- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары
мен принциптерін;
- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды
(қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.
Мысалы, әділет органдары (юстиция) әлеуметтік институт ретінде
құқықтық қатынастар мен оларды реттеу саласын білдіреді. Оған жататындар
белгілі бір адамдар тобы (прокурорлар, соттар, адвокаттар); қабылданған
ресми заңдар мен басқа да заңнамалық актілер, сондай-ақ құқықтық өкілетті
тұлғалардың мінез-құлықтарының бейресми стандартталған үлгілері (соттың,
прокурордың, адвокаттың және т.б. рөлдері); мекемелер (прокуратуралар,
соттар, тұтқындау орындары және т.б.) және әділетті қаржыландыруға
арналған ел бюджетінен бөлінетін қаражат.
Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру,
ресмилендіру және стандарттау процесі
институционалдандыру
деп
аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға
қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын
әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік
институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар
және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын
нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер
жүйелері құрылады.
Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін
Достарыңызбен бөлісу: