жатады. Симметрия жазықтығы – әрбір затты айна қатесіз тең екі бөлетін
18
Барлық симметрия мүшелерінің (жазықтықтарының, өсьтердің, центрдің)
геометриялық қатынастарының толық жинағы симметрия түрі деп аталады.
Кристалдарда симметрияның 32 түрі болатынын 1830 жылы Гессель,
кейін А.В. Гадолин анықтады. Артынан симметиря түрлері топтарға
біріктірілді. Олар кристаллографилық сингония немесе кристаллографиялық
жүйе деп аталады. Осы топтар жеті сингонияға біріктірілген ("син" –бірдей,
тең, "гония" –бұрыш).
Кристаллографияның маңызды таралуына кристаллохимия жатады.
Кристаллохимия бір жағынан физикалық химияға, екінші жағынан
геохимияға байланысты. Кристаллохимия ғылымның бертін бөлініп шыққан
тарауы. Оған себеп болған жай – кристалдардың ішкі структурасын зерттеуге
ренгендік әдістің қолданылуы болды.
Кристалддардың ішкі структурасын, оны құрайтын атомдардың араларын
ренген сәулесі арқылы өлшеу әдісі шыққан соң сол структура мен кристалдың
физикалық және химиялық қасиеттерін байланыстыруға мүмкіндік туды.
Ғалымдардың "Кристаллохимия" атты еңбектері шықты (ол 1936-1937
жылдары орысшаға аударылған).
Кристаллохимияның жарыққа шығуымен байланысты "Геохимия"
ғылымы да жарыққа шықты (В.А. Гольдшмидт, В.И. Вернадский, А.Е. Ферсман
және басқалардың еңбектері). Демек, кристаллохимия тек 20-ғасырда ғана
зерттеле басталды.
Достарыңызбен бөлісу: