Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


 – дәріс. Кен байытуда пайдаланылатын минералдар қасиеті



Pdf көрінісі
бет41/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері

12 – дәріс. Кен байытуда пайдаланылатын минералдар қасиеті 

 

 Кен байытуда, яғни минералды бір бірінен бөлуде соған алда тоқталамыз, 

олардың  қасиеттерінің  арасындағы  айырмашылықтары  пайдаланылады. 

Сондықтан,  минералдардың  физикалық,  химиялық  және  физика  –  химиялық 




 

55 


қасиеттеріне  тоқталайық.  Алдыңғы  келтірілген  минералдардың  кейбір 

қасиеттеріне өте қысқа тоқталғанбыз. 

Минералдардың  физикалық  қасиеттеріне  жататындар:  тығыздылық  (не 

болмаса  меншікті  салмақ),  тоқ,  жылу,  өткізгіштігі,  магниттік  қасиеті,  крис-

талының  пішіні, түсі, жылтырлығы, қаттылығы, радиоактивтілігі, морттылығы. 

Химиялық қасиеттерге жататындар: суда және әр түрлі ерітінділерде еру. 

Минералдардың физико – химиялық қасиеттері олардың физикалық  және 

химиялық қасиеттерінің жиынтықтарымен байланысты. 

Кен байытуда көптеген әдістер қолданылады. Осы тұрғыдан қарағанда, ең 

бірінші  кезекте  минералдардың  жаратылысына  байланысты  өте  маңызды  бір 

жайға  тоқталалық.  Кен  байытуда  қандай  әдіс  қолданылмасын  дәл  сол  жайға 

бірінші кезекте қаралады – ол қандай кен болмасын, тау жыныстарының ішінде 

бағалы минерал түйіршіктері микрондық размерден бірнеше сантиметрге жетуі 

мүмкін.  Қара  металл  кендерінде  бағалы  минералдар  іріліктері  жоғары  болса, 

түсті және сирек кездесетін кендерде көпшілік жағдайда ұсақ не өте ұсақ түрде 

болады.  Кеннің  осы  қасиеті  сепкілдік  дәрежесі  деп  аталады.  Осыған 

байланысты  кендер  ірі  сепкілді,  орташа  сепкілді  және  майда  сепкілді  деп 

бөлінеді. Санды түрде келтірсек, егер түйіршіктер размерлері 0,2 мм-ден аспаса 

ұсақ майда сепкілді, 3–4 мм болса орташа сепкілді, ал 4–5 мм-ден жоғары болса  

ірі сепкілді деп аталады. 

Ұсақ не майда сепкілді кендерді байытуға негізінде бір ғана байыту әдісі 

–  флотациялық  әдіс  қолданылады.  Ол  әдіс  минералдардың  физико-химиялық 

қасиеттерінің  арасындағы  айырмашылыққа  негізделген.  Қысқарта  айтсақ  ол 

минерал  бетінің,  су  молекулаларымен  әрекеттесуіне,  яғни  сулану  не  сулан-

бауына байланысты. Бұл қасиет барлық минералдарда әр түрлі. Сондықтан, бұл 

байыту  әдісі  сепкілділігі  ұнтақ  барлық  кен  түріне  қолдануға  болады,  демек 

әмбебапты (универсалды ) әдіс. Әрине, оны қолдану үшін алдын ала зерттеулер 

жүргізілуі  ,  қажетті  режим  анықталуы  тиіс.  Айта  кету  керек,  бұл  әдіс  күрделі 

әдіс,  онда  көптеген  химиялық  қосылыстар  пайдаланылады.  Қазіргі  кезде  түсті 

металдар  және  сирек  кездесетін  металдар  кендерінің    90-95  %-ті  осы  әдіспен 

байытылады.  Сол  сияқты  басқа  кез  келген  кендердің,  көмірдің  ұнтақтары  да 

осы әдіспен байытылады. 

Сепкілдігі  ірілеу  (d>2,0  мм)  кендер  олардағы  бағалы  минералдардың 

қасиеттеріне  қарай  әр  түрлі  әдістермен  байытылады.  Олардың  ішіндегі  ең 

маңыздылары  гравитациялық  (минерал  тығыздығына  негізделген),  магниттік 

және  электрлік  әдістер.  Сирек,  қажеті  болғанда  минералдардың  басқада 

қасиеттерінен  (түсі,  кристал  формасы  радиоактивтілігі  және  т.б.,) байланысты 

басқа байыту әдістері қолданылады. 

Флотациялаудан кейін қолдану жиілігі жоғарғы әдіске гравитациялық әдіс 

жатады.  Ол  минералдардың  тығыздығының  айырмашылығына  негізделген. 

Осыған байланысты барлық қарастырылған минералдар сипатталғанда олардың 

тығыздығы  елтіріліп  отырды.    Осы  жайға  байланысты  айтатынымыз,  тау 

жыныстарын  құрайтын    силикатты  не  алюмосиликатты  минералдарының 

тығыздығы  2,6–2,7-ден  аспайды.  Ал  көптеген  бағалы  деп  саналатын 




 

56 


минералдардың  тығыздығы  2,7-ден  жоғары  келеді.  Демек,  оларды  кеннің 

негізін  құрайтын  тау  жыныстарынан  бөлу  қиын  емес.  Енді  минерал 

тығыздығына тоқталайық. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет