105
Фолаттық коферменттер жəне олардың туындылары қаты-
сатын жиырмаға жуық реакция белгілi, мысалы: олар жыныс
бездерінің қызметін жақсартады.
Фолаттық коферменттер жасуша ядросындағы нуклеопроте-
идтер синтезіне жəне қанның пайда болуын реттеуге қатысады.
Осыларға байланысты В
с
- авитаминозы кезінде қанның қызыл
жəне ақ жасушалар саны азаяды жəне микроцитарлы (қатерлі
емес) анемияға ұшырайды, мұндай авитаминоз кезінде жа нуар-
лардың жұқпалы ауруларға төзімділігі нашарлайды.
Фоли қышқылы жануар тектес өнімдерде, əсіресе, өсімдік
тектес өнімдерде көп кездеседі. Əртүрлі өсімдіктердің жасыл
жапырақтары, жас көкөністер, ашытқы ондай қышқылдарға бай
болады. Ересек адамға бір тəулікте қажетті мөлшері 1-2 мг. Емдік
мақсатпен күніне 3-20 мг мөлшерінде витамин беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: