Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі


Дәріс 5. Гидрожалғастырғыштарды реттеу



бет6/36
Дата01.11.2022
өлшемі7,86 Mb.
#155996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
По К 042-18 57 03-2013 № басылым

Дәріс 5. Гидрожалғастырғыштарды реттеу.
Дәріс жоспары:

  1. Реттеу әдістері.

  2. Сипаттамалардың монотондық еместігі.

  3. Сипаттамаларды тегістеу.

Жетекші білік тұрақты жылдамдықпен айналып тұрғанда жетектегі біліктің айналу жылдамдығын реттеудің екі әдісі бар: жұмысшы қуыс толтырылған сұйықтың деңгейін өзгерту немесе жұмысшы қуысығындағы ағынға әсер ету (жұмысшы дөңгелектердің қалақшаларының орналасу бұрышын өзгерту, ағынды шибермен дроссельдеу, дөңгелектер арасындағы саңылауды өзгерту).
Жұмысшы қуыс толтырылған сұйық деңгейін өзгерту арқылы реттеу сұйық деңгейі төмендегенде шығын азаюына, осыған сәйкес сырғанау жоғарылаған сайын беріліс моментінің азаюына негізделген. Егер сырғанау өзгерісі тек қана жұмыс қуысы толтырылған сұйықтың көлеміне V ғана тәуелді болса, сипаттамалар монотонды (5.1а-сурет),ал режимдер- орнықты болады.Осыдан, гидромуфта жүктемесі Mƒ болатын қандай да бір машинамен жұмыс істеген кезде 1,2,3 нүктелерімен анықталатын режимдерді алуға болады.
Жұмысшы қуысындағы ағынға әсер ету арқылы немесе арнайы шибермен ағынды дроссельдеу көмегімен жүзеге асырылады. Ішкі тордан шиберді жылжыту кезінде ағыс бөлігіндегі қысымның көп мөлшері жоғалады, ол шығын мөлшерін азайтуға әкеледі.
С ұйықпен толтырылмаған гидромуфталардың нағыз моменттік сипаттамалары монотонды өзгермейді, ол бүгілген жерлерден, аз толтырылған жерлерде тұтас үзілелерден де тұрады(5.1 б -сурет).Мұның себебі, жұмысшы қуысы сұйықпен жартылай толтырылған кеде сұйық ағының формасының жұмысшы дөңгелектерінің ішкі қуысының конфигурациясымен ғана емес, сонымен қатар сұйыққа әсер ететін күштермен анықталуы.
Сырғанау мөлшері нөлге тең болғанда біліктің жүктемесі де нөлге тең болғанда біліктің жүктемесі, гидромуфтадағы шығын да нөлге тең болады және жұмысшы қуыста дөңгелектер арасындағы сұйықта циркуляциясы болмайды. Сұйық ортадан тепкіш күш әсерінен дөңгелек перефериясына ығыстырылған (рис. 5.2 а). моментті сипаттамада бұл режимге нүктесі сәйкес келеді (рис. 5.2 д).
Жүктеме -ге дейін үлкейгенде сырғанау кезінде шығын . Жұмысшы қуыста ортадан тепкіш және дөңгелек қалақшаларымен әсерлесетін гидродинамикалық күштер әсер ететін сұйық пайда болады. Сорапты дөңгелекте бұл екі күш айналу өсінен переферияға бағытталған, ал турбинды дөңгелекте гидродинамикалық күш қарсы бағытта болады. кезінде турбинді дөңгелекте ортадан тепкіш күш аз болады, осыдан сұйыққа әсер ететін теңестіруші күш те азаяды, сол себепті сұйықтың жарты бөлігі турбинді дөңгелекке өтеді де біліктер арасындағы энергия алмасуға қатыспайды. Осының салдарынан шығыны және моменті азаяды. Күткен моменті орнына моменті беріледі.
және кезінде жүктемені ға дейін жоғарылатады. Жоғарыда көрсетілген себептерге сәйкес, турбинді дөңгелектегі теңестіруші күш тағы да азаяды, энергия беруге қатыспайтын сұйық мөлшері жоғарылайды. және нүктелерімен анықталатын момент шамалары да өзгереді.
Кейбір шекті мәндерде ( ) турбинді дөңгелектегі сұыққа әсер ететін теңестіруші күш тағы да азяды, ал сорапты дөңгелекте сұйық өзінің минималды радиусына жететіндей жоғарылайды, осыдан сорапты дөңгелектің бұл сұйықты сорып алу процесі болады(5.2 г - сурет). Беріліс моменті үлкею және әр түрліілк әсерінен лезде жоғарылайды.
Бір қозғалыс түрінен екіншісіне өту секірмелі түрде болады, моментті сипмттамада үзіліс пайда болады, осыдан . Жүктеменің ары қарай үлкеюі кезінде моментті сипаттамасының белігі с нүктесінен -ге дейін тұрақты және есептелген моментке сәйкес болады.
Жұмысшы қуысы толық толтырылмаған гидромуфталар тұрақты жұмыс істемейді. сипттамасымен анықталатын жүктеме астында жұмыс істегенде жұмысшы режим тұрақты, ал жүктеме дейін үлкейгенде режим тұрақты емес болады.
Тәжирибеде тұрақты емес режим жетегіндегі момент шамасының тербелісі және жылдамлдық мөлшерімен сипатталады. Гидромуфтаның жұмысшы қуысы қанша аз толтырылған болса, момент тернбелісі де сонша үлкейеді және тұрақсыз режимдер диапазоны де үлкейеді (рис. 5.1 б).


Моментті сипаттамаларындағы тегістеу және тұрақсыз режимдердің алдын алу үшін:

  • Турбинді дөңгелектің шығатын бөлігіне және сорапты дөңгелектің кіретін бөлігіне табалдырық орнату керек;

  • Ішкі торы бар гидромуфталарды қолдану керек;

  • Айналу өсінен жұмысшы қуысты алып тастау керек.

Ең тиімді бірінші әдісі болып табылады. Табалдырық орнату сұйыққа сақиналы ағынға өзгеруіне мүмкіндік бермейді. Минималды кіріс радиусы сорапты дөңгелектер үшін мұндай жағдайда табалдырық биіктігімен шектеледі. Бірақ табалдырық орнату қысым шығынын жоғарылатуға әкеледі.
Ішкі торы бар гидромуфталар жұмысшы қуыстың жүктеме өзгергенде көлемін өзгертуге мүмкіндік бермейді. Бірақ тор қосымша гидравликалық кедергі болып саналады да гидромуфтаның конструкциясын күрделендіреді.
Үшінші әдіс және радиустарының әр түрлілігін азайтады, осыдан сәйкесінше ағын моменттерінің де әр түрлілігін азаяды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


1. Гидрожалғастырғыштардың реттеу тәсілдерін атандар және салыстырындар? 2. Гидрожалғастырғыштын тұрақты жұмыс істеу режимін қандай шарттарда алуға болады? 3. Гидрожалғастырғыш сипаттамаларының біркелкі еместігін немен түсіндіруге болады? 4. Гидрожалғастырғыш жартылай толған кездегі жұмыс істеу принципін түсіндірініз. 5. Гидрожалғастырғыштың механикалық сипаттамалырындағы үзіліс себептері неде? 6. Гидрожалғастырғыш сипаттамасының тегістеу тәсілдерін атаныз.

Ұсынылатын әдебиеттер:


Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. –52 – 62, 91, 93 бет;
Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –60 – 70 бет;
Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 60 – 61, 197-200 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет