Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет56/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Маркстік философия 40-шы жылдардың ортасында қалыптасты (ХІХ ғ). Оның авторлары: Карл Маркс (1818-83) пен Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс Гегельді жоғары бағалай отырып, оны сынады. Энгельс болса, оның еңбектерін диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегель мен Фейербахты сынау нәтижесінде диалек­тиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-материалистік ілім ретінде жасады. Бұл ілімді қолдану нәтижесінде ұлы шығарма ─ «Капитал» жазылды.
Марксизимнің пайда болуының тарихи алғышарттары мыналар:

  1. Капитализмнің, ірі өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пролетариат табының пайда болуы.

  2. Капитализмнің ары қарай дамуы, пролетариат үшін ауыр жағдай тудырды, соның салдарынан оларды стихиялық күреске шығуға мәжбүр етті.

  3. Олардың күресін саналы дайындау, ұйымдастыру үшін нақты теориямен қаруландыру қажеттілігі туды. Бұл Маркс пен Энгельсті ойландырып, арнаулы ғылыми ілім жасауға ұмтылдырды. Бұған ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы ғылым саласындағы аса маңызды жетістіктер де әсер етті. Оларға:

1. Энергияның сақталу және айналу заңының ашылуы;
2. Тірі организмдердің клеткалық құрылымның ашылуы (клетка теориясы);
3. Эволюциялық ілім - дарвинизм жатады.
Майер – бірінші заңның авторы, Г. Гельмгольц пен М. Фарадей оны теория және тәжірибе арқылы негіздеді. Дж. Джоуль мен Э. Ленц жылудың механикалық эквивалентін тапты, яғни механикалық энергияның қаншасы жылу энергиясының бірлігіне сәйкес болатынын есептеп шығарды. Неміс биологтары М. Шлейден мен Т. Шванн 1838-39 жылдары клетка теориясын жасады. Олар жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрылымы негізінен бірдей болатынын, екеуі де бір физиологиялық қызмет атқаратынын анықтады. Бұл теория барлық тірі организмнің ішкі бірлігін дәлелдеді, сөйтіп олардың шығу тегін жаңа түрде көрсетті. Дарвиннің эвоюциялық теориясы жануарлар мен өсімдік түрлерін ешнәрсемен байланыссыз, кездейсоқ, «Құдай жаратқан» және өзгермейтін деп қараушылықты жойды. Сөйтіп, алғашқы рет теориялық биологияны ғылыми негізге қойды. Ол жануарлар мен өсімдік түрлерінің өзгеріп отыратындығын, олардың бірлігін дәлелдеді. Дарвиннен бұрын Д. Дидро биология түрлерінің эволюциялық өзгеріп отыратыны жөнінде болжам айтқан еді.
Марксизм ХІХ ғасырдағы қоғамдық ғылымдардың үш саласын жалғастырушы, олар:

  1. Классикалық неміс философиясы (Гегель мен Фейербах

философиясының үйлескен қосындысы).

  1. Ағылшын саяси экономиясы (Адам Смит пен Давид

Рикардо).

  1. Сен-Симон, Фурье, Оуэннің социализм туралы теориялары

(оларды утопиядан ғылымға айналдырды).
Маркстің ғылымға алып келген екі жаңалығы:

    1. Тарихты материалистік тұрғыдан ұғыну.

    2. Қосымша құн құпиясын ашу.

Маркс «Саяси экономияға сын жөнінде» деген еңбегінің алғы
сөзінде:

  1. Өндіргіш күштер мен өдірістік қатынастардың ара қатынасы.

  2. Базис пен қондырма.

  3. Қоғам дамуындағы негізгі күш ─ қоғамдық сана емес,

қоғамдық болмыс.

  1. Адамды қанауға әкелетін әлеуметтік теңсіздіктің негізі - меншік деп, жекеменшікті – мемлекеттік қоғамдық меншікке алмастыру керек деген идеяларын айтты.

Бұл мақсатқа жету, пролетариат революциясы, пролетариат диктатурасы арқылы іске асады деп санап, Маркс пен Энгельс белсенді түрде саяси істермен айналысады. Маркс пен Энгельстің кейбір тарихи болжамдары ХХ ғасырдың аяғында практикада іске аспады. Сондықтан қазіргі замандағы марксизмді сынаушылар – ХХ ғасырда оның идеяларын қолдану ауыр жағдайға алып келді,– дейді.
Танымдағы практиканың рөлін философиялық негіздеудің көптеген салдары болды. Әлеуметтік философия саласында, қоғамның тарихи дамуында ол жаңа мызғымас принциптілік жолға алып келді. Гносеологияда танымның ұмтылуы мен мақсатын жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Маркстік философияда практиканың рөлі үшжақты:

  1. Практика – танымның негізгі және қозғаушы күші. Білуге ұмтылу, практикалық қажеттіліктен туады. Геометрия ─ жер өңдеу үшін, астрономия ─ теңізде жүзу үшін керек болды.

  2. Практика – танымның мақсаты. Білімді болу, білім үшін емес, оны практикада пайдалану үшін керек.

  3. Практика – ақиқаттың өлшемі.

Марксизм философиясындағы ойлау тәсілі мен білім құрылымының кейбір ерекшеліктері:

  1. Философиялық білімнің қарқынды идеологияға айналуы. Маркс пен Энгельс алғашқы рет ашық түрде барлық қоғамның мүддесін емес, бір таптың (пролетариаттың) мүддесін қорғауы, олардың идеясының дәреже – деңгейіне әсер етті. Негізгі идеялар догмаға айналды. Олардың дәлелсіз дұрыстығы, оны сынау немесе дискусия өткізу мүмкіндігін болмады.

  2. Әлеуметтік топтың, ұлттың халықтық мәселелерді шешуі революциялық күш қолдануды жоғары қойып, мақтан етуіне жол берді.

  3. Жеке адамның мұқтажына қарағанда таптың, мемлекеттің және басқа да үлкен әлеуметтік бірлестіктердің мүддесін жоғары қою, соларды шешу арқылы адам мәселесі, оның өмірінің мәні, бостандығы, т. б. өздігінен шешіледі деп сендіру күшейді.

  4. Еңбек нәтижесінде шығарылған азық-түлікпен басқада құндылықтардың қоғам мүшелерінің арасында әділ бөлінуін сылтау етіп, тұрпайы теңдікті орнату – елдің ынтасын жойды. Сөйтіп, социализм экономикада, басқа да салаларда артта қалды. Олар қоғамдық прогрестің ұзақ сипаты бар, ал қазіргі замандағы күрделі капиталистік жүйелердің дамуы қысқа болады деп санады.

Марксизм теориясына қазіргі замандағы сыни пікірлер:

  1. Езуші таптың жойылуы, социализмнің орнауы – қанаудан қарапайым халықты толық құтқармады, енді қанауды мемлекет жүргізетін болды.

  2. Қоғамдық меншіктің мәнін халық түсінбеді. Олардың меншікке немқұрайлы қарауын өкімет басындағылар пайдаланып, қоғамдық меншікті жасырын иемдену жолдарын меңгерді.

  3. Тоталитарлық социализм өзінің негізінде өтірік ақпарат беруге, қоғамдық мешікті талан-таражға салуға мүмкіндік берді.

  4. Әрбір басшы өз басының бүгінгі жайын ойлады, байып қалуға тырысты, себебі оның ертеңі белгісіз болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет