Жедел гломерулонефрит дегеніміз екі бүйректің шумақты денешіктерінің (нефрондардың) қабынып, бүйректің сүзбе жұмысының бұзылуымен сипатталатын ауру. Сырқаттың себебіне жұқпа мәнбірі әсер етеді. Сонымен қатар аурудың дамуына иммунды серпелістер қатысады. Әр тұжырымдардың қорытындысы бойынша гломерулонефрит 1 – 3% тен 3 – 5% ке дейін бүйрек аурулардың ішінде кездеседі.
Этиологиясы. «А» тобынан В–гемолитикалық стрептококк болып табылады яғни, баспа, ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), гайморит аурулары әкеліп соғуы мүмкін. Әсер ететін мәнбірлерге суық тию, сілтімен, сірке қышқылымен улану, кейбір дәрілердің әсерлері, ішімдік, жарақатанулар жатады.
Клиникалық бейнесі. Бұл аурумен 40 жасқа дейінгі ер адамдар мен әйел-дер бірдей ауырады. Жұқпадан 2 – 3 апта өткеннен кейін гломерулонеф-рит ауруының алғашқы белгілері біртіндеп біліне бастайды. Науқас әлсіз-деніп, уыттану белгілері білінеді: басының ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі, тамаққа деген тәбетінің тартпауы. Бел маңайы ауырсынады, зәр-дің мөлшері азая бастайды, 300 мл - ден зәрдің мөлшері азайғаннан соң олигурия пайда болады. Зәрдің мөлшері 20 – 100 мл дейін азаяды, түсі «ет-тің жуындысы» тәрізді болады (макрогематурия), сонымен қатар зәрде протеинурия, цилиндрурия байқалады. Денеде ісік білінеді, артериялдық қан қысымы көтеріледі. Сырқаттың өту ағымында төрт басты синдром айқын түрде білінеді. Бірінші түрінде шумақтардың зақымдануынан зәрдің мөлшерімен құрамы өзгереді. Олигурия – зәрдің мөлшері тәулігіне 200 мл – ден аз немесе анурия пайда болады (зәрдің мүлдем тоқтап, шықпай қал-уы). Шумақтардың сүзу қызметі зақымдалғандықтан, зәрдің салмағы жо-ғары болады. Екінші түрінде жүрек – тамыр жүйесінің өзгерістері нақты түрде байқалады. Артериялдық қан қысымы көтеріледі, әсіресе босаңсу қысымының (диастолдық) көрсеткіші. Жүректің сол жақ шекарасы ұлғаяды, аритмия, экстрасистолия байқалады. Сонымен қатар зәрде ауруға тән өзгерістер де байқалады.
11 сурет Гломерулонефриттегі ісіктің
бетте білінуі
Сырқаттың үшінші түрінде негізгі белгі ісік болып табылады. Ісік таңер-тең науқастың бетінен басталып, дененің жоғарғы жақ бөліктеріне жайылады. Бірте – бірте ісік дененің барлық бөліктеріне жайылып, сипа-лағанда жылы, жұмсақ болып сезіледі. Ми белгісі төртінші түрінде кез-деседі. Мидың ісінуінен ми эклампсиясы дамуы мүмкін. Бұл жағдайларда құсу, лоқсу болуы керек. Анурия жағдайында дененің құрысып – тырысуы байқалады. Көбінесе сырқаттың клиникалық белгілері аралас түрде байқа-лады. Аурудың ағымы 3-4 аптадан 1-1,5 жылға дейін созылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |