Әдістемелік ұсыныстар:
Тақырып бойынша әңгімелесуді ұйымдастыру. Студенттердің дәріске негізделіп және семинар сұрақтарын талдай отырып тақырыпты жан-жақты қамтуына жағдай жасау, бағыттау. Көрнекі құралдарын, сызбаларды қолдану.
№2 семинар тақырыбы: Сынып жетекші тәрбие жұмысының субъектісі ретінде.
Мақсаты: Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының субъектісі ретінде қарастыра отырып, оған тән кәсіби сапалар мен қызметтер туралы түсінік қалыптастыру.
Негізгі сұрақтары:
Сынып жетекшінің тұлғасы және бойындағы сапалары.
Сынып жетекшінің қызметінің вариативтілігі.
Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық қызметі.
Ұйымдастырушылық қызметі.
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару қызметі.
Әдістемелік ұсыныстар:
Тақырып бойынша студенттердің семинар сұрақтарына баяндамалар жүйесін даярлап, оқуы. Сұрақтар қою арқылы пысықтау, талдау. Көрнекі құралдарын, сызбаларды қолдану.
№3 семинар тақырыбы: Сынып жетекшінің ұйымдастырушылық қызметі.
Мақсаты: Сынып жетекшісінің оқушыларды зерттеу жолдарымен, әдістерімен танысу. Тәрбие жұмысының жоспарын құрастыруды үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |