1 Глоссарийлар Басқару аппараты – гидрожүйенің параметрлерін басқаруға арналған қондырғы.
Гидроаккумулятор – қысымды жұмысшы сұйықты аккумулироваттауға арналған сыйымдылық.
Гидрожелі (гидроторап) – көлемді гидрожетек жұмысы процесіндегі жұмысшы ортаның өтуіне арналған қондырғы.
Гидросыйымдылық – көлемді гидрожетек жұмыс процесін қолдану мақсатында жұмысшы ортаны сақтауға арналған қондырғы.
Гидробак – көлемді гидрожетекті жұмысшы сұйықпен қамтамасыз етуге арналған қондырғы.
Сораптың п.ә.к.-і – сораптың қажетті қуатының жетектің қуатына қатынасы.
Кавитация – ауа немесе бумен толтырылған жазықтықта қозғалатын сұйықтықтың түзілуі.
Сораптың кавитациялы режимі – негізгі техникалық көрсеткіштердің өзгерісін тудыратын кавитация жағдайындағы сораптың жұмыс режимі.
Манометр – артық қысымды өлшеуге арналған құрал.
Сорап қуаты – сорапқа қажетті қуат.
Сорап – сұйық ортада тегеурінді ағынды туғызатын гидравликалық машина.
Сорап-мотор – көлемді гидромотор, көлемді сорап режимі жұмысына арналған көлемді гидромашина.
Сорап тегеуріні – сорылатын сұйық биіктігі бағанымен берілетін сорапқа кірердегі және шығарындағы меншікті энергия айырмасы.
Сораптың номинальды режимі – техникалық көрсеткіштерді қамтамасыз ететін сораптың жұмыс режимі.
Көлемді гидроқозғалтқыш – жұмысшы орта энергия ағынын шыға беріс тораптың энергиясына түрлендіруге арналған машина.
Көлемді гидрожетек – көлемді сорап және сәйкесінше басқару аппаратты гидроқозғалтқыштан тұратын гидравликалық жүйе.
Сораптың көлемді берілісі – уақыт бірлігінде сораппен берілетін сұйық көлемі.