3.3
|
Педагогикалық үрдісті әдістемелік қамсыздандыруды қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Әдістемелік шараларға қатысу. Ашық сабақтар өткізу. Әдістемелік бірлестік, шығармашылық топ жұмысын басқару, озық тәжірибе жинақтау, өз білімін жетілдіру. Сабақта жаңа технологияларды, ОӘК қолдану.
|
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар дайындау. Жаңа педагогикалық технологиялар. ОӘК әзірлеуге және қолдануға қойылатын әдістемелік талаптар.
|
З 4.3
|
Нәтижеге бағытталған сабақтарды, сыныптан тыс шараларды моделдеуді
қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес құзыреттілік-терге бағытталған сабақ жоспарлары мен конспектілерін құрастыру. Сабаққа презентациялық көрнекі материалдар дайындау. Оқытуда құзыреттілік бағытында сабақтар мен сыныптан тыс шаралар моделдеу және өткізу. Әдістер мен инновациялық технологияларды жікетеу және қолдану.
Сыныптың журналын, пәндік үйірме жұмыстарын және басқа да жүргізу.
|
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар. Сабақтың құрылымы, түрі және типі. Оқыту әдістерінің жіктелуі. Оқытудың инновациялық технологиялары.
Оқушылардың ой қызметін қалыптастырудағы әдістемелік тәсілдер.
|
З 5.3
|
Ақпараттық-оқыту алаңын құрастыруды
қарастыратын оқу үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Оқу ақпаратын іздеу, талдау және өңдеу тәсілдерін меңгеру.
Ақпараттық-оқыту алаңын құрастыру біліктілігі, күтілетін нәтижені болжау.
|
Қазіргі ақпараттық қорлар. Оқу мақсатындағы түрлі бағдарламалық құралдар. Ақпаратты жинақтау, талдау және жүйелеу әдістері.
|
З 6.3
|
Рефлексия нәтижесін тұжырымдау және проблеманы анықтау, шешу тәсілдерін игеру
|
Алдағы жұмыстың мақсатын анықтау, алынған нәтижені тұжырымдау.
|
Рефлексия нәтижесі, алдағы жұмыстың мақсатын анықтау.
|
З 7.3
|
Педагогикалық қызметті бағалау мен талдауды қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Оқу материалын меңгеру үрдісінде оқушылардың қызметін талдау мен бағалау. Оқушылардың оқу үлгерімін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы сараптау.
Білім алушылардың білім сапасы нәтижесіне жауапкершілігі.
|
Білім сапасының критерийлері мен көрсеткіштері.
Оқыту нәтижесіне берілетін педагогикалық талдау технологиялары.
|
5.2 мұғалімнің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар
М 1.4
|
Өзбетімен оқушылардың жеке траекториясын құрастыру және диагностика нәтижелерін пайдалануға жауапткершілігін қарастыратын оқу-тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Тұлға мен ұжымның психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың нақты әдістемесін қолдану.
|
Диагностика өткізу әдістемесі. Оқушының дамуының жеке траекториясы. Оқушының белсенділігін зерттеуді диагностикалық қамту.
|
М 2.4
|
Көшбасшының тұлғалық сапасын, өз еліне патриоттық сезімдерін дамытуды қарастыратын тәрбие үрдісі шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Сыни ойлауды қалыптастыру, көшбасшылық сапаларды, қарым-қатынас, төзімділікті, креативтілікті, жинақылықты қалыптастыру.
|
Көшбасшылық мектебі. Көшбасшылық сапаларды дамыту. Рухани-адамгершілік тәрбиесі.
Патриоттық тәрбие.
|
М 3.4
|
Басқару, біріге басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамытуды қарастыратын
педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Білім алушылар, ата-аналар қажеттіліктерін қанағаттандыру, іс-әрекетті үйлестіру, тиімді нәтижеге қол жеткізу. Өзін-өзі басқару мен бірлесе басқаруды дамыту.
|
Басқарудың негізгі әлеуметтік функциясы. Еңбек функциясы. Басқару, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-тұрмыстық функция. Басқару, біріге басқару, оқу нәтижелерін өлшеу, бақылау және бағалау.
|
М 4.4
|
Оқушыларды шығармашылық тапсырмалар, жаттығулар мен жобаларды орындауға өзбетімен жұмылдыруға
жауапкершілікті қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, жобалар, рефераттар әзірлеу тәсілдерін меңгеру. Оқушылардың жұмысын белсендіру.
Білім алушылардың қызметі мен тәртібін реттеу.
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыру. Оқу ақпаратын алу көздерін іріктеу, игеру үрдісінде оң мотивацияға ынталандыру.
|
М 5.4
|
Өзбетімен интерактивті қарым-қатынасты жобалау жауапкершілігін, шығармашылық қарым-қатынастың жаңа формаларына ұмтылысты қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Оқыту әдістерін дифференциациялау, әдістемелік тәсілдердің суретін құру, қашықтықтан қарым-қатынас тәсілдерін жобалау, ақпараттық-коммуникациялық тенологияардың функционалды мүмкіндіктерін жүзеге асыру тәсілдерін меңгеру.
|
Қашықтықтан қарым-қатынас әдістерін жобалау.
Оқушыға педагогикалық әсер ету әдістері. Интерактивті қарым-қатынасқа қызығушылығы.
|
М 6.4
|
Жағдаятты бақылау және бағалау, өз мақсатына сәйкес түзетулер енгізу.
|
Келесі әрекеттерге өзгерістер енгізу.
|
Келесі әрекеттерді түзету.
|
М 7.4
|
Таңдалған педагогикалық менеджмент әдістері, функциялары мен формаларының нәтижелілігін талдауды қарастыратын педагогикалық үрдіс шеңберіндегі басқару қызметі.
|
Оқу орнының нарық сұранысы мен қажеттілігіне, нақты тұтынушының сұранысына бағытталуы.
Имидж, оқу сапасын арттыруға ұмтылу, өзбетінділік, сұранысқа сай мақсат пен бағдарламаларды түзету, соңғы іс-әрекет нәтижесін анықтау.
|
Педагогикалық менеджмент функциясы әдістері мен формалары. Оқу орны, педагогтың имиджін анықтау критерийлері. Рейтинг картасы.
|
5. Кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
6. Кәсіби стандартты әзірлеушілер
Орал гуманитарлық-техникалық колледжі
7. Келісім парағы
Мекеме атауы
|
Келісім уақыты
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
|
|
Орал қалалық білім бөлімі
|
|
Орал қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі
|
|
М.Б.Ыхсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебі
|
|
8. Кәсіби стандартты сараптау және тіркеу
Кәсіби стандарт тіркелді
Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу № _______________
Хат (хаттама) № ___________ Мерзімі__________________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ғылым Министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 13қыркүйектегіі № 373 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылғы 16 қазанда № 8819 нөмірмен тіркелген
Достарыңызбен бөлісу: |