Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет42/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Декарт Рене (1596-1650 жж.). Ол философияның, физиканың, математиканың және физиологияның дамуына үлкен әсер етті. Декарт – дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік – рационалистік таным әдісінің негізін қалады. Геометриялық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, рефлекс идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және дамуы), физика және физиологияда Декарт – материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму заңдылықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол идеалист – «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін»1 (Cogito, ergo zum) – деген қағидаға сүйенеді:

  1. Әлемде адамға түсініксіз көптеген заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Олар бар ма? Олардың қасиеті қандай? Мысалы, Құдай бар ма? Дүние әлемінің шегі бар ма?

  2. Қай затқа, қай құбылысқа күмән келтірмеуге болады? Қоршаған орта өмір сүре ме? Күн жарқырай ма? Жан мәңгілік пе?

  3. Олай болатын болса, тек күмәндану анық факт және оны дәлелдеудің еш қажеті жоқ.

  4. Күмәндану ─ ойдың қасиеті, демек шын өмір сүретін адам күмәнданады, ойлай алады, яғни адам күмәндана ойлайды.

  5. Сондықтан ойлау – болмыстың да, танымның да негізі. Ол ақыл-ойдың жұмысы, олай болса, болмыс пен таным тек ақыл-ойда бар.

Декарт болмыс проблемасын зерттеу барысында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға тырысады, оны субстанция деп атайды. Субстанция – ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс формалары біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Субстанция – дүниеде бардың бәрі, өз өмірінде басқаға еш сүйенбейді, тек өз-өзіне ғана тәуелді. Ең жоғарғы субстанция – Құдай, ал жаратылған субстанциялар оның туындысы, яғни екіншілер және оған тәуелді. Материалдық (заттар) субстанциясының қасиеттері:
Негізгі қасиеті – ұзындығы. Ол материалдық субстанцияларға тән жалпы белгі, кеңістікке көсілуі (ені, биіктігі, тереңдігі, т.б) және шексіз бөлінуі.
Модустар (лат modus- өлшем, тәсіл) түпнегізден, субстанциядан туындайтын қасиет. Кеңістікте – форма, қозғалыс, тұратын орын. Адамда – сезім, ықлас, түйсік. Адамның жаратылған субстанция ретіндегі сипаты: бір-бірінен айырмашылығы бар екі субстанциядан –материалдық (дене, кеңістік) және руханидан (ойлайтын) тұрады. Жалғыз тіршілік иесінде адамда ғана екі субстанция бірігеді, бұл оған табиғаттан жоғарғы көтерілуге рұқсат етеді. Барлық рухани субстанциялардың түп негіздік қасиеті – ойлау.
Декарттың көзқарасы бойынша философияның «негізгі мәселесінің» шешілуіне байланысты не бірінші – материя немесе сана деген пікір таласының жөні жоқ. Олар әр уақытта бірге өмір сүреді және біртұтас болмыстың әртүрлі көрінісі. Бұл дуалистік ілім. Дуализм – дүниенің негізі бір-біріне бағынбайтын тепе-тең екі нәрседен – Рух пен материядан басталады деп, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым.
Декарт ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық ойлаумен заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп тануға болады дейді. «Туа біткен идея» түсінігінде Құдай, сан мен фигура, дене құрылым, ұзындық және ырық идеясы жатады. Бұл теорияның мәні: көптеген білімге дедукция арқылы жетеміз және білімнің ерекше түрі бар, ол қандай да болсын дәлелдеуді керек етпейді. Берілген білім бастан-ақ ақиқат, ең айқын және анық болады. Бұл – Құдай, адамның ақыл-ойында, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Декарт философиясы өз идеяларымен кейінгі философияға өте зор ықпал жасап, техниканың дамуына жол ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет