СЫРЫМНЬЩ ХИУА ХАНЫН СӨЗДЕН ЖЕҢУІ
(2-нүсқа)
Сырым елдің барымтада кеткен малын даулауға Хиуа
хаңдығына бармақшы бопты. Кіші жүздің атақты билері:
Қоске, Көсеу, Бөкен, Малайсары: «Барма, малды бермес,
өзіңе бір қатер қылар» депті. Бұларға болмай, қасына
Дәуқараның баласы жас жігіт Есқара батьфды ертіп,
Қоңырат барыпты. а .,
Қоңьфаттың ханы: «Малың жоқ шығар, болса берер-міз»—. дегей сөзбен жұбатып көп жүрген. Осы көп жүрген уакдэітта хан Сьфымды қайткенде де тне істен, не сөзден мүқатуға әрекет жасай беріпті.
Бір жиында көгіпен бірге мешіт намазына хан Сырымды да шақырыпты. Үйге кірерде Сырымның жольша сиырдың жас жапасы» тастатыпты. Сырым жапаны абайламай басып, үйге кіріп келгенде, хан «қонақ, аяғыңда нәжіс бар екен» дейді.
Сырым: «Хиуа, Бұхар шариғаттың ашылған жері екен десек, боқтың шашылған жері екен ғой!»—депті.
Намаздың батасын Сырым қолын жеңінен шығармай істепті. Сонда хан: «Қазақ қонақі Жеңіңізбен бата еткеніңіз қалай? Ол шариғатқа келмейтін нәрсе емес пе?»— дегенде Сырым батыр:
Жеті қат көктен өтіп тұрған құдайдың рақымы — менің шүберек жеңімнен өтпесе амалым қанша?—депті.
Хан тағы да бір улкен жиын-той жасайын деп Сырымға:
Қазақтың «ас-мас», «ат-мат», «жігіт-мігіт» деген сөздері бар, сол не деген сөз?— деп сұрайды.
Сұрағыңызға тойдан кейін жауап берейін,— дейді
Сырым.
Сырым ер қосшысы Есқара батырдан «Атың бәйгеге қосуға жарай ма?»— дейді.
Есқара: «Қайдан білейін, тарланым екі киік қуғанда болдырмай соғатын. Мұны қоссаңыз ат қосатын жерді алыстан сұраңыз, ұзаққа шабатын»— депті. Ат алыстан жіберіліп, тарлан алдымен келіпті..
Бәйгеден кейін балуан шығарғанда Сырым Есқараға:
— Күшің қалай, күресіп көріп пе едің?— депті.
Ханның палуанын Есқара белбеуінен ырғап-ырғап тарт-қанда палуан отыра кетіпті.
Тойдың ойын-қызығы бітіп, табақ тартылғанда, Сырым ханға: «Сұрау ыңыздың шешуін айтуға' рұқсат етіңіз»— депті. Рұқсат етілген соң батыр: _
Біздің қазақ той жасағанда, қой сойып — құйрық, жылқы сойып — қазы тартады. Сусынға қымыз береді, мұны «ас» дейді. Сіздің табаққа салып тартқан жеміеіңізді, суеынға берген шайыңызды —<мас» дейді. Жылқыны сы-найтын ұлы бәйгеден шауып озған атты «ат» дейді. кейін тезек теріп қалған атты —«мат» дейді. Алқа топтан палуанға шыққанда алып ұрып жыққанды «жігіт» дейді, жер қауып жығылғанда «мігіт» дейді. Қазақтың «ас-мас», «ат-мат», <<жігіт-мігіт» деитіні осы еді, хан!— депті.
Содан кейін Хиуа ханы Сырым мен Есқара туралы «Адамның қызыл-қайың желі мен сьфттаны екен. Бүл екеуінің ел шабу қолынан келеді екен» деп қалай да
өлтіруді ойлапты.
Хиуаға кетерде Малайсары бидің Сырымға айтқан
ақылының бірі: -
— Асын үй иесі өзі бастамай, сей ішпе!—дегён екен.
Сырым, Есқара екеуі ыссыда келе жатып, бір ауылдың үстіне келгенде, бір кемпір:
Ернің бозарып, таңдайың кеуіп келе жатыр екең, балам, мына сусыңды іше ғой!— деп ұсынғанда Есқара:
Сыреке, Малайсарының ақылы қайда?— дейді.
Ой, осы шешем алдап тұр дейсің бе?—деп Сырым сусынды ішіп жіберіпті. Ішінде у араласқан қымыз екен. Сырым содан өліпті.
Достарыңызбен бөлісу: |