Корытынлай келе репрессиядан зардап шеккендер туралы айтқанда тарихшылар әртүрлі деректерді келтіреді. Бір жағынан ол кезде Кеңес Одағы жүргізген санақ дәлме-дәл болған жоқ. Қазақтар Ресей әскеріне ұлдарын алып кетпеу үшін санақ жүргізіліп жатқанда басқа жерге көшіп кетіп отырды. Оның үстіне, малын толық санайтын болса, көп салық төлеп отыруы керек еді. 1897 жылы қазақтың саны 4 миллион 84 мыңнан асқан. Өзбектердің саны 726 мың болған. Қырғыздардың саны 201 мың, түрікменнің саны 281 мың болған, сарттардың саны 968 655 адам. Қарақалпақтардың саны 104 мың болған. Орта Азия жеріндегі тілі ортақ халықтардың барлығының санын қоса есептегенде, қазақтан шамамен 2 есе кем. Патша өкіметінің, Кеңес Одағының құйтұрқы саясаты басталмай тұрып болған санына репрессия, көтеріліс, қуғын-сүргін, аштықтан кейін тек 1970 жылы ғана келді. Сол жылы ғана қазақтың саны 4 миллионнан асты.