Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет78/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

Қабаттары
Аймақтың терісі жұқа, серпімді, астында шелмай қабаты мен беткейлік 
фасция жатады. Мұнда мойынның беткейлік веналары: v.jugularis ant., v.mediana colli 
және мойын өрімінің терілік нервтерінің тармақтары орналасқан. Одан тереңірек 
мойынның екінші (өзіндік) фасциясы, содан кейін (үшінші) жауырын-бұғаналық фасция 
жатады. Үшінші фасция мойынның алдыңғы бұлшықеттеріне арналған қынаптар 
жасайды. Ол бұлшықеттер: бұғана-тіласты, жауырын-тіласты, бұғана-қалқанша
қалқанша тіласты осы қынаптармен қоршалған. Артқы екеуі басқаларынан тереңірек 
жатады. Аталған бұлшықеттерден терең төртінші ішкіағзалық фасция – дәлірек айтқанда, 
оның париеталды жапырақшасы жатады. Оның астында ішкі ағза алды кеңістікті табуға 
болады, ал одан тереңірек вицералды фасция жатады. Бұл фасция мойынның ішкі 
ағзалары: көмейді, кеңірдекті, қалқанша және қалқанша маңы бездерін, өңешті жауып 
тұрады. Ішкі ағзалар алды кеңістікте қантамырлары, лимфа тамырлары мен түйіндері бар 
шелмай қабаты жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет