Фихте жерді жекеменшікке беруге қарсы болған, оның пікірінше: жердің иесі құдай, жер адамға тек өңдеп пайдалана алатын қасиеті үшін беріледі. Жерді сондықтан сатуға болмайды. Батыста оны социалист деп атады.
Шеллинг Фридрих Вильгельм Иозеф Шеллинг (1775–1854 жж.) 1775 жылы Леонбергте, протестанттық пастордың отбасында дүниеге келді. Сол кездегі философия мен әдебиеттегі бостандық оны қанағаттандырды. Ол құпия түрде Спинозаны, Руссоны және Шиллерді оқыды. 19 жастағы студент кезінде өзінің бірінші трактатын жазды. «Философия түрінің жалпы алғандағы мүмкіндігі» деген еңбегі таңқалдырды.
Оған сол кездегі саяси оқиғалар өте үлкен ықпал жасады, әсіресе француз революциясының рөлі ерекше болды. Рухани құбылыстардан, Кант философиясы әсері айтарлықтай болды. Канттың сыни еңбектерінің арқасында оның теология мен шіркеуден алшақтауына тура келді.
Шеллинг философия эволюциясының ең маңыздысы ─ табиғат философиясын жасады.
Шеллингтің табиғат философиясының жетістігі ─ ол табиғат пен оның құбылыстарын зерттеуде диалектика әдісін кіргізді. Ол табиғатты зерттеуде ізденудің қажеттілігін, табиғат реальдығын, динамикалық қарама-қарсылығын көрсетеді. Шеллингтің табиғат философиясы, табиғаттың идеалистік диалектикасына айналды.
Натурфилософияның мақсаты – табиғаттың дамуындағы ең төменгі түрден, жоғарғы түрге бірте-бірте өтуді ашу. Мұнда табиғатты ақыл-ой өміріндегі сансыздықтың көрінісі ретінде баяндайды. Объективтік дүние алғашқы санасыз рухтың поэзиясы дейді.
Жаратылыстанудағы механистицизмді сынап, барлық құбылыстарды табиғаттағы өмір негізінде жатқан бiр принциптің көмегімен түсіндіруге ұмтылды.
Эмпирикалық нақтылықта табиғат заттары кейде рухани көріністе табылады. Демек, олар бір-бірімен тепе-теңдік жағдайда болады. Бұл идея оның басты және негізгі мәселесі.
Шеллинг құдайды жеке тұлға ретінде қарастырады. Құдай мен жеке тұлғаның айырмашылығы ─ құдай бостандығы шексіз болса, адамда шектеулі. Фихтемен бірге Шеллинг бостандық ұғымын қажеттілік деп түсініп, бостандық құбылысын жекелеген адамның ерлігі емес, қоғамның жетістігі деп білді. Алайда осы көзқараста қайшылық бар, Шеллинг бостандық проблемасын логикаға айналдырады, оны дүниедегі зұлымдық проблемасымен байланыстырды. Сөйтіп ол – рационализмнің шектен шыққан түрінен иррационализмге бет бұрып, өзінен кейін қалыптасқан иррационалистік философиялық бағыттың негізін қалаушыға айналады. Дүниенi түсiнуде ақыл-ойдың шектеулі екенiн айтып, ол соңғы кезде аяндық философияға (философия откровения), «интеллектуалдық интуиция», мистика жолына түстi.