Асқынуылары. Бүйрек эклампсиясы, мидың дерттері (энцефалопатия), жедел жүрек – тамыр және бүйрек жеткіліксіздері, көз көру қабілетінің төмендеуі, миокард инфарктісінің дамуы мүмкін. Энцефалопатия ми тамырларының ісініп тарылуымен сипатталады. Науқаста күрт тырысу дамиды. Есінен танады, көз қарашағы жарыққа әсер етпейді. Дем алуы бұзылып, аузынан көбік шығады. Терісі көгерінкейді. Қан қысымы жоғарлайды. Ұстаманың ұзақтығы 30-40 минутқа дейін созылады. Гломерулонефртиттің ауыр ағымында өткір бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Оның негізгі клиникалық белгілеріне ісіну, терінің қышынуы, олиго-немесе анурия, диспепсиялық белгілер, жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануы, геморрагиялық синдром, уремиялық кома жатады. Өршу кезеңі 1 – 4 аптаға дейін созылады. 60 – 70% өткір гломерулонефрит толық жазылып шығады немесе созылмалы түріне айналады. Егер зәрдегі өзгерістер бір жылдың ішінде қалпына келмесе, созылмалы гломерулонефритке ауысқанын білдіреді.
Емі. Бастапқы 2-3 аптада қатаң төсек тәртібін сақтау маңызды болып табылады, сондықтанда бүйір астына ісіктер кеткенше және қан қысымы қалыптасқанша жылытқыш пайдаланып, қолданған жөн. 7 емдәм тәртібін сақтау, тәулігіне тұздың мөлшері 1,5 г –нан аспау керек, судың мөлшері 500 мл – ге дейін, тағамдарды шектеу керек. Ал құнарлы тағамдары ретінде жеміс –жидектерді жеткілікті түрде беру керек. Қоздырғыштарға қарсы антибиотиктерді тағайындап, қолданады: пенициллин, оксациллин, эритромицин. Патогендік ем ретінде иммунды депрессанттармен арнайы түрде қолданады: глюкокортикоидтар (преднизолон, гидрокортизон, меркаптопурин және т.б. дәрілер). Аллергия өзгерістеріне қарсы антигистамин дәрілерін қолданады: пипольфен, тавегил, супрастин, диазолин т.б. Қанның ұюына қарсы гепарин, фибринолизин, курантил дәрілерін қолданады. Артериялдық қан қысымы көтерілген кездерде гипотензиялық дәрілерін береді: клофелин, нифедипин, капотен, энам, эднит т.б. Ісікті жою мақсатымен зәр шығаратын дәрілерді пайдаланады: гипотиазид, фуросемид, триампур т.б. дәрілер. Сырқаттың ауыр түрінде гемодиализ жүргізеді (тәулікті диурездің мөлшері тым азайғанда, зәр салмағы төмендегенде, қан мен зәрде креатинин мөлшерінің азайғанында).
Болжамы. 2-4 айдан кейін клиникалық және зертханалық өзгерістер жойылады. Бірақ бүйректегі морфологиялық өзгерістер 1-2 жылға дейін байқалады. Дұрыс ем қолданған науқастар толық жазылып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |