Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет35/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері

Хромит –FeCr

2

O

4

. Химиялық құрамы: Fe – 18%,  Cr – 30%,  O – 30-20%. 



Қаттылығы 4,5-5,5, меншікті салмағы 4,5-5. Магнитті қасиеті нашар. Түсі қара 

қоңыр. 


 

Хромит  минералы  феррохром  алу  үшін  қолданылады,  ал  одан  сапалы 

хромды және хром никельді болат алынады. Металдарды тот баспас үшін оған 

хром жалатылады. Одан басқа одан жоғары сапалы бояу алу үшін, отқа төзімді 

кірпіш жасау үшін де қолданылады. 

 

Хромит магманың бөлшектерін жіктелу барысында пайда болады. Кейде 



шашыранды түрде аса негізді жыныстардың арасында кездеседі. 

 

Хром кені Қазақстанда Ақтөбе облысында кездеседі.  



 

Уранинит  –  UO

2

.  Оның  екі  түрлі  тұрақты  тотығы  бар.  Оның  бір  –  қара 

түсті осы қос тотық; екіншісі – сары түсті; үш валентті уран тотығы – аморфты 

зат  UO


3

.  Олармен  қатар  онда  радиоактивті  ыдыраудан  пайда  болатын  заттар 

бар. Оларға жататындар: Ra, Ac, Po, Pb, Ce, La және т.б. 

 

Уранинит  қаттылығы  5-6,  меншікті  салмағы  10,3-10,6,  күшті  радио-



активтік қасиеті бар. 

 

Ураниниттің  жаратылысы  әр  түрлі.  Олар  пегматид  арасында,  гидро-



термалық  желілерде,  метаморфтық  жыныстар  арасында  кездеседі.  Кейде 

шөгінді жыныстар арасында да болуы мүмкін. Одан алынатын радий мен уран 

көп жерлерде қолданылады: атом энергиясын алуда, медицинада т.б. 

 

Кварц  –SiO



2.

.  Химиялық  құрамы:  Si–46%,  O

2

–52  %.  Қаттылығы  –7, мен-



шікті  салмағы 2,6. Оның басқа да түрлері кездеседі. Мысалы, Тридимид және 

Кристоболит вулкандық жыныстарда кездеседі. 

         Кварц дүние жүзінде кездесетін минералдардың ең көбі және ең ірілері де 

осы кварц кристалдары. 

«Кристалл»  деген  сөздің  өзі  сол  кварц  кристалының  ірі    мөлдір  түріне  

байланысты    шыққан,    ал  кристал-«хрусталь»    деген    сөзден  шыққан. Грекше 

«хрусталь»  мұз  немесе  мөлдір  тас    деген    сөз.  Кварц  кристалының  ірі  мөлдір  

таза түрін тау хрусталі деп атайды. 

Тау  хрусталінің    тамаша  қасиеттерінің  бірі-  жылу  өткізгіштігі.  Мысалы, 

жай шыныдан жасалған  ыдысқа ыстық  су құйып, одан кейін суық су құйса, ол 

шатынап сынады. Ал кварцтен жасалған ыдысты қыздырғанға дейін қыздырып, 

оған мұзды  су  құйсақта  сол қалпында  қалады. 

Хрустальды  2000  градуста  қыздырса    балқып,  сұйық    түрге  айналады. 

Сонан  соң    арнаулы  ыдыстарға  құю    арқылы    неше  түрлі    формалы  бұйым 

жасауға болады.  

Электр  тоғын  өткізгіштік  қасиетіне    байланысты  оны  көптеген    аспап-

тарда,  әсіресе  радиотехникада  пайдаланады.  Одан  электрондық  лампалардан 

анағұрлым  кіші    жартылай  өткізгіштер    жасалады.  Мұндай  жартылай  




 

46 


өткізгіштер    жер  серіктерінде,    космос  корабльдерінде,  электронды  –  есептеу  

машиналарында  қолданылады.  Кремний    сондай-ақ    оттегінен    және  көмір-

тегінен    қосылып    өте  ірі    полимерлер    түзеді.  Мұндай  қосындыларда    басқа: 

заттарда    жоқ    қасиеттер    бар.  Оларға    су  жұқпайды,  металл  бетін    жоғары  

температурадан    қорғай  алады.  Ал    жарық  өткізгіштігі,    қаттылығы,  балқу 

температурасының  жоғарылығы  және  ешқандай  еріткіштерде    ерімейтіндігіне  

орай  ол  кейбір  оптикалық  аспаптарды    жасауға  теңдесі  жоқ  минералдардың  

бірі болып саналады.   

Хрустальдан техниканың кейбір салаларында қолданылатын өте  жіңішке  

кварц  жібі  алынады. 

Кварц  мөлдірлігіне  және түстеріне қарай  көп түрлерге  бөлінеді:аметис- 

ал  қызыл түсті, морион – қара  түсті,  цитрин – сары алтын түсті және т.б. 

Кварц    барлық  магмалық  қышқыл    тау  жыныстарында    негізгі    минерал  

болып  табылады.  Ол  тұрақты  минерал  түрінде  жер  шарына  айырықша  көп 

тараған.  Қысқаша  айтсақ құрамында кварц жоқ  кен кездеспейді деуге болады.  

Ол  химиялық    жағынан    берік  минерал    болғандықтан  кесекті  түйіршік 

түрінде  жаналып, кварц құмдарын  және  шөгінді  жыныстар құрайды. 

Экзогенді  процестерде  кварц    майда    кристалды  түрге    халцедонға 

айналады.  Метаморты   процестерде  опалды шөгінді  жыныстар,  яшма  және  

басқа    түрлерде  болады.  Осындай    майда  түрлерінде  болғанда  кен  байыту  

процестерінде   ол керексіз минерал  ретінде  қалдықта  қалады.  

Бірсыпыра  жағдайларда  кварц жеке желілер  түрінде  өз  кенін  құрайды. 

Оларға алынатын  кварцтың  негізі  шыны  жасауға  және  құрылыс  материал-

дары   ретінде  пайдаланылады. 

Жоғарыда аты аталған Халцедон  (кварцтың бір түрі)  өте майда  жасырын  

кристалды  түрде  болады.    Түсі    неше      түрлі    болып    кездеседі.  Халцедон  

бірқатар    ғылыми    аспаптарда,  көркемдік    істерде    қолданылады.  Мысалы, 

ағаттық  келілер,  дәл  көрсететін    аспаптардың  айнымалы  бөлшектерінде  

қажалмайтын  төсеніш  ретінде  қолданылады. 

Әдебиет: 1- нег (228-252), 2-нег (65-75),  3-қос (126-128). 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Темір  тотықтарының  аттары  формулалары 

2.  Темір жерде кездесуі  жағынан  қай декадаға  кіреді. 

3.  Темірдің өңдірістік  маңызы. Оның қандай түрлері бар. 

4.  Марганец  минералдарының аттары, формулалары.  

5.  Марганецтің негізгі пайдалану түрі. 

6.  Алюминидің басты минералдары, аттары, фомулалары 

7.  Алюминидің қасиеті, пайдалануы. 

8.  Корунды жан-жақты сипаты. 

9.  Титан минералдары, аттары, формулалары. 

10.  Титан қасиеті, қолданыуы. 

11.  Қалайы  минералы.  Қандай  кен  түрлерінде  кездеседі.  Көп  кездесетін 

аймақтары. 

12.  Хром минералы. Қазақстанда қай жерде кездеседі.  




 

47 


13.  Уранит. Оның басты қасиеті; қолданылуы. 

14.  Кварцты сипатта. Қолдану орындары. Оның табиғатта кездесу түрлері. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет