2-тапсырма: Берілген сөз тіркестерінің дұрыс аудармасын табыңыз.
Қылмыстық іздестіру
|
отказ от дачи показания, розыск, возбуждение уголовного дела
|
Алу хаттамасы
|
установление личности, протокол выемки, отказ от дачи показания
|
Көрсетпе беруден бас тарту
|
отказ от дачи показания, установление личности, розыск
|
Қылмыстық істі қозғау
|
возбуждение уголовного дела, розыск, установление личности
|
Жеке басын анықтау
|
розыск, протокол выемки, установление личности
| Алу хаттамасы
201__жылғы “___”__________
Алу «_____» сағат «_____» минутта басталып,
«_____» сағат «_____» минутта аяқталды.
Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД ТБ-ның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция майоры С.Қ. Омаров, “____”______________200__жылғы алуды жүргізу қаулысының негізінде, төмендегі куәгерлер:
1)_______________________________________________________________________________________________________________
2)_______________________________________________________________________________________________________________
қатысуымен, ҚР ҚІЖК-нің 231, 232-баптарының талаптарын сақтай отырып, __________________________________________
(қайда)
________________________________________________________
________________________________________________________
алу жүргізіп, ҚР ҚІЖК-нің 203, 234-баптарына сәйкес осы хаттаманы толтырдым.
Тергеу әрекеті басталар алдында, жоғарыда көрсетілген барлық адамдарға олардың тергеуші жүргізетін барлық әрекеттерге қатысуға, аталған әрекеттер бойынша шағым мен өтініш, ұсыныс пен ескерту жасауға құқылы екені туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, куәгерлерге Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 86-бабының талаптарына сәйкес құқықтары, міндеттері түсіндірілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілді.
Куәгерлер:
1)__________________
2)__________________
Алу басталмас бұрын, барлық қатысушыларға алу жүргізу туралы 200__жылғы “____”______________ алуды жүргізу туралы қаулы жарияланып, содан кейін_____________өз еркімен ________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________
беруіне ұсыныс жасалды.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Куәгерлердің көрсетпе беруден бас тартуы туралы Х А Т Т А М А
________________________
20___жылғы «_____»________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________, Қазақстан Республикасы ҚІЖК 203-бабының талаптарын сақтай отырып, төменде көрсетілген куәгерлер: 1._______________________________________________________________________________________________________________
2._______________________________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 86-бабына сәйкес, олардың тергеу әрекетінің барысы, мазмұны мен нәтижелерін растауы туралы құқықтары мен міндеттері сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушулық туралы кодексінін (ӘҚБтК-нің) бабы бойынша олардың өз міндеттерін орындаудан бас тартқаны және жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндіріп, осы хаттаманы толтырдым.
Тергеушінің бас тарту туралы себебін түсіндіру бойынша қойған сұрағына
Азамат (ша) ___________________________төмендегіні көрсетті:
«______________________________________________________________________________________________________________».
3-тапсырма: Жоғарыдағы үлгіге қарап отырып, хаттамалардың бірін толтырыңыз.
Аралық бақылау
16 – С А Б А Қ
ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ
Тергеу қызметі
Ішкі істер органдарының тергеушілері міндетті түрде жедел-тергеу тобының құрамында оқиға болған жерлерге шығып, сол орнында қылмыскердің қалдырған іздерін, дәлел ретінде пайдалану үшін процессуалдық тіркеу хаттамасын толтырады. Осы оқиға болған жерді қарау хаттамасы айыпталушының кінәсін белгілейтін маңызды құжаттардың бірі. Сондықтан, оқиға болған жерді қарау хаттамасына ерекше назар аударылады.
Қылмыстың болғаны анықталғаннан кейін, дер кезінде қылмыстық іс қозғап, оның тергелуіне кіріседі. Тергеуші қылмыстық істі тергеу кезінде, оның объективтілігін, жан-жақтылығын және толықтылығын қамтамасыз етуге міндетті (керекті тергеу амалдарын толық жүргізіп). Қылмысты жасаған адам күдікті ретінде анықталып, оның кінәсі дәлелденгеннен кейін, оған айып тағылып, айыпталушы ретінде танылады. Тергеуші айыптау қорытындысы мен қылмыстық істі қадағалаушы прокурорға жолдайды. Прокурор тағылған айыпқа келісіп, айыптау қортындысын бекітіп сотқа жолдап, Қазақстан Республикасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтады.
Ресімдеу – оформлять, оформление
Іздестіру - розыск
Құжаттау – документировать, документирование
Оқиға болған жер – место происшествия
Қарау – осмотр
Құзырет – компетенция
Жедел -тергеу тобы – оперативно-следственная группа
Процессуалдық тіркеу хаттамасы – протокол процессуальной регистрации
Оқиға болған жерді қарау хаттамасы – протокол осмотра место проишествия
Күдікті – подозреваемый
Айыпталушы – обвиняемый
Ар-ождан – честь
Қадір-қасиет – достоинство
Мас күйінде – в состоянии опьянения
Жеке басын тексеру – личный досмотр
Жеке адамның заттарын тексеру – досмотр вещей физического лица
Қол сұғушылық – посягательство
Жеке басқа қол сұқпаушылық – неприкосновенность личности
Кінәсіздік презумпциясы – презумпция невиновности
Ізгілік қағидасы – принцип гуманизма
Кінә принципі – принцип вины
Қылмыстың қайталануы – рецидив преступлений
Жауапкершілік – ответственность
Қылмыстардың жиынтығы – совокупность преступлений
Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы – неоднократность преступлений
Қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті адамдар – лица, подлежащие уголовной ответственности
Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы – возраст, с которого наступает уголовная ответственность
1-тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
Қылмыстық іс бойынша құжаттарды ресімдеу
Шығыс Қазақстан облысының
прокуроры
3-ші дәрежелі мемлекеттік
әділет кеңесшісі
Б.С. Әбунасыровқа
Сізден 2008 жылдың 30 мамырында қозғалған № 000000001 қылмыстық іс бойынша жәбірленуші Т. Болатовқа қатысты сот-медициналық сараптаманың тағайындалғанына байланысты, процессуалдық шешім қабылдау мерзімін ұзартуыңызды сұраймын.
Өскемен қаласының
ПБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты Д. Әбішев
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы
Қ А У Л Ы
Қарағанды қ. 2007 жылғы 17 қазан
Қарағанды облысының ІІД ТБ аға тергеушісі Б.Е. Ұқанов
№ 080000000000 қылмыстық істің құжаттарын қарап,
А н ы қ т а д ы м :
08.02.1971 жылы туған, бұдан бұрын 1998 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 185-бабының 1-бөлігімен сотты болып, шартты жаза тағайындалған Мейрам Оразұлы Айтбаев, түзелу жолына түспей және тиісті қорытынды шығармай, төмендегі жағдайда ауыр қылмыс жасаған.
Сот-медициналық сараптаманың 2007 жылғы 6 қазандағы. № 1782 қорытындысына сәйкес жәбірленуші С.А. Әбенов «күре тамырын жарақаттаған мойын тұсындағы шаншылған-кесілген жарақаттан қайтыс болған».
Сөйтіп, 1971 жылғы 7 наурызда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Еңбек ауылының тумасы Мейрам Оразұлы Айтбаев жанжал барысында басқа адамға құқыққа қарсы қасақана кісі өлтіру мақсатында өзінде болған ағаш сапты кішкентай пышақпен жәбірленуші С.А. Әбеновті өлтірген. Ол Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық іс-әрекетті жасаған.
Сонымен қатар, маған Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 69-бабында көзделген айыпталушының құқықтары түсіндірілді.
2-тапсырма: Бір қылмыс бойынша қаулы толтырыңыз.
Жәбірленушіге құқықтарын түсіндіру
Х А Т Т А М А С Ы
2011 жылғы «___»___________ Петропавл қ.
1. Қылмыстық процесте оған тiкелей қылмыспен моральдық, дене және мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғаруға ол жөнiнде негiз бар адам жәбiрленушi болып танылады.
2. Қылмыстың зардабы адамның қайтыс болуына әкеп соққан қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушiнiң осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары жүзеге асырады.
3. Қылмыспен моральдық немесе мүлiктiк зиян келтiрiлген заңды тұлға жәбiрленушi болып танылуы мүмкiн. Бұл жағдайда жәбiрленушiнiң құқықтары мен мiндеттерiн заңды тұлғаның өкiлi жүзеге асырады.
Құқықтары және міндеттерімен танысып __________________________________ мынадай өтініш жасады:
________________________________________________________ Құқықтар мен міндеттер маған түсінікті. Өтінішім жоқ.
3-тапсырма: Берілген сөздерді септеңіз.
Айыпталушы, күдікті, жәбірленуші.
17 – С А Б А Қ
ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІ
1-тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
Жол полициясы қызметі
1992 жылы қарашада Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Жол ережесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік автокөлік инспекциясы туралы Ережесі бекітілді.
1997 жылы МАИ қызметін жол полициясына, қайта ұйымдастыруға байланысты МАИ қызметінің міндеті де күрделене түсті. Енді жол полициясы қызметкерлерінің міндетіне тек жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, қызмет етуші бағыттардың қылмысын ашу да кіреді.
Осы уақыт аралығында жол полициясының қызметіне қатысты бірнеше заңдылық актілері күшіне енді.
1995 жылы – Жол полициясы туралы БҰҰ-дың конвенциясы.
1997 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Жол қозғалыс ережелері» зайырлы Қазақстанда алғашқы Жол жүру Ережесі.
1996 жылы – Қазақстан Республикасы «Жол жүру қауіпсіздігі туралы» Заңы.
2001 жылы – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексі.
2001 жылы – Қазақстан Республикасы «Автокөлік жолдары туралы» Заңы.
Жол полициясы басқармасының жеке құрамы алға қойған мақсаттарымен, жол көлік оқиғаларын төмендетумен және қылмыстың алдын алу үшін күресуде.
2-тапсырма: Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Жол, автокөлік, ереже, қауіпсіздік, құқық бұзушылық, оқиға, соққы, бағыт, шақырым, қылмыскер, жол көлік оқиғасы, автокөлік жүргізушісі, жол жүру ережесі, жол жүру қауіпсіздігі, әкімшілік құқықбұзушылық, оқиға орны, соққы салу, қарсы бағыт, бірнеше шақырым, қаруланған қылмыскер.
3 -тапсырма: Келесі сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
Жол көлік оқиғасы, автокөлік жүргізушісі, жол жүру ережесі, жол жүру қауіпсіздігі, әкімшілік құқық бұзушылық, оқиға орны, соққы салу, қарсы бағыт, бірнеше шақырым, қаруланған қылмыскер.
4-тапсырма: Кестеде берілген сөз тіркестерінің орыс тілінде дұрыс аудармасын табыңыздар.
Жол көлік оқиғасы
|
водитель автотранспорта
|
Жол жүру ережесі
|
административное праванарушение
|
Әкімшілік құқық бұзушылық
|
колотые, режущие предметы
|
Автокөлік жүргізушісі
|
несколько километров
|
Оқиға орны
|
по территории
|
Бірнеше шақырым
|
обеспечение дорожной безопасности
|
Қаруланған қылмыскер
|
пешеходы
|
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету
|
проезжая часть дороги
|
Жаяу жүргіншілер
|
место проишествия
|
Жолдың жүріс бөлігі
|
правила дорожного движения
|
Шаншылатын, кесілетін заттар
|
дорожно-транспортное проишествие
|
Аумақ бойынша
|
вооруженный преступник
|
Жол полициясы қызметкерлерінің азаматтармен
қарым-қатынасы:
Тапсырма: Берілген сұхбат түрлерін рөл бойынша оқып, төмендегі сөздіктің көмегімен орыс тіліне аударыңыз.
Жаяу жүргіншімен сұхбат
– Cәлеметсіз бе? Жол полициясы инспекторы полиция майоры Хамитов
– Сәлеметсіз бе!
- Жеке куәлігіңізді көрсетіңіз. Жолдың жүріс бөлігін неге рұқсат етілмеген жерден қиып өттіңіз? Бұл үшін жаяу жүргіншілер өткелдері бар немесе бағдаршамнан өтіңіз.
– Кешіріңіз, асығып бара жатыр едім, жаяу жүргінші өткеліне дейін алыс.
– Бұл Сіздің қауіпсіздігіңіз. Сіз жол ережесін бұзып, өзіңізді де, өзгені де қауіпке ұшыратасыз. Өзіңізді аямасаңыз, басқаларды аямайсыз ба? Бұл ереже бұзушылық үшін хаттама толтырылады. Егер бір жылда үш рет хаттама толтырылса, төртінші рет ұсталған жағдайда жаяу жүргінші үш тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
– Кешіріңіз, маған мұндай түсіндірме бірінші рет жүргізілді, келешекте тәртіп бұзбайтын боламын.
– Сіз жасаған бұзушылықтарыңызды базадан тексеріп, хаттама толтырамын. Сіз бұрын мұндай ереже бұзушылық жасамағаныңыз анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 473-бабы 1- тармағы бойынша айыппұл жазып беремін.
– Келісемін, айыппұл қандай мөлшерде болады?
– Айыппұл 5 айлық есеп көрсеткішті құрайды 8090 теңге
- Оны кейін төлесе бола ма?
– Әрине болады, 1 ай ішінде қаланың кез-келген кассасынан төлеп, түбіртекті Циолковский көшесі 6 а үй мекенжайы бойынша жол полициясы басқармасының әкімшілік тәжірибе бөліміне апарып тапсырасыз. Хаттамаға қолдарыңызды қойыңыз.
Жолыңыз болсын!
Жүргізушімен бағдаршамның қызыл түсіне өткені
туралы сұхбат.
– Cәлеметсіз бе? Жол полициясы инспекторы полиция майоры Хамитов. Құжаттарыңыз бар ма, толық па, көруге бола ма? Сізді тоқтатқан себебім Сіз жол жүру ережесін бұздыңыз, мына қиылыстан бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеттіңіз. Құжатарыңыз дұрыс екен. Бұл бұзушылық үшін Сізге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463-бабы бойынша хаттама толтырамын. Айыппұлды 1 ай ішінде төлей аласыз.
– Жолдас майор, кешіріңіз, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап үлгерген жоқпын, енді мұндай бұзушылықты қайталамайтын боламын.
– Бұл бұзушылық үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463-бабында ескерту көзделмеген, сондықтан айыппұл жазып беруге тура келеді. Хаттамада түсініктемеңізді жазып, қолыңызды қойыңыз. Хаттаманың көшірмесін алғаныңыз және 584-баппен танысқаныңыз туралы қол қоюыңыз керек.
Тапсырма: Құқық бұзушылықтың түрін анықтаңыз? Ол қай бапта көзделген?
Көлікті сырттан тексеру (осмотр транспорта)
–Қайырлы түн! Жол полициясы инспекторы полиция майоры Хамитов.
– Cәлеметсіз бе, мені не үшін тоқтаттыңыз?
– Біздің қаламызда, жалпы республика бойыша «Құқық тәртібі» атты жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Сондықтан, автокөліктерді тоқтатып, құжаттарын, жүксалғыштарын тексеріп жатырмыз. Құжаттарыңызды көрсетіңіз. Автокөлігіңізден шығып, жүксалғышыңызды ашып көрсетіңіз.
– Жарайды, қарсы емеспін, қарай беріңіз.
– Көлігіңізде шаншылатын, кесілетін заттар, қару, жарылғыш заттар, жарғыш құрылғылар жоқ па?
– Көлігімде жеке заттарым, жұмыс киімім және құрал-саймандарым бар.
– Жүксалғышыңызды жаба беріңіз. Жолыңыз болсын!
Бағыттама бойынша (по ориентировке) тоқтатылған
– Кеш жарық! Жол полициясы инспекторы полиция майоры Хамитов.
– Cәлеметсіз бе, мені не үшін тоқтаттыңыз?
– Сіздің көлігіңіз бағыттамада берілген көлікке ұқсас, мемлекеттік нөмірі де келеді.
– Қандай бағыттама? Біреу осындай көлікпен қылмыс жасап қойды ма?
– Білмеймін, бізге радиостанса арқылы кезекші бөлімнен осындай көліктерді тоқтатып тексеру туралы пәрмен берілген.
– «Ұшқын» 730?
– 730 «Ұшқын» байланыста.
– Бағыттама бойынша автокөлікті тоқтаттым.
– Жылдам аумақ бойынша ішкі істер бөліміне жеткізіңіз.
– Сізге менімен бірге ішкі істер бөліміне (жақын жердегі) баруға тура келеді.
Сөздік
Жаяу жүргіншілер – пешеходы
Бағдаршам – светофор
Өткел – переход
Жолдың жүріс бөлігі – проезжая часть дороги
Қиып өту – вырезать
Тәулік – сутки
Әкімшілік қамау – административный арест
Айыппұл – штраф
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс – кодекс об административном праванарушении
Жол жүру ережесі – правила дорожного движения
Қиылыс – переулок
Ескерту – замечание
Түсініктеме – объяснительная
Хаттама – протокол
Көшірме – копия, выписка
Көлікті сырттай тексеру – внешний осмотр транспорта
Жүксалғыштар – багажники
«Құқықтық тәртіп» – правопорядок
Жедел алдын алу шаралары – оперативно-предварительные меры
Шаншылатын, кесілетін заттар – колотые, режущие предметы
Жарылғыш заттар – взрывчатые вещества
Жарғыш құрылғылар – взрывные устройства
Құрал-саймандар – инструментарий, инвентарь
Бағыттама бойынша – по ориентировке
Пәрмен – команда
Аумақ бойынша – по территории
3-тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ ҒАЗИЗ БАЙТАСОВТЫҢ ЕРЛІГІ
Ерлік – әркімнің бойына ұя сала бермейтін қасиет. Қас-қағым сәтте жүрегінің әміріне жүгініп, өзгелер үшін басын бәйгеге тігетін, өз Отаны алдындағы парызын адал атқаратын нағыз азаматтар ғана тәуекелге бара алады. Тараздағы қанды оқиға кезінде жол полициясы қызметкері полиция капитаны Ғазиз Байтасов сондай биіктен табылды.
Жұмысын жақсы білетін капитанды Жамбыл облысы жол полициясы жеке батальонының взвод командирі етіп тағайындаған болатын. 2011 жылдың 12 қарашасында Жамбыл облысы ІІД 1 взводының полиция капитаны Байтасов Ғ.А. рациядан орталық саябақта атыс болғанын, қаза тапқандар бар екенін естіп, дереу оқиға орнына келіп жетті. Байтасов дәл сол кезде қылмыскер бағыт алған тұстың алдын орауға тырысты. Қазыбек би мен Абай көшелерінің қиылысында қарулы қылмыскерді байқап қалды. Қарсы алдынан тым жақын келіп қалған жол полициясы қызметкерін көрген қанішер ойланбастан автоматтан оқ жаудырды. Ғазиз көлігінен түсе сала оған қарсы оқ атып, оны аяғынан жаралады. Қылмыскер көшеде тұрған көліктердің артына тығылып, қаша жөнелді. Өзін-өзі жарып жіберген лаңкес, ер жігітті мерт қылды.
Байтасов Ғазиз Әбдібекұлы ІІД 1 взводының командирі, полиция капитаны, 1971 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, ұлты қазақ, ІІО 11.05.1992 жылғы 11 мамырдан бастап қызмет етеді, отбасылы, 2 ұлы бар. Капитан Ғазиз Байтасов басшылық тарапынан 25 рет марапатқа ие болып, қалтқысыз қызметі үшін медальдармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №188 Жарлығымен Байтасов Ғазиз Әбдібекұлы «Халық қаһарманы» орденімен марапатталды.
Бейбіт күнде жарылыс болады, мұндай қаныпезерлік әрекетті қазақтың жігіті жасайды деп кім ойлаған. Лаңкесте ұлт болмайды деген рас. Зұлымдыққа кеудесін төсеп, жанын пида еткен Ғазиздай ерлер болмаса, қоғам қайтер еді? Батырлықты бағалау арқылы боздақтардың есімін ардақтап, елдігіміздің көшін түзейтін ұрпаққа үлгі етеміз. Олар мәңгілік сапарға аттанса да, халқына қызмет ете береді. Капитан Байтасов – солардың бірі.
4-тапсырма: Ер, ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдерді есте сақтайық.
Еліңді сүйсең ерлік істейсің.
Ерлік білектен емес, жүректен.
Елін сүйген ер болар.
Ел барда, ер қор болмас,
Ер барда, ел қор болмас.
Батырдың аты өлмейді.
Батырлық айқаста танылар.
Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
Өжет өлімнен қаймықпас.
Күш батылдыққа ереді.
Ұранды елдің – ұрпағы қайсар.
5-тапсырма: Аударып, заң терминдерінен сөздік құраңыздар.
– Имеется ли у Вас водительское удостоверение?
– Какой у Вас водительский стаж?
– По какой полосе движения Вы ехали?
– В отношении Вас будет вынесено постановление об отказе в возбуждении уголовного дела.
– Вы должны обратиться в суд с заявлением по вопросу возмещения Вам морального и материального ущербов.
– Какова сумма ущерба, причиненного Вам в результате ДТП?
– Где было изъято водительское удостоверение и за какое нарушение ПДД?
Есте сақтаңыз!
Жол полициясы басқармасы (ЖПБ)
|
Управления дорожной полиции (УДП)
|
Жедел-іздестіру бөлімі
|
Оперативно-розыскной отдел
|
Ұйымдастыру-талдау және алдын алу жұмысының бөлімшесі (ҰТжАаЖ)
|
Отделение организационно- аналитической и
профилактической
работы (ООА и ПР)
|
Жол және техникалық инспекция бөлімшесі
|
Отделение дорожной и
технической инспекции
|
ЖПҚ (Жол-патрульдік қызмет) бөлімі
|
Отдел дорожно- патрульной службы (ДПС)
|
Жол полициясының жеке батальоны (ЖП ЖБ)
|
Городской отдельный батальон ДП (ГОБ ДП)
|
ЖП ЖБ штабы
|
Штаб ОБ ДП
|
Емтихан алу-тіркеу жұмыс бөлімі
|
Отдел регистрационно экзаменационной работы
|
Автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесінің (ААІЖ) бөлімі
|
Отдел автоматизированной информационно-поисковой системы (АИПС)
|
Әкімшілік тәжірибе бөлімі (ӘТ бөлімі)
|
Отдел административной
практики (отдел АП)
|
Жедел-іздестіру бөлімі (ЖІБ)
|
Оперативно-розыскной отдел (ОРО)
|
18 – С А Б А Қ
Достарыңызбен бөлісу: |