ЖАҢА ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ. ДҚ-ын кұру үшін Файл менюінен Құру командасын немесе саймандар
тақтасындағы деректер қорын кұру түймесін басу керек. Құрылу сұхбат
терезесі ашылады. Бұл терезеден ДҚ-ын сақтау үшін диск және каталогты
таңдап, жаңа ДҚ-ның файл атын енгізу керек. Access оған автоматты түрде
mdb
кеңейтілуін
қосады.
Бұл
файлда
деректер,сонымен
бірге
кестелер,сұраныстар,пішіндер және ДҚ-ы құратын объектілер кұрылымының
Сипаттамалары сақталады. Экранда жаңа бос деректер қорының терезесі
пайда болады. О л бірте-бірте сәйкес шеберлер көмегімен немесе қолмен
/құру өлшемі бойынша/ керекті кестелердің одан кейін басқа да
объектілердің кұраушымен толтырылады. Арнайы шебер көмегімен барлық
қажетті кестелерімен,пішіндерімен және есептерімен бірге анықталған типті
ДҚ-ын тез құруға болады. Ол үшін Құрылу терезесін деректер қоры белгісін
шертіп, тізімнен керекті ДҚ-ын таңдау керек.