Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет148/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Негізгі белгілері

Бүйрек ауруларына тән белгілер: ісіктер, зәр бөлінуі мен зәр шығарудың бұзылуы, зәрдің құрамының өзгеруі, артериялдық қан қысымының жоғары болуы. Бүйрек ауруларындағы ісіктер тұрақтылығымен жайылғаны, көрінуі әртүрлі. Ісік жиі таңертең бетте пайда болады, жылы және тығыз емес болады. Кейде олар барлық тері астына жиналып, мөлшері өте үлкен болады (анасарка); сұйықтың іш қуысында жиналуы мүмкін (асцит), кеуде қуысында жиналуы гидроторакс деп аталады.

Зәр шығару жүйесінің ауруларындағы жиі белгінің бірі – диурездің өзгеруі. Тәулікті зәр мөлшерінің көбеюі – полиурия деп аталады, ал азаюы – олигурия, мүлдем шықпай тоқтап қалуы – анурия. Кейде түнгі зәрдің мөлшері күндізгі зәр мөлшерінен көбейіп кетеді , оны никтурия деп атайды. Ісіктер әдетте зәрдің бөлінуінің азаюымен байланысты. Диурездің кенеттен төмендеуі (тәулігіне 200 мл аз болуы) нақты анурияның белгісі болуы мүмкін. Зәрдің кенет бөлінуінің азаюы немесе зәрдің кенет тоқтауы зәрдің өткір шықпай қалуының белгісі, бұл кезде қуықта зәр болады, бірақ әртүрлі себептермен зәр сыртқа шықпайды. Мұндай жағдай несеп арнасының таспен немесе ісікпен бітелуіне байланысты. Диурездің біршама көбеюі бүйректің қызметінің қалпына келе бастағанының белгісі. Дизуриялық көріністер – ауырсыну және жиі зәр шығуы–көбінесе зәр шығару жолдарының қабынуымен байланысты (цистит, уретит, простатит), сонымен қатар несеп ағарда тас болғанда кездеседі. Бүйрек аурулары кейде науқасқа білінбей өтуі мүмкін, бірақ бүйректегі немесе зәр шығару жолдарындағы өзгерістер зәрдің сәйкес өзгеруін толтырады. Зәрдің түсінің өзгеруі көбінесе құрамында қанның болуына байланысты – макрогематурия. Бүйрек шаншуынан кейін пайда болған макрогематурия бүйрек тас ауруында көбінесе байқалады. Ауырсынусыз, кенеттен дамыған, көп мөлшерде болған макрогематурияда бүйрек ісігінің жоқтығын бақылау керек. Гломерулонефритте де макрогематурия байқалуы мүмкін. Зәрдің түсі науқас қабылдап жүрген әртүрлі дәрілік заттардың зәрде болуы әсерінен өзгеруі мүмкін. Қоңыр түсті, кейде қызыл түс деп қалуы мүмкін, ол зәрдің құрамындағы зәр қышқылдарының тұздары (ураттар) кездесуінен болады. Тұнбаға түсетін ураттар зәрдің мөлдірлігін өзгертеді: ол мөлдір немесе лайланған. Лайланған зәр көп мөлшердегі лейкоцитер (пиурия) мен бактериялардың қосылуынан болады. Гематуриядан басқа бүйрек ауруларында кездесетін өте маңызды белгі - протеинурия. Протеинурия – зәрмен қалыптағыдан көп ақуыздың бөлінуі. Бұл бүйрек зақымданғанының ең жиі белгісі. Бүйрек ауруларында зәр анализінде протеинуриямен бірге цилиндрлер байқалады. Цилиндрлер бүйрек арналарының ақуыздың іздері болып табылады. Протеинурия, цилиндрурия, ісіктің болуы нефротикалық (ісіну) синдромға тән белгі. Көптеген бүйрек аурулары артериялдық қан қысымының көтерілуі мен сипатталады. Гипертониялық синдромның ерекшелігі - ол диастолдық қан қысымының біршама жоғары болуы. Бүйрек ауруларындағы кездесетін белгілерге бел маңайының ауырсынуы және дене қызуының көтерілуі жатады. Бел маңайының ауырсынуы бүйрек қапшығының созылуына немесе несеп ағардың бітелуімен байланысты болуы мүмкін. Белдің төменгі жаққа әсерін беруі, күшті толғақ тәрізді ауырсынуы тас сырқатына тән белгі. Бүйрек аурулары бар науқастарда дене қызуының көтерілуі ағзада жұқпаның бар болуының түсіндіреді. Бүйрек ішкі ортаның қалыпты құрамын ұстап тұра алмаған жағдайда, науқаста созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамығанда, бүйрек арқылы улы заттардың шығарылуы бұзылады. Бұл улы заттар тері және кілегей қабат арқылы шығарылады да, терінің қышуы, іштің өтуі, құсу, лоқсу, ауыздан зәр иісінің шығуы, геморрагиялық белгілердің дамуына әкеліп соқтырады. Бүйректің екі жақты диффузды зақымдануы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Бүйрек аурулары жиі кездеседі. Бұларға келесі нозологиялық түрлері жатады: пиелонефрит, гломерулонефрит және бүйрек тас ауруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет