Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет69/290
Дата08.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#117284
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   290
Байланысты:
5В070100-Биотехнология (1)

Mat 1205 МАТЕМАТИКА 
 
Көлемі 3 кредит 
 
Авторлар:
Тәжеков А. – ф.-м.ғ.к., «Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы» 
кафедрасының доценті
Елдесбай Т.Ж. – ф.-м.ғ.к., «Дифференциалдық теңдеулер және басқару 
теориясы» кафедрасының доценті
Ділдәбек Г. – «Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы» 
кафедрасының доценті
Иманқұл Т.Ш . – «Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы» 
кафедрасының профессоры
 
 
Пікір жазғандар
Асанова А. – ҚР БҒМ МММИ профессоры, ф.-м.ғ.д. 
Сихов М.Б. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.-м.ғ.д. 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
Математика ғылымның сан-алуан саласының тұрмыс пен техникадағы 
өзекті мәселелерді шешуде басты рөл атқарып отырғаны бесенеден белгілі. 
Кейінгі жылдары компьютерлік технологияның қарышты дамуы замана 
талабынан туындаған биотехнологиялық маңызы бар есептерді шешу 
мүмкіндіктерін арттырып, математиканың қолдану өрісін кеңейте түсуде. 
Математиканы оқытудағы негізгі мақсат – биотехнология мамандығының
студенттеріне оқу процесіндегі арнайы курстарды оқу және өздігінен 
шұғылдану барысында кезігетін математиканың негізгі ұғымдарымен һәм 
негізгі математикалық әдістермен таныстыру. 
Физикалық, геофизикалық, геодезиялық, биологиялық және басқа да 
зерттеулерде математиканың алатын орны ерекше. Ол тек сандық есептің 
қаруы болғанымен, сонымен қатар дәл зеррттеулердің әдісі мен ұғымдарын 
және мәселелерін анағұрлым нақты қалыптастырудың құралы да болып 
табылады. 
Математикалық 
әдістер 
кез-келген 
физикалық, 
геофизикалық, 
геодезиялық, экологиялық, биологиялық пәннің құрамдас бөлігіне айналды. 
Қазіргі маманның математикалық білімі математиканың жалпы курсын 
және арнайы курстарды (ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика, 
т.б.) меңгеруді қамтиды. 
Математиканың жалпы курсы маманның математикалық білімінің 
іргетасы болып табылады, осы курстың шеңберінде кәсіптік қызметте 
математикалық әдістерге сүйенудің бағыттары жүзеге асырылады. 
Арнайы 
бөлімдерді 
оқытуда 
қолданбалы 
есептерді 
шешудің 
математикалық әдістерін қолдану жүзеге асырылады. 


40 
Ұсынылып отырған оқу бағдарламасы 5B070100-Биотехнология 
5В080400-Балық шаруашылығы мамандығының студенттерінің математикалық 
біліміне қойылатын жаңа талаптарды қамтиды және төмендегідей талаптар 
қояды: 
- студент 
сызықты алгебра және аналитикалық геометрияның 
элементтерін, дифференциалдық және интегралдық есептеулерді толық игеріп, 
оны физиканың, геофизиканың, геодезияның, экологияның, биологияның 
математикалық есептерінде қолдана 
білуі тиіс; 
- математикалық білімін ұштай отырып физика, геофизика, геодезия, 
экология және биологиядағы математикалық моделдерді оқып үйреніп, 
түсінетіндей деңгейде 
меңгеруі тиіс; 
- жүргізілген математикалық талдау нәтижесінде практикалық ұсыныстар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   290




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет