148
тұрады. Анаболизм (ассимиляция) дегеніміз - қарапайым зат-
тардан сол ағзаға қажетті күрделі заттардың құрылуы немесе
жаңа жасушалардың пайда болуы. Бұл құбылыста əрқашан қуат
жұмсалады.
Катаболизм (диссимиляция) – тірі ағзадағы күрделі заттардың
ыдырауы. Мысалы, көмірсулардың ыдырауы арқылы зат алма-
суының соңғы өнімдері: көмірқышқыл газы, су жəне қуат бө-
лінеді. Катаболизм құбылыстарының негізінде экзоэргиялық
реакциялар жатады (бос энергияны кеміте отырып жүретін реак-
циялар). Алайда бұл екі құбылыс өте тығыз байланысты. Себебі
анаболизм құбылысына қажет қуат катаболизм құбылысында
бөлінсе, соңғы құбылыс үшін ыдырайтын күрделі заттар анабо-
лизм кезінде түзіледі. Сондықтан бұл екі құбылыс тірі ағзада бір-
бірінсіз жеке жүре алмайды.
Бұл екі құбылыстың арақатынасы ағзаның өмір сүру жо-
лында өзгеріп отырады. Егер жас баланың ағзасында анаболизм
құбылысы басым болып, қосылыстар, əсіресе, құрылыс белок-
тары, ферменттер пайда болса, қартайған шақта ол заттардың
мөлшері азаяды. Қалыпты жағдайда ересек адамдардың ағза-
сында бұл екі құбылыс тепе-тең жағдайда болады. Алайда олар-
дың арақатынасының өзгеруіне дене еңбегі, сыртқы ортаның
Достарыңызбен бөлісу: