Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері
Сөж 4
флотациялық  әдіс.  Ол  әдіс  минералдардың  сумен  әрекеттесуі  не 

әрекеттеспеуіне негізделген. Сондықтан атом аралық байланыстарды өте жақсы 

білу қажет. Осы жай  металлургиялық өңдеу әдістерінеде тікелей қатысты. 

Координациялық  сан.  Кристалдық  торды  құраушы  кез  келген  атомның 

немесе  ионның  айналасында  бірдей  қашықтықта  ең  таяу  орналасқан  атомдар 

мен  иондардың  санын  координациялық  сан  деп  атайды.  Мысалы, 

кремниийоттек  тетраэдрінде  [SiO

4

]

4- 



кремнийдің  бір  ионын  [Si

4+

]



 

оның 


айналасында  тетраэдр  бұрыштарында  орналасқан  оттектің  4  ионы  O

2-

 



қоршаған, демек кремнийдің координациялық саны 4-ке тең. 

Полярлану  қасиеттері.  Сыртқы  электр  өрісінің  әсерінен  иондық 

сфераның  (қабықтың)  пішінінің  өзгеріп  деформацияға  ұшырауы  полярлану 

деп аталады. Иондық радиусы неғұрлым үлкен, заряды неғұрлым аз болса оның 

полярлануы  күшті  болады.  Полярлану  қасиеттрі  көбінесе  аниондарда 

байқалады. 

Изаморфизм. Грекше “изо”–бірдей, “морфе” – пішін, демек тең формалық 

деген мағына береді. Валенттілігі, полярлану күші, иондық радиустары бірдей 

атомдардың  (иондардың)  кристалдық  торды  бұзбай  бірінің  орнын  екіншісі 

алғандағы кристалдық заттың химиялық құрамының өзгеруін  изоморфизм деп 

атайды.  Изоморфизм  нәтижесінде  химиялық  элементер  кристалдар  мен 

минералдарда  бірін  бірі  алмастыру  арқылы  аралас  қосылыстар  береді.  Соның 

нәтижесінде түзілетін қосылыстардың қасиеті ақырындап үздіксіз өзгереді. 



 

20 


 Полиморфизм (грекше “поли”–көп, “морфос” – пішін). Химиялық құрамы 

бірдей заттардың әр түрлі құрылым құрауын полиморфизм деп атайды. Осыған 

ең  көрнекті  мысал  ретінде  алмазбен  графитті  алуға  болады.  Екеуіде 

көміртектен  (С)  тұрады,  бірақ  құрылымы  әртүрлі.  Алмаздың  координациялық 

саны 4, графиттікі–3. Алмаз– мөлдір, жарқырауық, ең қатты зат. Графит – қара, 

сұр  түсті,  күйе  тәрізді  қолға  жұғатын  ең  жұмсақ  зат.  Мұның  себебі  мынадай: 

алмаздағы  көміртек  атомдары  коваленттік  байланысты,  ал  графиттің  

қабаттардағы  көміртек  атомдары  коваленттік  байланыста  болады.  Алмазбен 

графиттің  осындай  қасиеттері  болуы  олардың  әртүрлі  қысымда  және 

температурада пайда болулары. 



 Кристалдық  энергия.  Иондар  қосылып  кристалдық  тор  құрғақ  уақытта 

олардан белгілі мөлшерде энергия бөлініп шығады. Кристалдық энергиясы деп 

осыны  атайды.  Кристалдық  құрылыстың  беріктігі  мен  қасиеттерін  және 

жаратылысын айыру үшін осы кристалдану энергиясын есептеу шығару керек. 

Оны есептеу әдісі Кулон заңына негізделген. 

 Әрбір  ионның  өзіне  тән  энергиясы  болады.  Иондар  бір-бірімен 

әрекеттесіп  қосылғанда  оның  энергисының  белгілі  бөлігі  бөлініп  шығады. 

Сондықтан  бұл  процесс  экзотермиялық  процесс  (өздігінен  жүретін)  болып 

табылады.  

 Кристалдық 

энергиясы 

бір 


моль 

затқа 


шыққан 

жылудың 


килокалориясымен  есептеледі.  Осы  өлшемдердің  негізінде  кристалдық 

структура энергиясы төмендегідей өрнекпен анықталады: 



K

U



d



W

W

2

1



 немесе  U= K 

2

1

2



1

r

r

W

W



мұндағы: U – кристалдық структура энергиясы; 

       W

және W



2

 – иондардың валенттігі; 

       r

және  r



2

 – иондардың радиусы; 

  Өрнектегі коэффициент (К) энергияны өлшеудің әдісіне қарай табылады. 

А.Е. Ферсман мынандай формула қолданған: 

U=293

2

1



2

1

r



r

W

aW



мұндағы «а» әрпі  Маделунг коэффициенті  деп аталады. Ол  кристалдық струк-

турасына    қарай  өзгеретін  шама.  Соған    сүйене    отырып    А.Ф.  Капустинский  

мынадай  формула ұсынды: 

                                      U=256,1

2

1

2



1

r

r

W

nW



мұндағы 





n

 молекуладағы иондардың жалпысының жиыны. 

Кристалдық  энергиясы    аз  болған  сайын  олардың  өсу  температурасы  да 

төмен болады. 

Әдебиет: 1 – нег.(18-19;31-33, 58-62, 67-71); 2 – нег. (9-17) 

1.  Кристалды және аморфты заттар. 

2.  Изотропты және анизотропты заттар. 

3.  Кристалдардың өсуі, ұсақ және ірі болуына себептер. 




 

21 


4.  Кристалдардың өсу шарттары. 

5.  Кристалдардың симметриясы. 

6.  Симметрия мүшелерінің анықтамалары. 

7.  Атомдық не иондық радиустар. 

8.  Кристалдағы атом аралық байланыс күштері. 

9. Алмаз  бен  графиттің    структуралық  ерекшеліктері,  байланыс  түрлері, 

қасиеттері. 

10. Координациялық сан. 

11. Изоморфизм және полиморфизм. 

12. Кристалдық энергия, есептеу формуласы. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет