106
Пара–аминобензой қышқылының реакцияларға тікелей қа-
тынасатыны əлi анықталған жоқ. Бірақ фоли қышқылының
құрамына кіретіндіктен, ол көптеген биохимиялық процестер
үшін ауыстырылмайтын фактор. Пурин мен пиримидин синтезін
активтендіреді, демек бұл витаминнің ДНҚ мен РНҚ синтезіне
қатысы бар.
Қара егеуқұйрықтар тамағы құрамында пара-аминобензой
қышқылы болмаса, олардың жүні ағарады, сол сияқты басқа жа-
нуарларда, да жүнінің бояуы жоғалады, адамның шашы да сон-
дай өзгеріске ұшырайды.
Пара-аминобензой қышқылы табиғатта кең таралған, ол,
əсіресе, ашытқыда, бауырда, сүтте, жұмыртқада, күріш кебегінде
басқа астық тұқымдас дақылдарда көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: