17 есеп. Диаметрі d және ұзындығы берілген құбырөткізгіш бойынша қысым р әсерінен сұйық Ж беріледі.Сұйық температурасы 20 0С.Құбырөткізгіш бойынша ағу режимін анықтау керек.
Нұсқау. Re санының мәнін және Пуазейл заңын қолданып шығарылады.
18 есеп. 10 0С температурадағы сұйықтың Ж, ұзындығы l құбырөткізгіш бойынша ағу режимін анықтау керек. Ол қысым төмендегенде р шығынды Vc, м3/с қамтамасыз ету керек.
Нұсқау. Re санының мәнін және Пуазейл заңын қолданып шығарылады, ондағы d ескермеуге болады және осы режимдағы қысымның төмендеуін анықтау керек, оны берілген төмендеумен салыстыру керек.
19 есеп.
Диаметрі d және ұзындығы l құбырөткізгіш бойынша сұйық Ж қозғалады. Ламинарлық режимнен турбулентткке ауысқандағы тегеуріні неге тең? Тегеуріннің жергілікті кедергілерін ескермеуге болады. Сұйықтың температурасы .
Нұсқау. Ламинарлық режимдегі үйкеліс шығынының формуласын пайдалан (Пуазейл формуласы).
20 есеп.
Температурасы Т сұйық Ж материалдан М жасалған құбырөткізгіш арқылы резервуардан тұрақты деңгейде атмосфераға шығарылып отырады. Құбырөткізгіштің диаметрі d, құбырөткізгіштің көлбеу және көлденең бөлігінің ұзындығы бірдей l.
Горизонталь бөлімнің деңгейі h1. Көлбеу бөлімнің биіктігі h2. Кранның гидравликалық кедергі коэффициенті тең.
Құбырөткізгіш бойынша ағатын сұйық шығынын және ағыс және пьезометрлік сызықтарды тұрғызу керек.