20
б) Төраға өкілдігі ЖШС Жарғысына сай төмендегідей сипатта
бекітілсін;
в) ЖШС Жарғысының жобасы бекітілсін.
3. Хаттаманы оқыңыз, құрылымы мен мазмұнына көңіл
аударыңыз.
Хаттаманы
жүргізу
барысында
жіберілген
қателіктерді табыңыз.
ХАТТАМА ПРОТОКОЛ
«АТФБанк» АҚ акционерлерінің
кезектен тыс жалпы жиналысының
хаттамасы
17.07.2010ж. №1 Алматы қ.
Жиналыс төрағасы: А.Төреханов
Хатшы: Б.Ибраев
КҮН ТӘРТІБІ:
1. «АТФБанк» АҚ-ның жарияланған
акциялар санының
көбеюі туралы.
2. Мәлімдеме жасауға мүдделі болып отырған «АТФБанк»
АҚ-ның шешімін бекіту туралы.
1. ТЫҢДАЛДЫ. «АТФБанк» АҚ төрағасы акциялардың
жалпы санын хабарлады. Осыған байланысты банктік жарғы
қоры ұлғайған. Төраға банк акционерлерінің
ірі компаниялар
екенін хабарлады.
2. ТЫҢДАЛДЫ. Банк төрағасы «АТФБанк» АҚ бірнеше
ұйымдармен келісім жасайтыны,
бұның банктің қызмет ету
саласын кеңейтуге мүмкіндік беретіндігін мәлімдеді.
Қаулы:
1. «АТФБанк» акциялары санын көбейтіп, сату туралы
басқарма бастығының айтқандарының барлығы шешім ретінде
мақұлдансын.
21
2. Келісім жасауға «АТФБанк» төрағасына рұқсат берейік.
Достарыңызбен бөлісу: