118
Сонымен қатар, нуклеин қышқылдарының құрамында ми-
норлық пуриндік негіздер – аденин мен гуаниннің метилденген
туындылары да кездеседі.
Пиримидин мен пуриннің окситуындыларының маңызды
ерек шелігі олардың таутомерлік (лактам-лактимдік) түрге
айналу
мүмкіндігі болып саналады:
119
Сондықтан да лактамдық түрдегі 1-ші N атомы бойынша пири-
мидин негіздері нуклеин қышқылдарының құрамында табылған
көмірсулармен өзара байланысқа түседі.
Нуклеин қышқылдарының құрамына бір-біріне ұксас екі
мо носахарид: рибоза жəне дезоксирибоза кіреді.
Бұл моносаха-
ридтер бос күйінде сақиналы-тізбекті таутомерия түрінен туын-
дайтын таутомерлік түрде болады. Нуклеин қышқылдарының
құрамында бұл екі моносахарид
b
-D-рибофураноза түрінде
кездеседі.
β
-D-рибозамен салыстырғанда екінші моносахарид (
β
-D-
2-дезоксирибоза) 2-көміртегі атомы бойынша тотықсызданған
қосынды болып табылады. Тотықсыздану
процесінде гидрок-
сил тобы бөлініп алынатын болғандықтан, пайда болған туынды
дезоксирибоза деп аталады, ал екі
деген сан гидроксил тобы Н
атомына алмастырылған рибозаның көміртек атомының нөмірін
көрсетеді.
120
Рибоза мен дезоксирибоза нуклеин қышқылдарының құрамына
кіретін көмірсулар. Кейбір фагтардан,
рак жасушаларының кейбір
түрлерінен бөлінген ДНҚ-да глюкоза табылған.
Нуклеин қышқылдарын гидролиздеп, өнімдерін зерттеу ба-
рысында маңызды тұжырым жасалды. Əртүрлі биологиялық
объектілерден бөлінген нуклеин
қышқылдарының құрамы
бірдей еместігі анықталды. Бұл алғаш рет бұзаудың бұғақ
безінен (тимонуклеин қышқылы) жəне ашытқыдан (ашытқы ну-
клеин қышқылы) бөлінген нуклеин қьшқылдарының құрамын
салыстырғанда анықталды. Нуклеин қышқылдарының құрамына
кіретін көмірсулардың сипатына қарай олардың біреуі – де-
зоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), екіншісі –
рибонуклеин
қышқылы (РНҚ) деп аталды. ДНҚ мен РНҚ арасында химиялық
құрамы жағынан басқа да ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар
(23-кесте).
Азот негіздері рибоза немесе дезоксирибозамен қосылып, ну-
клеозид түзеді (24-кесте).
Аденин + Рибоза
Аденозин
Тимин +
Дезоксирибоза
Дезокситимидин
Урацил + Рибоза
Уридин
Цитозин +
Дезоксирибоза
Дезоксицитидин
Достарыңызбен бөлісу: