1.3 Курстың мақсаты:
Қой малдарыныңбиологиялық ерекшелігін, одан алынатын ет, жүн өнімділігін өндіру жолдарымен танысу. Ет және жүн өндіруде оған әсер ететін факторларды білу.
Ет өнімділігінің көрсеткіштері, жүннің қасиеттеріне әсер ететін факторлармен, оны дайындау стандарттарымен студенттерді таныстыру.Cтуденттерге қой қой тұқымдары туралы, оларды өсіру өңірлері мен өнімділіктердің ерекшелігі, жүн, ет өнімдерін өндіру биотехнологиясы туралы теориялық терең білім беру.
1.4 Пәнді оқытудың міндеті:
- қойлардың биологиялық және шаруашылықтық ерекшеліктерін оқып үйрену;
- аз шығын шығарып экологиялық таза өнім алу үшін және қой шаруашылығы селекциялық және асылдандыру жұмысы, азықтандыру, күтіп-бағу жөнінен, сондай- ақ қой шаруашылығы өнімдерін өндіру мен оны алғашқы өңдеу негіздерін ұйымдастыру жұмыстарын қазіргі кездегі ғылым жетістіктерімен үйрету.
1.5 Пәнді оқу барысында студент:
-қой малдарының шаруашылықтық және өнімділік сапасын оқу;
-жүннің технологиялық қасиеттерін, таза талшық шығымын, жүн класын анықтап үйрену;
- қой шаруашылығында генетикалық ресурстарды тиімді пайдалану;
-қой шаруашылығының келешектегі дамуы үшін жүн мен ет өндірудің жаңа технологияларын меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |