Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет28/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Итаяғына салу. Итаяғына салу (дәстүр, ырым). Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен
әжелер оған «итаяғына» сал деп сақина, күміс, жүзік сияқты заттар береді. «Итаяғына салу» деген келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарасады.
Қапқа салар. Қалыңдығын алуға келген күйеу барлық жол- жоралғыларымен яғни құдалық кәделерімен, үлкендерге арналған сый- сияпатымен, той малымен келеді. Той басталады. Қыз өз үйінен аттанар алдында оның әкесі барлық құдаларға киіт кигізеді. Күйеу баласына да сыйлық береді. Бірақ ол киіт емес «қапқа салар» деп аталады. Ол бағалы киім, қымбат ер тоқым, жігіт жарақтары немесе мал болуы мүмкін. Әрине, бұл қайын атаның дәулеті мен мырзалығына, абырой беделіне сай жасалатын жолды дәстүр.
Ау, жар. Ау, жар (салт, айтыс). Ұзатылып бара жатқан қыздың
«сыңсуы», «қоштасуы» ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, туған ел- жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес қуаныш, қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен, қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар «жар- жардан» кейін де өлең жырды үстемелей жүріп айтыс түріндегі «ау жарды» тағы бастай жөнеледі. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе «ау жар», біресе «ай-ау», біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те айтыла береді. Олардың мынадай үлгілері бар:
Буынғаным беліме кісен бе еді, ау- жар-ау, Бекем бусам белімнен түсер ме еді, ау-жар-ау, Әкең барып шешеңді ап келмесе, ау-жар-ау, Мұндай азап басыңа түсер ме еді, ау-жар-ау! Мінген де атың боз ғана, бике-ау,
Күйеуің сенің боз бала, бике-ау. Өксігің сенің басылмас, бике-ау, Әлдилеп бала сүйгенше, бике-ау. Мінген де атым жиренше, үкі-ау, Тықыршып тұрар мінгенше, үкі-ау, Қыз көңілі басылмас, үкі-ау,
Әлдилеп бөпе сүйгенше, үкі-ау!

Кеттің, кеттің деуші едің, кеттім, апа ай-ау, Ерттеп қойған атыңа жеттім, апа ай-ау,


Шымылдығын желпе сал, көрсін апам, ай-ау, Көзінің жасын қойнына, төксін апам, ай-ау!

Бұл жырдың бәрінде де әдеп, өнеге, тәлім-тәрбие, халықтық салт- сана мектебінің тамаша үлгісі жатыр.


Сыңсу. Сыңсу (салт). «Халқымызда тұрмыс-салт жырларының ең көп тарағандарының бірі сыңсу». Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын туғандарын аралайды. Былайша айтқанда, қоштасады (Бірақ, бұл дәстүрлі қоштасу емес). Жеңгесін ертіп ағайындарын аралап жүрген қыз жәй жүрмейді. Ол өзінің балалық дәуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата-анасының, туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді. Ондай өлең-жырды сыңсу дейді.
Базардан келген құйысқан Тарамай шашым ұйысқан. Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан
деп өзінің өтінішін де айта жүреді.
Қыздың сыңсуы жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салтанатты салт. Бұл адамгершілік, әдептілік жағынан алғанда да өте орынды дәстүр. Өйткені, балалық күндерден ағайын ортасынан бөлініп кету оңай іс емес. Ал қазақтың қазіргі қыздары бұл дәстүрдің алтын арқауын үзді десе де болады. Өйткені, ауыл, үй аралап сыңсу, жылау түгілі, оң жақтан аттанарда күліп, қуанып жүргендерін де көз көрді. Бұл ұлттық тәрбие мен ұлттық мәдениеттің ұмытылғандығынан деп танимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет