Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі


Дәріс 19, 20 – Фенолдар, хинондар



бет10/20
Дата25.03.2017
өлшемі2,42 Mb.
#12238
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Дәріс 19, 20 – Фенолдар, хинондар

Дәріс жоспары:



  1. Құрылысы. Алу тәсілдері

  2. Химиялық қасиеттері

  3. Азоқосылыстар

Фенолдар деп бензол сақинасындағы сутегінің біреуі немесе бірнешеуі гидроксил тобымен алмасқан қосылыстарды айтады.

Құрамындағы гидроксил тобының санына қарай бір - С6Н5ОН, екі С6Н4(ОН)2 үш С6Н3(ОН)3 атомды фенолдар болып бөлінеді.

Бір атомды фенолдар





Екі атомды фенолдар

Үш атомды фенолдар


Бір атомды фенолдардың ішіндегі ең қарапайымы – фенол - С6Н5ОН. Гидроксил тобының электрондарының сақинаға ығысуына байланысты, фенол әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.



Алу жолдары.

1.Фенолдың табиғи көздері. Таскөмірлі шайырды құрғақтай айдау арқылы фенол алынады.

2. Бензолдың галогентуындыларын катализатор қатысында сілтілермен қыздырып:

3.Сульфоқышқылдардың натрий тұздарын сілтілермен балқытып:

4.диазоний тұздарының айрылуы:

5. Кумолдың тотығуы (кумолды әдіс). Фенолды алудың негізгі өндірістік әдісі.

Химиялық қасиеттері.

1. Фенолдар сілтілермен әрекеттесіп, феноляттар түзеді.

С6Н5ОН + NaOH → C6H5ONa + H2O

натрий феноляты

2. Нитрлеу реакциясы. Фенолдар нитрлеу реакциясына жеңіл түседі. Бөлме температурасында фенолды сұйытылған азот қышқылымен нитрлейді.

3. Жай және күрделі эфирлер түзу. Феноляттарды галогенарендермен әрекеттестіргенде ароматты жай эфирлер түзіледі, ал феноляттарды галогенангидридтермен не карбон қышқылдарының ангидридтерімен әрекеттестіргенде күрделі эфирлер түзіледі.

4.Сульфирлеу. Бұл процесс жеңіл (оңай) жүреді және температураға байланысты о- не n-изомерлер түзіледі.

5. Алкилирлеу және ацилирлеу - Фридель-Крафтс реакциялары жағдайларында жүргізеді.

6. Тотықсыздану реакциясы. Фенолды катализатор қатысында гидрлеу (тотықсыздандыру) нәтижесінде циклогексанол түзіледі.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Мына қосылыстардың структуралық формулаларын келтіру керек: 3-пентен-2-ол; 2-хлор-1-пропанол; 3-метил-3-пентанол;

  2. Егер бір негізді спирт құрамында 60% көміртегі болса, оның формуласы қандай болады?

  3. Мына реакциялар теңдеулерін жазу керек: 1-бромбутаннан 1-бутанол алу; 2-бутеннен 2-бутанол алу; толуолдан бензил спиртін алу.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. – М.: Дрофа, 2008. –Кн.1, С. 363-390

2. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.1., С.57-84
Дәріс 21, 22 – Ароматты альдегидтер және кетондар

Дәріс жоспары:



  1. Ароматты альдегидтер мен кетондардың изомериясы, номенклатурасы

  2. Ароматты альдегидтерді және кетондарды алу жолдары

  3. Химиялық қасиеттері

Ароматты альдегидтер – құрылымында альдегид тобы бар ароматты көмірсутектердің туындылары. Кетондар – құрылымында бір немесе екі ароматты көмірсутекті радикалдармен байланысқан карбонил тобы бар қосылыстар.











бензальдегид

п-толуил альдегиді

м-хлорбензой альдегиді

Метилфенилкетон

ацетофенон

Дифенилкетон

бензофенон

Ароматты альдегидтерді және кетондарды алу жолдары.

1. Спирттердің тотығуы

2. кальций тұздарының айдау



3. дигалогентуындыларынан



4. Ароматты көмірсутектерді тотықтыру

5. Гаттерман – Кох әдісі

6. Фридель-Крафтс реакциясы





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет