Клиникалық бейнесі. Сырқаттың белгілері бастапқы кезеңінде көзге көрінбейді. Созылмалы пиелонефриттің негізгі себебі: өткір пиелонефритті өз уақытында емдемегендіктен, сонымен қатар цистит, пиелит болып табылады. Аурудың клиникасы кезеңіне және түріне байланысты. Созылмалы пиелонефриттің 5 негізгі клиникалық түрі бар: жасырынды (латентті), гипертониялық, қозу, анемиялық, гематуриялық.
Жасырынды түрінде аурудың белгілері білінбей өтеді. Науқас пиелонефрит сырқатының бар екендігін сезбейді, тек зәр, қан анализіздерін тапсырған кезде аурудың белгілері табылады. Науқас тез шаршағыштыққа, тамаққа тәбетінің төмендеуіне, дене қызуының сәл көтерілуіне шағымданады. Қанда анемия, ЭТЖ артады. Зәрде сәл протеинурия және лейкоцитурия білінеді. Полиурия мен никтурия байқалады.