107
Аскорбин қышқылының молекуласында көміртегінің асси-
метриялық eкi атомы бар жəне ол екеуі оптикалық тұрғыдан
активті L жəне Д-стереоизомерлер құрайды. Табиғи өнімдердің
құрамында L-аскорбин қышқылы болады.
Аскорбин қышқылының формуласын Рейхштейн 1933 ж. тау-
ып, синтездік жолмен алды.
С витамині - түссіз, кристалды зат, суда
жақсы ериді, спиртте
нашар ериді.
С витаминінің тотықсыздандырғыш қасиеті бар, əсіресе, сіл-
тілі ортада.
Аскорбин қышқылының негізгі қасиеті мынадай: ол сутегі
атомдарын бөліп шығарып жəне қосып алып оңай тотығады
жəне тотықсызданады. Коллаген синтезi
кезінде пролин мен ли-
зин қалдықтарының гидроксилдену реакциясына С витамині
қатысады, ол гексокиназа, фосфоглюкомутаза, амилаза, ар гиназа
сияқты ферменттер əсepінің
активтілігін арттырады, фенилала-
нин, тирозин, липидтердің тотығу процесіне қатысады.
С-авитаминозының өзіне тəн белгісі – құрқұлақ (цинга немесе
скорбут) ауруы. Мұндай аурумен тек адамдар, маймылдар жəне
теңіз шошқалары ауырады. Мұның себебі,
бұл аталғандардың
ағзасында глюкозаның аскорбин қышқылына айналуындағы
соңғы реакциялардың бірін катализдейтін фермент болмайды.
108
С витамині ұзақ уақыт бойы жетіспеген жағдайда капилляр-
дың өткізгіштігі артады, терінің астына нүктеленіп қан құйыла-
ды, ондай қан құйылу бұлшық еттерде жəне
ішкі қуыстарында
байқалады. Құрқұлақтың белгісі – тістің қызыл иегі қанай ба-
стайды, одан əрі тic босап түciп қалады. Көбіне сүйектер морт
сынғыш күйге түседі. Сонымен бірге, көптеген ұлпалар: бай-
ланыстырушы ұлпа, шеміршектер, созылмалы ұлпа, сүйек, тіс
дентині зақымданады.
Жыныс бездерінің бауырдың, бүйректің
қызметі бұзылады.
Қыстың соңына таман жəне ерте көктемде адамда гиповита-
миноз құбылысы байқалады. Мұндай жағдайда адам ағзасының
əртүрлі жұқпалы ауруларға төзімділігі төмендейді, тез шаршағыш
келеді,
басы ауырады, асқа тəбеті болмайды.
C витамині едəуір мөлшерде жас жемістерде, көкөністерде
кездеседі. Итмұрын, шырғанақ, қарақат, шетен, бұрыш, құлмақ,
лимон, апельсин, алма жемістері осы витаминге бай.
Жануар тек-
тес өнімдерден С витамині бауырда, сүтте, қымызда болады.
Достарыңызбен бөлісу: