Қазақстан республикасы ғылым және білім министірлігі


Тақырыбы: 6. Вакуумдағы стационарлық магнит өрісінің теңдеулері



бет30/95
Дата04.08.2017
өлшемі9,41 Mb.
#22732
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   95

Тақырыбы: 6. Вакуумдағы стационарлық магнит өрісінің теңдеулері

Дәріс мақсаты: Вакуумдағы стационарлық магнит өрісінің теңдеулері туралы мағлұмат беру.


  1. Векторлық потенциалға арналған Пуассон теңдеуі, оның толық шешімі.

  2. Үлкен арақашықтықтағы заряд жүйесінің векторлық потенциалы.

  3. Магниттік момент.

1820 жылы дат физигі Х. Эрстед магнит тілшесіне электр тогының бағыттайтын әсерін байқаған. Сол аралықта француз физигі А.М. Ампер тогы бар екі өткізгіштің өзара әсерлесуін ашып, толығымен зерттеді. Магниттік өзара әсерлесу тек қозғалыстағы электр зарядтарына (токтарға) тән екендігі анықталды. Токтардың магниттік өзара әсерлесуі материяның ерекше түрі – магнит өрісі - арқылы жүзеге асады. Магнит өрісінің негізгі қасиеті – сол өрісте орналасқан тогы бар өткізгішке күштің әсер етуі. Магнит өрісінің қасиеттерін зерттеу үшін тогы бар рамка қолданылады.



Берілген нүктедегі магнит өрісінің бағыты ретінде рамкаға жүргізілген оң нормалінің өрістегі бағыты алынады. Тогы бар рамкаға әсер ететін күштер жұбының айналдыру моменті

, (23.1)

мұндағы - тогы бар рамканың магниттік моменті, - магнит индукциясының векторы деп аталатын магнит өрісінің сандық сипаттамасы.

Біртекті магнит өрісінің берілген нүктесіндегі магнит индукциясы магниттік моменті бірге тең рамкаға, оған жүргізілген оң нормаль өріс бағытына перпендикуляр болғандағы, әсер ететін максималды айналдыру моменті арқылы анықталады.



Магнит индукцияның өлшем бірлігі - тесла (Тл).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет